Қазақ тілін оқыту әдістемесінен емтихан сұрақтары


«Блум түймедағы» әдісі бойынша «Шешендік өнер» тақырыбында сұрақтар құрастырыңыз



бет35/38
Дата15.12.2023
өлшемі1,91 Mb.
#138231
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
78. «Блум түймедағы» әдісі бойынша «Шешендік өнер» тақырыбында сұрақтар құрастырыңыз.
1. Қарапайым сұрақтар. Оларға жауап бере отырып, болған жайттар туралы
әңгімелеп беруге болады. Дәстүрлі бақылау жұмыстарында, терминологиялық диктанттарда, т.б. қолданылады.

2. Анықтаушы сұрақ. Әдетте, «Сонда сіз солай демекшісіз ғой ..?», «Менің
түсінуімше, сіз …», «Менің қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше, сіз былай айтқан сияқты болдыңыз…» деген сұрақтар болады. Бұл сұрақтар анықтау мақсатында жайдары көңілмен берілуі керек.

3. Интерпретациялық (түсіндіруші) сұрақ. «Неліктен жапырақтар күз мезгілінде сарғаяды?» — деген сұрақтың жауабын оқушылар білетін болса, ол сұрақ жай сұраққа «айналады».

4. Шығармашылық сұрақтар: «егер», «болса», «қалай болар еді» деген сияқты
сөздермен келеді.

5. Бағалау сұрақтары. «Неліктен бұл жақсы, басқасы жаман деген баға
алды?», «Бір нәрсе екінші нәрседен несімен ерекшеленеді?» — деген сұрақтар бағалау критерийлерін түсіндіруге бағытталған.

6. Тәжірибелік сұрақтар. «Күнделікті өмірде қай жерде байқайсыз?», «Кейіпкердің орында болсаңыз, не істер едіңіз?» — деген сипаттағы сұрақтар теория мен практиканы ұштастырады.
«Шешендік өнер» тақырыбында сұрақтар:
1. Қарапайым сұрақ: Шешендік өнер жайлы не білесіз?
2. Анықтаушы сұрақ: Сонда сіздің ойыңызша шешендік өнер деген не?
3. Интерпретациялық сұрақ:
4. Шығармашлық сұрақ: Егер сіз шешен адам болсаңыз, қазіргі қоғамдағы қандай мәселені көтерер едіңіз?
5. Бағалау сұрақтары: Шешендік өнер басқа өнер салаларынан несімен ерекшеленеді? Өзіңіздің бағаңызды айтыңыз.
6. Тәжірибелік сұрақ: Қазіргі айналаңыздан, достарыңыздың, таныстарыңыздың арасынан шешен адамдар кездесе ме? Оны қандай қасиеттерінен танисыз?
79. 5-сынып І тоқсан «Қазақтың ұлттық киімдері» тақырыбына қысқа мерзімді жоспар әзірлеңіз. 
Оқу мақсаттары: 5.1.2.1; 5.3.2.1



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет