Түркі тілдері тіл туыстығына қарай 6 топқа бөлінеді:
1
Қыпшақ бұтағы
қазақ, құмық, қарақалпақ, қарашай, мақар, қарайым, ұрым, қырышақ
2
Оғыз бұтағы
әзірбайжан, түрікмен, гагауыз, балқан түріктері, түрік
3
Қарлұқ бұтағы
өзбек, ұйғыр
4
Аралық бұтақ
қырғыз, алтайық, хақас, тува, салар, сары ұйғыр, шор, тофа, шұлым
5
Чуваш
6
Саха
Көне түркі тілдері мыналар: хазар, бұлғар, ғұн, көк түрік, сақ, авар.
Түркі тілдері орналасу аймағына қарай 6 топқа бөлінеді:
1
Оңтүстік тобы
түрік, гагауыз, әзербайжан, түркімен
2
Батыс тобы
қарайым, қарашай, құмық, татар, башқұрт
3
Орталық топ
қазақ, қарақалпақ, ноғай, қырғыз
4
Шығыс тобы
өзбек, ұйғыр, сары, салар
5
Солтүстік тобы
алтай, шор, хақас, тува, тофа, саха
6
Чуваш тобы
Түркітану ғылымында түркі тілдерінің дамуын (Н.Баскаков) алты кезеңге бөліп қарастырады.
Түркі халықтарының жазба тілі V-VIII ғасырларда дүниеге келген. Тіл ғылымында бұл жазба ескеркіштері "Орхон-Енисей ескерткіштері" деп аталады. Олар: "Күлтегін", "Тоныкөк", "Білге қаған" т.б. Бұл жазуларды көпке дейін ғылыми түрде оқуға мүмкіндік болмады. Сондықтан оларды рун (құпия) жазулары деп атады.
X-XV ғ.ғ. түркі халықтарының жазбаша тілі ерекше дамыды. Осы кезеңде дүниеге келген шығармалар: Махмұт Қашқари "Диуани лұғат ит-түрк" (1073-1074, Жүсіп Баласағұни "Құдатғу білік" (1067-1070), Ахмет Яссауи "Диуани хикмет" (XII ғ.), "Кодекус Куманикус " (1003) т.б.
Қазақ жазуы төмендегідей жазу түрлерін қолданды:
Араб жазуы (1929 жылға дейін);
Латын жазуы (1929 – 1940 ж.ж. арасы);
Кириллица (орыс) жазуы (1940 жылдан бастап);
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы – қазақ халқының және шетелдерде (Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Ресей, Қытай, Монғолия т.б.) өмір сүріп жатқан қазақтардың ұлттық тілі.