Лекция тақырыбы: Қарым-қатынастың коммуникативті жағы Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Студенттерге қарым-қатынастың коммуникативті жағын меңгерту



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата19.04.2023
өлшемі236,09 Kb.
#84757
түріЛекция
  1   2
Байланысты:
№12 лекция



№12 Лекция тақырыбы: Қарым-қатынастың коммуникативті жағы 
Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Студенттерге қарым-қатынастың коммуникативті 
жағын меңгерту. 
Лекция мазмұны: Қарым-қатынас ақпарат алмасу ретінде. Коммуникацияның 
құрылымы, негізгі функциялары және түрлері. Коммуникациядағы цифрлық 
технологиялар. Коммуникацияның вербалды және вербалды емес құралдары. 
Коммуникативтік рӛлдердің мәні және қажеттілігі. Коммуникативтік кедергілер (кәсіби, 
мағыналық, ұйымдастырушылық, тұлғалық-психологиялық және т.б.). Коммуникацияның 
жас ерекшеліктері, әлеуметтік-мәдени және гендерлік ерекшеліктері. 
Коммуникативтік жағы - қарым – қатынас арқылы адамдар бір – біріне ойын, мақсатын, 
алған бет алысын айыруға тырысады. Бұл процестің құралына сӛз, сӛйлеудегі ырғақ 
мимика (бет, ауыздың әртүрлі қимылы), пантомимика (бүкіл денедегі әртүрлі қимыл), ым 
– жымдар жатады. Коммуникативтік процестің мақсаты соған қатысатын адамдардың бір 
– біріне әсер етуі. Қарым қатынаста адамдар ӛзара идеялар, қызығулар, кӛңіл –күйімен, 
сезімдерімен т.б. бӛліседі. Мұның бәрін әртүрлі мәлімет ретінде қарастыруға болады. 
Адамдар арсындағы коммуникативті процестер техникалық қоедырғылар арасындағы 
алмасудан ӛзгеше болды, оның мазмұны және формасы бойынша ӛзіне тән ерекше, 
маңызды қасиеттері бар. Олардың ерекшелігі – кері байланыс процесі. Коммуникативті 
барьер, коммуникативтік әсер және мәлімет берудің әр түрлі деңгейі сияқты процестермен 
байланысты. 
Кері байланыс дегеніміз – Кері байланыстың берілу жолдары әртүрлі болады.Ең алдымен 
тура және жанама. Тура кері байланыста реципиент пікірі ашық түрде беріледі. Мысалы: 
«сенің пікірің маған ұнамайды» , «не айтып тұрғаның маған түсініксіз», т.б. және де 
әртүрлі қимыл – қозғалыс (жест) , ренжу, қуану, т.с.с. бұл түрде тиімді болады. Жанама 
кері байланыс – психологиялық мәлметті берудің асыратын түрі. Бұл жағдайда әртүрлі 
сұақтар , кекету, күтпеген эмоциялық реакциялар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда 
камуникатор партнердің не айтқысы келетінін ӛзі түсінуі қажет. Әрине бұлай түсінуі 
әрқашан дұрыс болмауы мүмкін, сондықтан түсіну қиынырақ болады. 
Коммуникация туралы сӛз болғанда ең алдымен адамдардың ӛзара әрекеті барысында 
болатын кӛзқарас, пікір, қызығу, кӛңіл-күй, сезім, бағдар алмасу деп түсінеміз. Бұлардың 
бәрін ақпарат (информация ) деп қарастырсақ, онда коммуникация процесін информация 
алмасу процесі деп қарастыруға болады. 
Коммуникацияның негізгі ерекшеліктері: 
1.Коммуникация екі құрылымның арасындағы «информацияның қозғалысы» емес, ол екі 
индивидтің ӛзара қарым-қатынасы, олардың әрқайсысы белсенді субъект, яғни 
коммуникативтік әрекетке қатысушылардың әрқайсысы ӛзінің партнерінің белсенділігін 
болжап отырады. Келесі қатысушы да субъект ретінде қатысады. Осыдан келіп оған 
информация берерде оның мотивтеріне, мақсатына, бағыт-бағдарына сүйенеді. Бірақ 
берілген информацияға жауап келесі партнердан шыққан жаңа информация түрінде 
алынатынын болжау керек. Сондықтан коммуникативтік әрекет барысында қарапайым 
«информация қозғалысы» ғана емес белсенді алмасу процесі болады. 
Адамдардың ӛзара информация алмасуында әрбір қатысушы үшін информацияның мәні 
маңызды роль атқарады. Мұнда адамдар информация мәнін алмасып қана қоймайды, олар 
оның мазмұнын ашуға тырысады. Бұл информация қабылдағанда ғана емес, ол түсінікті, 
әрі мазмұны ашылғанда ғана болуы мүмкін. Сондықтан коммуникацияда әрекет, қарым-
қатынас және таным бірлікте беріледі. 
2.Информация алмасу барысында партнердің мінез-құлқына әсер етуі тиіс, яғни 
коммуникация қатысушылардың кӛңіл-күйін ӛзгерту. Коммуникативтік әсер ету 
коммуниканттың біреуінің екіншісіне мінез-құлқын ӛзгерту мақсатында психологиялық 
ықпал жасауы. Коммуникацияның тиімділігі осы ықпалдың қаншалық әсер еткенімен 
ӛлшенеді. 


3.Коммуникативтік ықпал егер информацияны бағыттаушы (коммуникатор) адам мен 
информацияны қабылдаушы (реципиент) бірдей белгілер жүйесін қолданғанда яғни 
белгілердің негізгі мағыналары коммуникация процесіне қатысушыға бірдей белгілі 
болғанда ғана мүмкін болады. Жәй сӛзбен айтканда:”барлық адамдар бір тілде сӛйлеу 
керек”. Тек белгілердің бірдей жүйесін қабылдау ғана партнерлардың бір-бірін түсіну 
мүмкін болады. Бірақ сӛздердің мағынасы бірдей болғанымен адамдар оларды бірдей 
түсінбейді, оған әлеуметтік, саяси, жас ерекшеліктері себеп 
болады. 
4. Адамдардың коммуникациясында ғана коммуникативтік барьерлер болады. Олар 
әлеуметтік және психологиялық сипатта болады. Барьерлер бір жағынан ортақ белгілер 
жүйесі жоқ болғаннан болса, сонымен қатар партнерлар арасындағы әлеуметтік, саяси, 
діни, кәсіптік айырмашылықтарға да байланысты, олар коммуникация кезінде 
қолданылған ұғымдарды түрліше талдайды. Екінші жағынан коммуникация 
“таза”психологиялық сипатта болады. Олар қарым-қатынасқа түсушілердің жеке 
психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты.(мыс ұялшақтық). Жекелеген адамдарға 
немесе жекелеген ақпарат қабылдаушыларға сигналдар бағытталса онда ол аксиальді 
коммуникативтік процесс болып табылады. Егер сигналдар кӛпшілікке бағытталса, онда 
ол ретиалды коммуникация болып табылады. 
2. Кез-келген ақпаратты алмасу белгілер жүйесі арқылы жүзеге асады. Коммуникативтік 
процесте бірнеше белгілер жүйесі бар, осыған сәйкес коммуникативтік процестің 
классификациясын құрастыруға болады. Коммуникацияны вербальды және вербальды 
емес деп екі топқа бӛлуге болады. 
Вербальды коммуникацияда белгілер жүйесі ретінде сӛз қолданылады. Вербальды емес 
коммуникацияда белгілер жүйесі ретінде сӛздік емес белгілер жүйесі қолданылады. 
Вербальды емес коммуникация 4 формаға бӛлінеді: кинесика, паралингвистика, 
проксемика, визуальды қарым-қатынас. Олардың әр қайсысы ӛзінің белгілер жүйесін 
қолданады. Сондықтан коммуникация процесін 5 түрге бӛлеміз 
3. Вербальды коммуникацияда белгілер жүйесі ретінде адамдардың сӛзі қолданылады. Сӛз 
ретінде табиғи дыбыстық тіл, яғни фонетикалық белгілер жүйесі пайдаланылады. Сӛз – 
коммуникативтік қарым-қатынастың маңызды құралы болып табылады, себебі ақпарат 
беруде сӛз арқылы хабардың мәні ӛзгеріске аз ұшырайды. “Айту” және “тыңдау” 
терминдерін И.А.Зимняя вербальдық коммуникацмяның психологиялық компоненті 
ретінде енгізген болатын. әлеуметтік психологияда сӛздік ықпалдың тиімділігін 
арттырудың тәсілдері мен шарттарын анықтауға кӛптеген эксперименталдық зерттеулер 
болды. Осыған бағытталған жұмыстардың жиынтығы “дәлелдеуші коммуникация ” 
атауын алды. Осы коммуникацияның моделін американ зерттеушісі Г.Лассуэлл ұсынды. 
Оның коммуникативтік процесінің моделі 5 элементтен тұрады: 
1.Кім? (хабар беруші )- Коммуникатор. 
2. Не ? (беріліп тұр) – Хабар(текст). 
3. Қалай? (қандай жолмен беріліп тұр) – Арна. 
4. Кімге? ( бағытталған хабар) – Аудитория. 
5. Қандай тиімділікпен?- Тиімділігі. 
Сӛздің тиімділігін арттырудың 3 типі бар: 
Ашық- коммуникатор айтылған ойдың жақтаушысы екенін ашық айтады. 
Алшақ- коммуникатор екі қарама-қарсы кӛзқарасты салыстырып, ӛзін екеуінен де алшақ 
ұстайды. 
Жабық- коммуникатор ӛзінің кӛзқарасын білдірмейді, кейде арнайы әдістерді қолданып 
жасыруға тырысады. 
4. Адамдар ӛзара бір-біріне психологиялық ақпаратты вербальды емыс белгілер жүйесі 
арқылы алады. Ақпараттың кӛпшілігі адам: 
а)55%дене қимылы және физиологиялық қалып арқылы(мимика, қол, дене қимылы ) 
б)40% дауыс(интонация, тембр, диапозон, дауыс темп арқылы) 
в)5% сӛздің мағынасы арқылы қабылдайды. 90%кӛру, 9%есту, 1%т.б. 


Вербальды емес коммуникацияның ішінен оптикалық-кинетикалық белгілер жүйесіне 
мимика, қол, дене қимылы жатады. Мимика дегеніміз- қарым-қатынас кезіндегі беттің 
құбылысы. Ым –ишара дегеніміз- психикалық күйді байқататын әлеуметтік қалыптасып 
қалған қимыл. 
Коммуникацияда оптикалық-кинетикалық белгілер жүйесінің мәні ӛте зор, кӛлемі кең, 
сондықтан қазіргі кезде бұл саланы зерттейтін зерттеу саласы бар, ол- кинестика. Мимика 
– сезім кӛрсеткішінің негізгісі. Жағымды эмоциялар жеңіл байқалады, мысалы, бақыт, 
махаббат және таңдану. Қамығу, ашу, жек кӛру сияқты жағымсыз эмоцияларды қабылдау 
қиын болады. 20 000 бет қимылы бар. Мимика мен мінез-құлық, жүріс-тұрыстың элементі 
ретінде күлімдеу түрлі ұлттық мәдениетке байланысты. Мысалы: оңтүстік адамдары 
солтүстік адамдарына қарағанда жиі күледі. 
Дене қимылы- психологиялық ақпарат берудің негізгі кӛзі. Кӛптеген дене қимылдарына 
қарай отырып біз адамдардың қалпын, ішкі жағдайын, олардың озара қатынасын байқауға 
болады. Дене қимылдары кейде вербальдық ақпараттың мәнімен сәйкес келмеуі мүмкін, 
бірақ дене қимылының шындық болатынын байқауға болады. Сондықтанда дене 
қимылының қарым-қатынаста маңызы ӛте зор. 
1. “Жабық поза”- мұнда адам денесімен алдыңғы бӛлігін жабуға және кеңістікте неғұрлым 
аз оран алуға тырысады (психологиялық дискомфорт), тығылып, иығына басын тығып, 
аузын жабады. 
2. “Ашық поза”- қол ашық, екі жаққа жайылған, аяқ сәл ашық, сенім, 
келісім,жылышырайлықты білдіреді. 
3. “Қорғану”- кеудеге қолды айқастыру. Мұны ата-анасының айтқанын жоққа шығарушы 
балалар, ӛзінің құқын қорғаушы қарттарда жиі қолданылады. 
4. “Бағалау”, “Сынау”- иек алақанға сүйенген, сұқ саусақ бетке созыла орналасқан, 
қалғандары ауыздың астына қарай орналасқан. Егер бұл сәл еңкеюмен бірге болса, онда 
сын негативті. Егер бас сәл бір жаққа қарай қисайса, ол қызығушылықпен байланысты. 
5. “Дайындық”- қолды мықынға қою дайындықтың бірінші белгісі. Мұндай позаны жарыс 
кезінде спортшылардан ӛз кезегін күту кезінде жиі кӛруге болады. 
Орындықтың шетіне отыру- әрекетке дайындалып отырғанды білдіреді. 
Адамдармен қарым-қатынасқа түскенде: 
- онаң сыртынан, арқасынан сӛйлесуге болмайды, себебі кейбіреулердің арқасынан 
қорғануы жоқ болады, оларды бірінші партаға отырғызуға болмайды. 
- олардың тӛбесінен қарауға болмайды, себебі олар ӛздерін кіші , тӛмен сезінеді. 
- отырып-тұрып тұрған адаммен сӛйлесуге болмайды, себебі менсінбеуді білдіреді
позалардың тең еместігі. 
Қозғалыстан адамның ішкі жағдайын, оның жеке дара ерекшеліктерін(жынысын, жасын, 
темперамент типін) білуге болады: 
1. ең ауыр қозғалыс ашу кезінде болады. 
2. жеңіл қозғалыс қуаныш, мақтаныш кезінде болады. 
Нашар кӛңіл-күйде қол салбырап тұрады,жақсы кӛңіл күй кезінде ұшатындай жүріспен 
қозғалады. Соңғы кездерде психологиялық зерттеудерде қарым-қатынас жасаушылардың 
аралығындағы қашықтықтың, партнерлардың отырысының коомуникативтік мәніне кӛңіл 
аударылуда. 
Америкалық 
қарым-қатынас 
психологиясында 
бұл 
бағыттағы 
зерттеулергепроксемикка деп ат қойылды.
Тӛрт түрлі ара қатынас бар: 
1.кӛңілдестік 
2. жеке бастық 
3. әлеуметтік 
4. кӛпшіліктік. 


Алғашқы екі қатынас жақын, достық байланысты аңғартады, ресми байланыстағы адамдар 
әлеуметтік қатынасты ұстанады, кӛпшіліктік арақатынас- бӛтен адамдармен араласу. Жеке 
адамдар арасындағы қашықтық әр ұлтта және мәдениетте әртүрлі. Мысалы: mini 
американдықтарда, maxi жапондықтарда. Әр адаммен ӛзінің арақатынасы болады. 
0-0,5м- ӛте жақындық, кӛңілдестік қатынасқа сәйкес келеді. Сонымен қатар спорттың 
кейбір түрлерінде денелерді түйісу болады. Мыс:күрес т.б. 
0,5-1,2м - жеке адамдар арақатынасы қашықтығы, достар арасында болады. 
1,2-3,7м - әлеуметік-қызметтік қарым-қатынас аймағы. 
3,7м-жоғары - кӛпшіліктік арақатынас. Бірнеше сӛзбен алмасу немесе қарым-қатынас 
жасаудан қашу. 
Паралингвистика және экстралингвистика белгілер жүйесі вербальды коммуникацияға 
қосымша ретінде қолданылады. Паралингвистикалық жүйе- бұл дауыстың қасиеті, оның 
диапазоны, дауыс тоны. Экстралингвистикалық жүйе- сӛз арасындағы кідірістер, жӛтелу, 
жылау, күлу, сӛз темпі, т.б. Дауыс тонынан ашу және қайғыны жеңіл байқауға болады, ал 
ашу және қызғанышты тану ӛте қиын. Дауыс тоны серіктес адамның сезімін түсінуде 
негізгі роль атқарады. 
Дауыс күші мен биіктігі де кейбір сезімдерді анықтауға мүмкіндік береді. Мыс:ашу, 
қорқыныш, қуаныш, сенімсіздік биік дауыспен берілсе, мұң, қайғы және шаршағандық 
жұмсақ және тӛмен дауыспен беріледі. 
Сӛздің жылдамдығы да сӛйлеушінің сезімін білдіреді. Ӛзінің басындағы қиындықты 
айтқанда, қобалжып тұрғанда адам тез сӛйлейді. Баяу сӛйлеу қайғыда, кӛкіректік немесе 
шаршаған кезде болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет