Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет110/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
259 
көрінеді. Адам үшін ерекше маңызды болатын концептілер 
грамматикада бейнеленген. Сол себепті грамматикалық категория 
лексикалық бірліктер арқылы көрініс тапқан концептуалды 
материалды айқындауға мүмкіндік береді. Адамның тілдегі көрінісі 
негізінен лексика мен фразеологияда айқын көрініс тапқан, сондай-
ақ грамматикалық категориялардан да оның өзіндік ерекшеліктерін 
байқауға болады. Ол үшін грамматикалық категорияларды жеке-
дара, оқшау қарастырмай, коммуникация мен когниция талаптарын 
ескере отырып, тілді когнитивті жүйе ретінде тұтас қарастыру қажет. 
Екіншіден, тіл мен адамды өзара байланыста қарастыру нәтижесінде 
адам грамматикалық категорияларды танушы және атаушы субъект 
ретінде көрінеді, концептуалдаушы, коммуникативті діттеміне 
байланысты коммуникация әрекетіне енгізуші, тілді тұтынушы тұлға 
ретіндегі қызметі айқындалады. Бұл орайда тіл – қарым-қатынас 
құралы, әлемді тану құралы, білімнің шоғырлану құралы, білімді 
жеткізуші құрал ретінде көрінеді.
Ғаламның сөзбен бейнеленуі адамзатқа ортақ және ұлттық сипатта 
болады. Барлық тілде де жіктеу есімдіктері бар, барлық тілде де 
етістік, сан есім, т.с.с. бар. Ол бүкіл адамзатқа тән. Ақиқат дүниені 
тану үдерісінде дүниетанымдық білім арқылы жалпыадамзатық 
сана қалыптасады. Жалпыадамзаттық сана әлемдегі барлық 
халыққа ортақ болады. Алайда әр тілдегі есімдіктің, етістік, сан 
есім, сын есім, т.с.с категориялардың өзіндік ерекшелігі бар.
Тіл адам дүниетанымын білдіреді. Ғалам бейнесі – адамның түрлі 
сезім мүшелері (көру, есту, тері, дәм) қабылдайтын санасы арқылы 
түйсініп, ақпаратты өңдеу нәтижесінде түзіледі. Тарихи даму 
барысында танымның екі түрі – сезімдік және логикалық таным – 
қалыптасқан. Сезімдік таным адамның сезім мүшелері арқылы 
қабылдау, түйсіну қызметімен байланысты болса, логикалық 
таным ойлау нәтижесінде қандай да бір құбылыстардың мәнін, 
өзіндік ерекшеліктерін, заңдылықтарын айқындауға бағытталған.
Абай Құнанбайұлы қарасөздерінде (43-қарасөз) когнитивті 
лингвистиканың бірқатар мәселелерін сөз етеді: «Адам ұғылы екі 
нәрседен: бірі – тән, бірі – жан. Ол екеуінің орталарында болған 
нәрселердің қайсысы жибили, қайсысы кәсиби – оны білмек керек. 
Ішсем, жесем демектің басы – жибили, ұйықтамақ та соған 
ұқсайды. Аз ба, көп пе, білсем екен, көрсем екен деген арзу, 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
260 
бұлардың да басы – жибили. Ақыл, ғылым – бұлар – кәсиби. 
Көзбенен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып
мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады. Ол хабарлардың 
ұнамдысы ұнамды қалпыменен, ұнамсызы ұнамсыз қалпыменен, 
әрнешік өз суретіменен көңілге түседі. Ол көңілге түсіруші 
бағанағы бес нәрседен өткен соң оларды жайғастырып көңілде 
суреттемек. Ол – жанның жибили қуаты дүр» [2, 168-б.]. Шағын 
үзіндіден ақынның сезімдік таным мен логикалық танымды жан-
жақты сипаттағанын байқаймыз.
А.Байтұрсынұлы дене көріністерін (сезімдік таным) деректі зат 
есім, жан көріністерін (логикалық таным) деректі және дерексіз зат 
есімдер арқылы түсіндіреді. «Тіл – құрал» атты еңбегінде ғалым 
таным түрлерін былайша сипаттаған: «Зат тегінде екі түрлі: 
біреулері – көзге көрінетін, құлаққа естілетін, мұрынға иіскелетін, 
тілге татылатын, денеге сезілетін деректі заттар, екіншілері – көзге 
көрінбейтін, құлаққа естілмейтін, мұрынға иіс келмейтін, тілге 
татылмайтын, денеге сезілмейтін, адам ақылмен ғана білетін 
дерексіз заттар. Сол деректі һәм дерексіз заттардың атын 
көрсететін сөздерді зат есім дейміз» [1, 199-200-б.]. Яғни 
А.Байтұрсынұлы еңбектерінде адамның сезім мүшелері түгел 
қамтылған. Ал қазіргі кезде деректі және дерексіз зат есімдерді 
танып, топтастыруда сезім мүшелері толық емес.
Мағжан Жұмабаев оларды «жан көріністері» және «дене 
көріністері» деп атап, әрқайсысының айырмашылығын, өзіндік 
ерекшелігін былайша көрсетеді:
«Жан көріністері мен дене көріністерінің арасында көп айырма 
бар: 
1) сыртқы дүние заттарының бәрі, мысалы, қазан, дөңбек, құдық 
белгілі бір орын алып тұрады. Қандай зат болса да, оның орын 
алатыны бізге белгілі. Егерде бір заттың алып тұрған орнын 
өлшеген болсақ, пәлендей орын алып тұр дейміз. Өлшемеген 
болсақ, пәлен зат зор, не болмаса кіші, яки пәлен зат пәлен заттың 
не оң жағында, не сол жағында тұр дейміз. Сыртқы дүниедегі 
заттың өзі түгіл ол заттың ісі де белгілі бір орын алады, яғни 
белгілі бір орында болады. Мысалы, жүру – адамның ісі. Осы іс 
белгілі орында болмай ма? Әрине. Ал еңді жан көріністері белгілі 
орын иелемейді. Мысалы, біз бір ойымызды пәлендей орын иелеп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет