Ынталандыру сыйлығының иегері
Жексенбай Қайып-Кәмел
Монғолия. Баян-Өлгий аймағы
Цэнгэл ауылы.
ПАЙғАмбАРғА АРнАУ
Ізі бөлек, сөзі бөлек басқадан,
Адамзатты тура жолға бастаған,
Ұлы Алланың Расулы Мұхаммед!
Саллаллаһу ғаләйһи уәссәләм!
Азбасын деп адам ата ұрпағы,
Бірге атыпты болашақтың нұр таңы,
Мәуліт күні дүниеге келгенде -
Хабибуллаһ - қос дүние сұлтаны.
Адамзаттың теңдесі жоқ алғыры
Пайғамбармен бірге түскен таң нұры!
Ел рухы шөлдегенде жауыпты -
Әлемдерге рахмет жаңбыры.
Құран үні дүниеге жаңғырды,
Өшіп қалған рухтарды жандырды.
Естілгенде Хақ Тағала әмірі,
Өліп қалған жүректерге жан кірді.
Топастықты қылған кезде ел серік.
Надандықты, жамандықты еңсеріп.
Ұлы Алланың бұйрығына шыдамай,
Хира тауы тіл қатыпты теңселіп.
49
Таңдаулы діни өлеңдер
Өз қамынан артық ойлап үмбетін,
Үлгі қылған артына ол сүннетін,
Сол заманда соған қорған болыпты,
Дүниеде кімдер әлсіз кім жетім.
Толқып көлдер, тебіреніп шыңдар да,
Тәжім еткен періштелер, жындар да.
Тумай тұрып жетім етіп елшісін.
Хақ Иесі дайындады сындарға.
Тәкаппарлық мекен еткен кеуделер,
Дүниенің қуат күші менде дер.
Күпірліктен індет алған жүректер,
Жалғыз шипа – иманменен емделер.
Одан бұрын таңдар дұрыс атпаған,
Азаны жоқ кештер дұрыс батпаған.
Азған сұмдар ар-ұяттан аттаған,
Әлсіздердің намыстарын таптаған.
Табылмапты жер бетінен нақты адам,
Жер-жаһанды күпір, үрей қаптаған.
Сау дейтіндей таза көңіл қалмапты,
Пенделіктің батпағына батпаған.
Мақтаулы деп, сенімді деп мақтаған.
Ұлы Алла ежелден пәк сақтаған.
Ұлылардың ең ұлысы Мұхаммед,
Ондай мөлдір тұнықты адам таппаған.
Оған барар мұсылмандар күн-түн деп,
Сағыныштан жүректері үлпілдеп,
50
Аллаға мадақ
Қарсы алады Пайғамбардың қаласы-
Мәдинаның топырағы бүлкілдеп.
Мейірін төгіп мәнгі бақи аспаны,
Қарсы алардай Пайғамбардың Асхабы!
Айналғандай шәһиттердің қанынан,
Елжірейді Ұқыт тауы тастары.
Оның нұрын барлық ғалам аңсаған,
Ұлықтығы артық болған баршадан,
Пәк пейілмен, саф көңілмен жар салам.
Я, Мұхаммед, Уәссәләәту Уәссәләм!
|