Буын. Буынның жасалуы, түрлері. Буын және тасымал



Дата14.10.2023
өлшемі459,55 Kb.
#114974
түріҚұрамы

Буын. Буынның жасалуы, түрлері.Буын және тасымал.

Буын:

  • Өкпеден шыққан ауаның (фонациялық ауаның) қарқынымен кілт үзіліп шыққан бір немесе бірнеше дыбыс тобын буын дейміз.

Буынның өзіндік ерекшелігі:

  • - дауысты дыбыссыз Буын болмайды;
  • - дауысты дыбыстың өзі де Буын бола алады (а-та, ә-же, а-па, т.б.).
  • - Бір Буында бірден артық дауысты болмайды, ал сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша Буын болады (жұ-ды-рық, қа-лам, мек-теп);
  • - Буында мағына болмайды;
  • - Тілімізде байырғы сөздер, сондай-ақ, Буындар да екі дауыссыздан басталмайды (сқақ, рза, сланов деп жазбаймыз, дұрысы: сықақ, риза, сыланов түрінде келеді);
  • - қазақ тілінде басқы (сөздің басындағы) Буын ғана дауыстыдан басталуы мүмкін, қалған жағдайда (екінші, үшінші, т.б.) Буындар дауыстыдан басталмайды. Тасымалдың дауыстыдан басталмайтыны содан (кә-сіп, қыз-ғал-дақ, мә-сі);
  • - сөздердің айтылуындағы Буын саны мен жазылудағы Буын саны әрқашан бір-біріне сай келуі шарт емес (айтылуда: Сар-ар-қа, кел-ал-май-ды, ал жазылуда: Са-ры-ар-қа, ке-ле ал-май-ды);
  • -Тіліміздегі сөздер бір Буынды, не көп Буынды болып келеді.

Буынның түрлері:

  • I. Ашық буын-жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып дауыстыға бітетін буын. Мұның дыбыстық құрамы:
  • 1. А: а – на, ә - же;
  • 2. ВА: ба – ла – сы;
  • 3. ВВА: ста – кан, гра – фа;
  • 4. ВВВА: стра – тег;
  • Бір ғана дауысты дыбыстан құралған буын жалаң ашық буын деп аталады.

Буынның түрлері:

  • II. Тұйық буын – дауыстыдан басталып, соңы дауыссызға аяқталатын буын.
  • Дыбыстық құрамы:
  • 1. АВ: ат, ән,
  • 2. АВВ: ант, өрт.

Буынның түрлері:

  • ІІІ. Бітеу буын — ортасындағы дауыстыны екі жағынан дауыссыз дыбыстар қоршаған буын.
  • Мысалы: бал, таң, көз, тарс, төрт, қант, бұлт, штамп, класс, грамм, мектеп, балдай, жылдам, балдырған, бірлестік.
  • 1. ВАВ: бас-тар, бұл-бұл;
  • 2. ВАВВ: қант, қарт;
  • 3. ВАВВВ: пункт, центр;
  • 4. ВВАВ: шкаф, стаж;
  • 5. ВВАВВ: спорт, трест;
  • 6. ВВАВВВ: спектр;
  • 7. ВВВАВ: штраф, шприц.

Тасымал-сөздің жолға сыймаған бір немесе бірнеше буынның келесі жолға бөлініп жазылуы.

  • Тасымалдау кезінде еске ұстайтын ережелер: 
  • 1.Сөзді тасымалдау буын жігінен басталады: тө-менірек,төме-нірек,төмені-рек.
  • 2.й және у дыбыстары бар сөздерді буынға бөлгенде бұл дыбыстар келесі буынның басында келеді және солай тасымалданады: да-уыс, да-йындық, құ-йын, са-уат.
  • 3.Сөзді тасымалдағанда бір әріпті жол соңында қалдыру немесе келесі жолға тасымалдау дұрыс емес.
  • 4.Екі әріптен құралған я,ю әріптеріне аяқталған сөздер тасымалданбайды:сия,қию,аю. 5.Аты және әкесінің аты қысқартылып, басқы дыбысы ғана жазылғанда, фамилиясынан бөліп, тасымал жасауға болмайды: Ә.-Жұмабаев, Ә.Қ.-Жұмабаев деу дұрыс емес. 6.Қысқартылған өлшем атаулары тіркескен сөзінен бөлінбейді:100 г, 25 см.
  • 7.Бас әріп немесе бас әріп пен алғашқы сөз буыны қысқарған сөздер тасымалданбайды:АҚ-Ш,Т-МД,Қаз-МҰУ деу дұрыс емес.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет