Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
60
тереңнен толғай түсіндіре отырып, оны жазу тілінде де
басшылыққа алудың тиімділігіне көңіл бөледі. Жазба мәдениет
ережелерін белгілеуде де тілдің ауызша табиғи болмысын
ескерудің жолын ұсынады. «Тіл өзінің табиғаты тартуынша
әрқайсысын өз орнына қойған. Тілдің өзінің қойған орнынан басқа
орынға қойсақ, онда ол қойғанымыз ол тілше болмайды. Ол
тілше
болмаған соң, оның түбі ол тілді бұзу, өзгерту болады» деп тілдің
жазбаша түрінің емлесін анықтау үдерісінде ауызша сөйлеу тілінің
заңдылықтарын сақтаудың мүмкіндіктерін айқындайды.
Ғалымның емле түзудегі ең басты қағидасы: тіпті туыстас тілдер
болса да, өзге бір тілдің жазу жүйесін екінші бір тілге таңуға
болмайды. Ал, егер туыстас тілдер үшін ортақ емле жасау
қажеттігі туындап жатса, онда «азбаған тілді» негізге алу керек!
«Азбаған асыл тілден емле шығарып, соған қарап басқа емлелерді
түзеу керектігін» айтады. А.Байтұрсынұлы «атаның берген мүлкін
(тілін) 20 ғасырға дейін аздырмай алып келген таза тіл» деп қазақ
тілін атайды. Бұл – өз тілін өзгелерден ұлық тұтып айтыла салған
асығыс я асылық пікір емес, тілдерді өзара салыстыру арқылы
жасалған тұғырлы тұжырым. Осы пікірін тілге қатысты кез келген
мәселеге: емлеге,
жалпы ауызша және жазбаша тіл
заңдылықтарына байланысты
еңбектерінде әр қырынан ашып,
дәлелдеп отырады.
Ғалымның айтылымдағы дыбыс пен жазбаша тілдегі әріп
таңбасының
қатынасы
туралы
түйіндеулері
әлемдік
лингвистикадағы емле жайына арналған ең ұтымды және дәлелді
бірегей тұжырым екенін замандастары да, кейінгі зерттеушілер де
толық мойындайды. Оның мәнісі тілдің өмір сүруінің осы екі
формасының
арасындағы
айырмашылықты
барынша
теңдестірудің, ұтымды етіп үйлестірудің жолын анық таба
алуында. Расында, ғұлама жазба тілдің заманы туып келе жатқан
жаңа дәуірдегі тіл тұтынушылардың сөздерді қалай жазылса,
ауызша
тілде
солай
қолдануға
ыңғайланып
кететінін
көрегендікпен болжаған. Сондықтан
жазба тілдің емлесі адам
қолымен әзірленетін, бекітілетін жасанды ережелер жүйесі
болғандықтан, жазу жүйесін тіл табиғатына етене жақын етіп
нормалауды ұстанады. Емлені қалып деп қарап, оған тілді зорлап
сыйдыруды емес, керісінше, сол қалыпты тілдің өз табиғи
болмысына лайық етіп құюды ұсынады.