Дара мүше – толық мағыналы бір сөзден болған мүше. (Далақараңғы. сөйлемінде бастауыш та, баяндауыш та бір сөзден тұр.)
Күрделі мүше – күрделі сөзден, тұрақты тіркестен және шылаулы тіркестен болған мүше. (Мұғалімкеле жатыр. сөйлемінде баяндауыш күрделі сөзден болып, күрделі баяндауыш болып тұр.)
Үйірлі мүше – бірнеше сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы. (Жаны сау адам – бақытты адам. сөйлемінде анықтауыш үйірлі мүшеден болып тұр, себебі бастауышқа (жаны), баяндауышқа (сау) ажыратылады, бір сұраққа (қандай) жауап беріп тұр.)
Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай 2 топқа бөлінеді: тұрлаулы мүше және тұрлаусыз мүше.
Тұрлаулы мүше– сөйлем құрауға негіз болатын мүше. Оның 2 түрі бар: бастауыш пен баяндауыш.
Тұрлаусыз мүше – өздігінен сөйлем құрай алмайтын, тек сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүше. Оның 3 түрі бар: анықтауыш, толықтауыш және пысықтауыш.
ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕР Бастауыш – сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы мүше.
Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер? кімі? несі?
Бастауыш төмендегідей сөз таптарынан жасалды:
Сөз табы
Мысалы
зат есім
Күн жылынды. Досым келді.
есімдік
Бұл-үлкен үй. Өзің кел. Ешкім жоқ.
сын есім
Ақылды ісіне сенеді. Сыпайы сырын сақтар.
сан есім
Үшеуі сыртқа шықты. Төрт екіге бөлінеді.
етістік
Іздеген жетер мұратына. Оқу инемен құдық қазғандай.