Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ:   Ораза уақытында ауызды сумен жай ғана шаюға



Pdf көрінісі
бет37/130
Дата06.04.2022
өлшемі1,03 Mb.
#30032
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   130
Сұрақ:

  Ораза уақытында ауызды сумен жай ғана шаюға 

бола ма?

Жауап: 

Ораза  кезінде  ауыз  қуысы  мен  мұрынды  сумен 

шаю  оразаны  бұзбайды.  Бірақ,  жұтып  қойса,  бұзылады. 

Сол  күнгі  оразаның  қазасын  өтейді.  Хадисте:  «Оразадан 

тыс  кезде  мұрныңды  жақсылап  шай»,  –  делінген.  Демек, 

оразада ғұсыл яки дәрет алғанда, ауыз-мұрынды шайғанда 

тамақтан су өтіп кетпеуіне мұқият болуы ләзім. 

Сұрақ:

  Дәрет  алып  жатқанда  байқамай  тамақтан  су 

кетіп қалса, ораза бұзыла ма?

Жауап: 

Ораза  екендігін  біле  тұра  тамағынан  немесе 

мұрын  қуысынан  байқаусызда  болса  да  су  кірсе,  оразасы 

бұзылады.  Қазасын  өтеуі  міндет.  Алайда,  «ақыры  оразам 

бұзылды ғой» деп ішіп-жеуіне болмайды.

Сұрақ:

  Ораза  уақытында  гүл  сияқты  хош  иісті 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет