Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
62
мен өміршеңдігіне толық сенген шынайы зерттеуші ғана осылай
кесіп айтса керек.
Бір жағынан, өз ортасындағы «менің дүнием
өтпесе, сенікі де өтпесін» дегеннен аса алмай, аяқтан шалатын
қызғаныштың кеселі; екінші жағынан, кеңестік идеологияның
қолшоқпарына айналған әсіресаясатшыл «зерттеушілердің» барын
тәрк етіп, «заман тамырын дөп басуға ғана ынтыққан»
жалпақшешейлігі, көзсіз келісімпаздығы мен қысастығы; үшінші
жағынан, жазу мәдениеті кенже дамыған тіл деп кемсіте қараған
туыстас халық ғалымдарының қазақ тілінің төл емлесін менсінбей,
өз жазу тәртібін тықпалаған әрекеттері ашындырған білімпаз
осылай айтуға мәжбүр. Бұл өзінікін өзгенің дүниесінен
артық
көріп, мадақтау немесе мақтану емес, Абай айтқан, үлкендік! Ұлты
үшін өзі жасаған ұлық ісінің мәні мен маңызын терең түйсіне
отырып, бағалаудан туған берік байлам! Ұлы ойшыл Абай өзінің
жиырма бірінші қарасөзінде: «Мақтан деген нәрсенің мен екі
түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін
мақтаншақтық деймін. Үлкендік – адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп
қылмақ. Яғни надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын,
мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз,
пайдасыз,
сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді – осындай
жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық
біліп, өзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез – ақылдылардың,
арлылардың, артықтардың мінезі» - дейді [2, 156].
Зерттеу
барысында
Ахмет
Байтұрсынұлының
айтылым
мәдениетіне қатысты негізгі қағидалары мен оның ізін жалғап,
бірегей тұжырымдар жасаған ғалымдардың зерттеу еңбектерін
саралай отырып, білім беру жүйесінде айтылымның амал-
тәсілдерін дұрыс меңгертудің бірқатар шарттары анықталды.
Бірінші шарт – сабақ барысында
білім алушылардың сөйлеуге
деген қажеттілігін тудырып отыру. Өйткені қажеттілік болмаса,
оны жүзеге асыратын жағдаяттар, тапсырмалар дұрыс
ұйымдастырылмаса, білім алушыға өз ойын жеткізудің түрлі амал-
тәсілдерін, жолдарын меңгерткенмен, білімнің өзектілігі
төмендейді. Сол себепті «оқытуды
өмірмен байланыстыру
жолымен» түрлі жағдаяттар ойластыра отырып, оқушылардың
сөйлеуге мүдделілігін арттырып отыруды талап етеді.