Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ:   Рамазан  айында  қандай  құлшылықтарға



Pdf көрінісі
бет45/130
Дата06.04.2022
өлшемі1,03 Mb.
#30032
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   130
Сұрақ:

  Рамазан  айында  қандай  құлшылықтарға 

басымдық берген жөн?

Жауап: 

Рамазан  –  Құран  түскен  ай.  Ардақты 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) 

рамазан айында Құран оқып, көп садақа бергені жайында 

риуаяттар  бар.  Ғұламалар  да  қасиетті  айда  басқа  ғылыми 

жұмыстарын  тоқтатып,  Құран  оқуға  ерекше  көңіл  бөлетін. 

Ибн Аббас (Алла оған разы болсын): «Алла елшісі адамдар 

арасында ең жомарты еді. Рамазан айында Жәбірейіл (оған 

Алланың сәлемі болсын) періштемен жиі жолыққанда, одан 

өткен мәрт адам болмайтын еді. Жәбірейіл (оған Алланың 

сәлемі болсын) рамазанның әр кешінде Пайғамбарымызбен 

бірге  Құран  оқитын.  Жәбірейілмен  (оған  Алланың  сәлемі 

болсын)  жолыққан  кездерінде  Алла  елшісі  (оған  Алланың 

салауаты  мен  сәлемі  болсын)  жерге  береке  әкелетін 

желден  де    жомарт  болып  кететін  еді»,  –  деп  Пайғамбар 

(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оразасы жайлы 

айтқан.

Имам Ибн Рәжәб (Алла оны рақымына алсын) жоғарыдағы 

риуаятты  түсіндіре  келе  мына  себептерді  атап  өткен: 

«(Рамазан  айындағы)  Уақыттың  қасиеті.  Бұл  кезде 

амалдардың  сауабы  еселене  түспек.  Имам  Тирмизидің 

хадис жинағында: «Ең жақсы садақа – рамазанда жасалған 

садақа», – делінген. Бұл айда Алла Тағала жомарттық жасап, 

құлдарына  мейірімін  төгеді,  кешірім  жасайды,  олардың 

кейбірін тозақтан шығарады, әсіресе қадір түнінде. Ендеше 

қайсыбір  пенде  аш  адамды  тойдырса,  мейірімділік  еткені 

болмақ. Алла Тағала мейірімді құлдарына рақымын төгеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет