«Етістіктің райлары» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – A 2 – C 3 – E 4 – C
5 – D 6 – B 7 – B 8 – A
9 – D 10 – D
«Етіс», «Тұйық етістік» тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ Қай етістің жұрнағы салт етістікті сабақтыға айналдырады?
А) өзгелік В) өздік С) ырықсыз
D) ортақ Е) ешбірі
Бірыңғай етіс жұрнақтарын табыңыз.
А) -ар, -ып, -ыр В) -т, -с, -л С) -а, -е, -й
D) -ғыз, -ған, -ғалы Е) -р, -с, -п
Қай етісте іс-қимыл өздігінен орындалғандай болады?
А) ортақ В) өздік С) өзгелік
D) ырықсыз Е) ешбірі
Өзгелік етістің жұрнағын табыңыз.
A) -ын, -ін, -н B) -ыл, -іл, -л C) -ыс, -іс, -с
D) -дыр, -гіз, -т E) -ған, -ар, -с
Емлеге сай жазылған тұйық етістікті табыңыз.
A) Тасыу B) Кепу C) Жуу
D) Жайу E) Суыу
Дұрыс жазылған етістікті табыңыз.
А) жуыу В) байыу С) кею
D) сыйу Е) төку
Ырықсыз етіс қатысқан сөйлемді табыңыз.
A) Алғысын жаудырды.
B) Қасиетті туған жерді көркейт.
C) Дұрыс қанаттанған түзу ұшар.
D) Жиналыс өткізілді.
E) Тайынбаған тауды жығады.
Қимылдың атын білдіретін, шақпен, жақпен байланысты болмайтын етістіктің тұлғасын көрсетіңіз.
A) Тұйық етістік D) Көмекші етістік
B) Сабақты етістік E) Болымды етістік
C) Құранды етістік
Етіс нені білдіреді?
A) Сөйлеп тұрған сәтке қатысты қимылдың өту кезеңін білдіреді.
B) Іс-әрекеттің орындаушыға, қимыл иесіне қатысын айқындайды.
C) Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын білдіреді.
D) Шақпен, жақпен баланысты болмай, қимыл іс-әрекеттің атын білдіреді.
E) Әрі есім, әрі етістік мәнінде жұмсалатын етістіктің ерекше түрі.
Бастауыш қызметіндегі тұйық етістікті табыңыз.
А) Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет.
В) Арақты сатпау керек.
С) Темекі шегу денсаулыққа зиян.
D) Нанды жерге тастауға болмайды.
Е) Сауысқанның тамағы шоқуменен табылған.