Қазақстан республиасының


Дәріс № 4 Ядро құрылымының физикасы



бет13/26
Дата14.02.2023
өлшемі0,92 Mb.
#67683
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Байланысты:
аза стан республиасыны

Дәріс № 4 Ядро құрылымының физикасы
Жоспары:

  1. Атом ядроларының модельдері. Ядролық қабықтар моделі: бірбөлшектік модель, бірбөлшектік модель бойынша ядроның қасиеттері.

  2. Жалпыланған ұжымдық модель; ядроның тамшылық моделі. Кластерлік модель. Ядро құрылымының, радиоактивтік ыдыраулардан шығарылатын қасиеттері.

  3. α-ыдырау, α-бөлшектердің спектрі. Ядролық реакциялар.

  4. Ядроның бөліну реакциясы. Термоядролық реакция.

Радиоактивтік құбылыста бір ядролар екінші ядроларға түрленіп, сол кезде кейбір бөлшектер шығарылады. Табиғатта орнықсыз изотоптардың табиғи радиоактивтігін және ядролық реакциялар нәтижесінде алынған жасанды радиоактивтікті ажырату керек. Радиоактивті сәулелердің негізгі түрлері α-, β- және γ-сәулелері. Альфа-сәулесі- гелий ядросының ағыны, α-бөлшегінің заряды +2е, массасы 2Не4 ядросының массасымен бірдей. Бұл сәуленің иондаушы мүмкіндігі өте жоғары да, өткізгіштік қабілеттілігі (бір парақ қағазбен тоқтатуға болады) шамалы.


Бета-сәулесі- шапшаң электрондар ағыны, оның α-бөлшегімен салыстырғанда иондаушы қабілеттілігі шамалы (~ 2 дәреже), бірақ өткіш қабілеттілігі α-бөлшегінен басыңқы келеді.
Радиоактивті ыдырау теориясы ядролар бір-бірінен тәуелсіз радиоактивті түрленеді деген болжамға негізделген. Онда аз уақыт мөлшерінде dt ыдырайтын ядролар саны dN, бар ядролар санына N және уақытқа dt пропорционал: ,
λ – берілген радиоактивті затқа тән тұрақты, радиоактивті ыдырау тұрақтысы деп аталады.
Интегралдағаннан кейін радиоактивті ыдырау заңын аламыз , N0 – ыдырамаған ядролардың бастапқы саны, N – t уақыт моментіндегі ыдырамаған ядролар саны. (14.2) заңын былай түсінуге болады: ыдырамаған ядролар саны уақыт бойынша экспоненталық заңмен азаяды.
t уақыт ішінде ыдыраған ядролар саны келесі өрнектен табылады
(5.4)
Бастапқы ядролар саны екі есе азаятын уақытты жартылай ыдырау периоды Т деп атайды, оны келесі шарттан табуға болады ,
осыдан . (5.5)
Радиоактивті ядроның орташа өмір сүру τ уақыты λ және Т шамаларымен байланысты:
. (5.6)
Сонымен, орташа өмір сүру τ уақыты радиоактивті ыдырау тұрақтысына кері шама.
береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет