Қазақ тілін оқыту әдістемесінен емтихан сұрақтары


Фонетиканы оқыту ұстанымдары мен әдістер жүйесін саралаңыз. Әдіскер-ғалымдардың пікірін талдап жазыңыз



бет9/38
Дата15.12.2023
өлшемі1,91 Mb.
#138231
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
16.Фонетиканы оқыту ұстанымдары мен әдістер жүйесін саралаңыз. Әдіскер-ғалымдардың пікірін талдап жазыңыз.
Қазақ тіл білімінің қалыптасып дамуы, бүгінгі кемел шағына жетіп, биіктерге көтерілуіне көптеген тұлғалар тер төгіп еңбек сіңірді. Олар: Ахмет Байтұсынов, Халел Досмұхамедұлы, Құдайберген Жұбанов, Ісмет Кеңесбаев, Мәулен Балақаев, Кәкен Аханов т.б. Осы тұлғалардың орны айрықша. Қазақ тіл білімінде фонетика саласын жан-жақты зерттеп, ғылыми жүйеге ендіруде де еңбек сіңірген көптеген ғалымдарды атап өтуге болады. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің қалыптасу тарихы сонау түркі тілін зерттеуші ғалымдардың еңбектерінен де байқауға болады. Н.И.Ильминскийдің, П.М.Мелиоранскийдің, В.В.Радловтың А.Н.Самойливичтің еңбектерінде қамтылған
Фонетика дыбыстың үш жағын қамтиды: а) физиологиялық (жасалу); ә) акустикалық (естілу); б) қызметі (сөз жасау).
113:50

Мектеп оқулығында дыбыстың бұл ерекшелігі тұтас бірлікте сипатталады. Мұғалім фонетикалық жаттығулар кезінде осы үш жағын ескеріп отыруға тиіс. Мысалы, физиологиялық тұрғыда дыбыс сөйлеу мүшелері жұмысының жемісі, яғни дауыс шымылдығының қалпы, тілдің, еріннің қалпы, жақтың ашылу қалпы т.б. Оқушылар сөйлеу мүшелерінен мағлұмат алып, дауысты я дауыссыз дыбыстың қалай жасалатындығын, олардың айырмашылығын біледі. Бірақ дыбыстардың жасалуы жайында мектепте толық мағлұмат берілмейді, тек қана ана тілін парктикалық меңгеруге қажеттілері үйретіледі. Акустикалық (дыбысталу) тұрғыда тіл дыбыстары естілетін фонетикалық құбылыс ретінде қаралады. Физикалық тұрғыда дыбыс бір-бірімен ажыратылатындай белгілермен анықталады. Фонетикада дауыссыз дыбыстарды үн мен салдырдың қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып бөлінуі оқытылады. Мектепте дыбыстың мағына ажыратарлық қызметі арнаулы сөз етілмейді, бірақ жаттығулар арқылы мағлұмат беріледі.
113:50

Дауысты және дауыссыз дыбыстарды жүйе тұрғысынан алғанда: ●қазақ тіліндегі барлық сөзде кездеседі; ●әр дыбыстың жасалу орны, әрқайсысының айтылуы, құлаққа естілу әуені бар; ●әрбір дыбыс белгілі бірсапалық ерекшелігімен екінші дыбыстан ажыратылады (а/ә, б/п); ●сөз ішінде дыбыстардың өзара тіркесу заңдылығы бар (к,г/қ,ғ спорт, алаша, с, ш, з, н, б, ң, ғ, келе алмады)
113:51

«Тасымал» тақырыбы буынмен тікелей қатысты, сауатты жазуға дағдыландыратын тақырып болып табылады. Сондықтан жазуда дұрыс тасымалдату үшін мына ережеге оқушыны дағдыландыру қажет: бір буынды сөз тасымалданбайды, тасымал буын жігінде болады, бірақ әр буында ең кемі екі дыбыс болады. Қа – ғаз, кі – сі. Буын құрамында бір әріп болса, яғни оқы, Омар, ерін, сия сияқты кейбір сөздер тасымалданбайды, тасымалдың белгісі – дефис (кіші сызық). Ол жолдың оң жағына бір-ақ рет қойылады, сол жағына қойылмайды. Осы аталғандардың бәрі тақта көрнекілігі, жаттығулар, ережелерді қайталаулар арқылы іске асырылуы керек. Тіл дыбыстарын оқушыларға іс-жүзінде меңгерту үшін, алдымен, мұғалімнің өзі әрбір дыбыстың ерекшеліктерін жақсы біліп, оны оқушыларға үйретудің алуан түрлі әдістемелік әдіс-тәсілерін қолданады. Оқыту үстінде дыбыс сөйлеу мүшелерінен пайда болып айтылатын және құлаққа естілетін құбылыс. Әріп – дыбыстың жазуңдағы таңбасы жазылады және көзге көрінеді. Бұл ережені оқушылар оңай ұғады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет