ҚазаҚстан мұсылмандары діни басҚармасы АллАғА мАдАқ (таңдаулы діни өлеңдер) алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет25/124
Дата13.05.2022
өлшемі2,13 Mb.
#34309
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   124
Байланысты:
Allaga madak

Ынталандыру сыйлығының иегері
Құдайберді Бағашар,
Алматы қаласы.
ПАЙғАмбАРлЫқ ПАРАсАТ
(тарихи шындыққа негізделген)
Хақ елшісі адамзатқа келгелі,
Дін исламның ақ уызын бергелі,
Ізгілікке мейірленді кәрі-жас
Ақиқатқа шөліркеген шөлдегі. 
Әйел көрсе, есі кетіп аптығып,
Қу нәпсіні тежей алмай бас біліп
Ел ішінде жаманатқа іліккен
Бар еді бір Жүләйбиб атты жас жігіт. 
Гүл-иманын жүрсе-дағы тұмар ғып, 
Тұла бойын билегенде құмарлық.
Есі кетіп, ойлай алмай алды-артын,
Аласұрып, тұра алмайтын шыдам ғып. 
Опық жеді, қаншама рет өкінді,
«О, Жасаған, кешірші?» деп өтінді.
Тағы сондай бір құмарлық қысқанда,
Пайғамбарға жолығуға бекінді. 
Сүйетін еді Әз елшіні жүрекпен, 
(Көрген сайын ар-иманы дір еткен). 
Сол себепті жақын тартып өзіне 
Қысылмастан бара алатын тілекпен. 


54
Аллаға мадақ
Ел сөз еткен жүзі неткен арайлы, 
Жан-жағына шуақ шаша қарайды. 
Нұр төгілген жылы жүзі, тұлғасы, 
Бір көргеннен тамсантатын талайды. 
«Қайтсем екен, бәлкім рұқсат сұрармын,
Пәтуасы бар ма бұндай шыдамның?! 
Зинаға да жол беруге болар ма, 
Жөніменен, сөзіменен Құранның?!».
Деген оймен келген кезде, мұңайып,
Сөз бастады Жүләйбиб.
– Уа, Алланың елшісі!
– Құлағым сенде.
– Зина жасауға рұқсат етсеңіз деген тілек бар менде?
«Мына ессіздің барынан да өлгені
жақсы ғой» деп тұра ұмтылған өзгені. 
Басты-дағы, төрде отырған пайғамбар
Жүләйбибім, жақынырақ кел!», - деді. 
Сәл кідірді.. сірә, енді тіл қатпақ,
Ойлы отыр-ау әлденеден сыр баптап. 
Шынында да, «басын ашқан жақсы ғой»,
Бұл қашанғы бұғып жүріп, түн қатпақ?!
– Әй, Жүләйбиб!
– Сізді тыңдап отырмын. 
– Анаң бар ма?
– Бар. 
– Айтшы, басқа біреудің өз шешеңмен зина 
жасағанын қалар ма едің?
– ?...


55
Таңдаулы діни өлеңдер
Кім түсінген бұндай жанды көреген,
Сөз астары ауыр еді не деген?! 
Тұла бойы тітіркенді, түршікті, 
Қапелімде жай түскендей төбеден.  
– Жо-жоқ, Нәби, «иә» дей алман өлсем де,
Тірі күйде мені жерге көмсең де. 
Ол азғынды бауыздармын қолыммен
Қанды басым не қасірет көрсем де!
Жаңа ғана шамырқанып қалғандар
Жүләйбибке сұсты көзін салғандар. 
Істің мәнін енді аңғара бастады
«Ел де өзіңдей» деп түйгенде пайғамбар. 
Иә, рас, ұят жүрсе жырақтап, 
Кету оңай кім болсаң да ар аттап. 
Мына отырған Жүләйбибтің іштегі
Демек, Нәби ар-ұятын оятпақ. 
Шүкір етіп бойда намыс барына,
Қозғау салып азаматтық арына. 
Бойын тіктеп, көзін қадап, Хақ Расул
Жөпелдеме сұрақ қойды тағы да: 
– Әй, Жүләйбиб!
– Айтыңыз.   
– Бірге туған әпке-қарындасың бар ма?
– Бар. 
– Басқа біреудің олармен де зина жасағанын 
қалар ма едің?
– Жоқ, әрине!
– Рас айтасың. Бұны ешкім де 
жақындарына қаламайды.  


56
Аллаға мадақ
Сөз жебесі дәл тигендей сыңай ғып, 
Қалың ойға шомып кетті Жүләйбиб...
Дәл осы сәт қолын қойып Жүләйбибтің төсіне,
Хақ Пайғамбар дұға етті:
– Уа, құдіретті Аллам!
Күнәларын кешіргін, 
Қателерін өшіргін.
Қабыл алып тәубасын,
Ар-ұятын өсіргін! 
Әумин!
...Содан бастап ұмыт болып кешегі,
Көргендердің айтуынша, Жүләйбиб  
Сахабалар арасында жастардың 
Ең ұятты бірі болған деседі.
Әз елші өзі бар қамқорын салған соң, 
Ақ некемен адал жарын алған соң.
Ер Жүләйбиб бір ғазауат кезінде
Ішкен екен шейіттіктің шәрбатын... 
Әр кеселді дәл осылай дендеген,
Ақылға сап, ашуға ерік бермеген.   
О, Расулым, неткен жансың талайды,
Пышақсыз-ақ парасатпен емдеген!
Сенің жолың біздің нұрлы болашақ,
Дін-тәрбиең ізгілікке жол ашады.
Әр үлгі ісі жүрегіңді тербеген
Қандай ғажап, пайғамбарлық парасат!


57


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет