Сұрақ:
Жүніп (ғұсылсыз) адамға ораза ұстауға бола ма?
Жауап:
Ораза дұрыс болу үшін ғұсыл шарт емес. Егер
ұйқыдан тұрғанда жүніп болса, таң намазына дейін ғұсыл
құйынып үлгермесе, алдымен оразаға ниет етіп аузын
бекітеді. Кейіннен таң намазын оқу үшін ғұсыл құйынады.
Бірақ, ғұсыл алғанда аузы мен мұрнына суды терең
тартпайды.
Сұрақ:
Ораза ұстаған адам күндіз ұйықтап ихтилам
(сұйықтық бөліну) болса, оразасы бұзыла ма?
Жауап:
Күндіз ұйықтап ихтилам болған адамның оразасы
бұзылмайды. Өйткені Алла Елшісі (оған Алланың салауаты
мен сәлемі болсын) бір өсиетінде оразаны бұзбайтын үш
амалды атап, солардың бірі – ихтилам болу деген
(Тирмизи)
.
Алайда ғұсыл алуы парыз.
Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар
|