Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет34/37
Дата02.01.2017
өлшемі8,22 Mb.
#1000
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37

Кітаппен жұмыс: 3оқушы өлеңді  мәнерлеп оқиды.
Өзіндік жұмыс: (Өлеңнен эпитет,теңеу, метофораларды табу)
Эпитеттер: меңіреу құз, ну тоғай, қоғалы көл, қоңыр құм, әсем жер, ақ бура, қоңыр самал, меруерт астау, ерке су, сары бала
, қалың құм, қара қазан.
Теңеулер:   көшкен керуендей, бурадай, айдағардай, шалдуар шалдай
Метафора:          кеудең –асқар,  аяғың-көл, Ыстықкөл-жер айнасы.
Пәнаралық байланыс:   әсем жер    (сын есім-з.е).
                                             Меңіреу құз   (сын есім-з.е)
 Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1.Ілияс қандай ақын?
2. «Жетісу суреттері» неше тараудан тұрады?
3. Өлең қандай лирикаға жатады?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма:      І.Жансүгіровтің  «Жетісу суреттері» өлеңін мәнерлеп оқып келу.
* * * * *
ОҚО, Сайрам ауданы Арыс ауылы №12 Т.Рустемов атындағы 
мектеп-гимназиясының дене шынықтыру  пәні мұғалімі 
Ахмадқулова Шохида Абдулакимовна
Тақырыбы:Игерілген әдіспен баскетбол ойыны 
Мақсаты:    Білімділігі: Оқушыларға баскетбол ойынының ережесін үйретіп,техникаларын меңгерту. Тәрбиелігі: 
Шапшаңдылыққа,ептілікке, икемділікке тәрбиелеу. 
Дамытушылығы: Спортқа деген ынтасын арттырып,күш-жігерлерін дамыту. 
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың өтетін орны: Спорт зал Сабақта пайдаланылатын құрал: Себет, баскетбол добы, 
ысқырық және көрнекі құралдар
. І.Ұйымдастыру бөлімі 
1.Бірқатарға сапқа тұрғызу. Мәлімдеме қабылдау.
 2.Жүгіру жаттығулары. 
3.Сапта орындалатын жаттығулар.Сапта тұрып,аяқ-қол бұлшық еттерін дамыту жаттығуларын орындау. Жалпы дамыту 
жаттығулары. 
ІІ. Негізгі бөлім Жаңа сабақтың тақырыбы:“Игерілген әдіспен баскетбол ойыны” 1.Баскетбол ойынының ережесін түсіндіру.
2.Қауіпсіздік ережелерін сақтау. 
3.Ойын техникаларын үйрету. 
4.Екі жақты ойын баскетбол. 
1-жаттығу Баскетбол добын ұстау әдісі, допты бір қалыппен алып жүру 
2 –жаттығу Допты екі қолмен иықтан лақтыру және допты жоғарыдан лақтыру әдіcі 3-жаттығу Допты екі қолмен кезек-
кезек алып жүру 
ІІІ. Қорытынды бөлім  Сыныпты сапқа тұрғызу. 
1.Оқушылардың кемшіліктері мен жетістіктерін айтып өту.
 2. Бағалау. 
3.Үйге тапсырма беру. Баскетбол добымен жаттығулар орындау
* * * * *
ОҚО, Сайрам ауданы Арыс ауылы №12 Т.Рустемов атындағы 
мектеп-гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі 
Хасантаева Надира Халматовна
Тақырыбы:   Б дыбысы мен әрпі
Мақсаты: 
Оқушыларды  жаңа б дыбысымен таныстыра отырып, тілін дамыту, өз ойын айтуға үйрету, суретке қарап әңгімелеуге 
дағдыландыру. Дыбыстау кезіндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату. Буыннан сөз , сөзден сөйлем құрауға 
дағдыландыру.
Түрі: жаңа сабақ                Әдістері: сұрақ-жауап, ойын, түсіндіру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, кеспе әріптер, буындар.
Сабақтың барысы: I.Алғашқы ұйымдастыру
ІІ.  Психологиялық дайындық
243

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру. 
а) «Е» дыбысын қайталату мақсатында «е» дыбысы кездесетін адам аттарын  айтқызу. Ерік, елемес, Әселім, Еркебұлан, 
Көркем, Сержан Елемес, Берік
Үй тапсырмасын сұрау. «Асқар» мәтінін оқыту
Ойын: Буыным қайда?
Ой қозғау.
Шеп-шеп, шөжелерім
Сары алтындай балапаным
Тез жетіңдер, жем берейін,
Дәнге толы алақаным
-Өлең не туралы?
-Балапан сөзі қай дыбыстан басталып тұр?
-Балапан сөзін буынға бөліңдер, неше буын бар? Ба-ла-пан
-Балапан сөзі қай дыбыстан басталып тұр?
-Айтып көрейік, б б б
Жаңа сабақ –Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы Б дыбысы мен әрпі.
Оқулықтағы берілген сызба арқылы сөздерді оқытып, жаттықтыру, сөздік жұмысын жүргізу. 
Интербелсенді тақтамен жұмыс.
Бақа ол суда тіршілік етеді
Балық- өзендерде тіршілік етеді.
 Бота түйенің баласы
 Болат-берік, қатты деген сөз,
бөрік-бас киім
 көрік-келбет, яғни адамның әдемілігіне қатысты айтылады.
Дәптермен жұмыс. Б дыбысының баспа және жазба түрімен таныстырып, б дыбысының бас және кіші әрпінің салу 
ережесін түсіндіру.
Үлкен жолдың ортасынан сәл төмен қаламамымызды қоямыз. Төмен қарай сәл көлбеу сызықты астыңғы сызыққа жетпей 
жоғары қарай жарты доға жасай отырып иеміз. Енді сәл имегі бар түзу сызықтан тұратын қалпағын кигіземіз. Кіші әрпін 
салу үшін жазу жолының ортасынан сәл жоғары қаламымызды қойып, оңнан солға қарай иіп, үлкен жолдың ортасына дейін 
созып оңға қарай сәл сызамыз.
 Мазмұнды суретпен жұмыс. 
-Суретте кімдерді көріп тұрсыңдар? 
-Олар қай жерде жүр?
-Қолдарында не бар?
-Қандай тақырып қоюға болады?
« Көл жағасында» 
Мәтінмен жұмыс. Интербелсенді тақтадан мәтінді оқу.
 –Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көкөністер мен жемістер қай мезгілде піседі?
-Ендеше, күз болды,  бақта өсіп тұрған алмаларымызды жинап алмасақ не істейді? Үсіп кетеді, слндықтан үсіп кетпей 
тұрғанда жинап алайық.
«Алма жинау» ойыны.
-Қане, кім еңбекқор екен, ол үшін әрбір алманың артында сөздер бар, соны оқыған бала алманы мына себетке салады.  
(көрік, қағаз, шелек, тарақ)
Суретпен жұмыс. «Бақшада» тақырыбына сөйлем құраймыз.
Қорытындылау. –Сонымен, бүгін қандай дыбыспен таныстық?
-Б дыбысы қандай дыбыс?
-Ол сөздің қай жерлерінде кездеседі?
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.
Мадақтау. Қызыл гүл, сары гүл, көкөністер.
* * * * *
ОҚО, Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы №77 Хамза атындағы 
жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
 Сайдиганиева Шохиста Абдуллаевна 
Тақырыбы: 6 санын қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды 6 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру. Оқушылардың ауызша  және 
жазбаша есептеу дағдыларын арттыру, ойлауын, танымдық қабілетін, белсенділігін және шығармашылық қабілеттерін 
арттыру.
Оқушыларды мақсатқа жетуге, ұйымшыл болуға, әдептілікке тәрбиелеу.
Түрі: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісіндегі саяхат сабақ.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, өзіндік және ұжымдық жұмыс, салыстыру, талдау, жинақтау.
Көрнекілігі: Слайд, диск, сандар қатары, үлестірмелі материалдар.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Біз кішкентай балдырған,
Сескенбейміз ешқашан
Талап, жігер бойымда
Білім алу ойымда.
244

Қызығушылықты ояту. Үнтаспадан «Ертегілер» әнін тыңдатып, қосылып айтқызу.
-Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегі сабағымыздан өзгеше. Өйткені біздер ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Ертегі 
тыңдауға қалай қарайсыңдар.
-Бүгінгі сабағымыз басынан аяғына дейін «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің желісінде болмақ.
-Ендеше, кім осы ертегіні баяндап береді?
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. 1.Мақта қыздың тапсырмасы.
Оқулықтағы №4 тапсырманың орындалуын тексер! Бұл тапсырманы оқушылар үйден орындап келген еді, ендеше мақта 
қыздың айтуы бойынша есепті оқып тексерейік.
2.Сиырдың тапсырмасы. «Өткенге көз жүгіртпей, жаңаға ұмтылма!»
-Ендеше, сиырдың бұйрығы бойынша өткенге көз жүгіртіп, еске түсірейік.
Өткенді еске түсіруге тапсырмалар орындатылады.
ІІІ.Жаңа сабақ. Ағаштың тапсырмасы. «Білгеніңнен көп екен білмейтінің,
Анық оны білмесең, жүрмейтінің».
-Ағаштың тапсырмасына мысыққа енді мен көмектесейін. Көрнекі құралдың көмегімен 6 санын қосу және азайту тәсілін 
түсіндіру.
3. Қыздардың тапсырмасы. №2 тапсырманы орында. Кестені жаз және жатта.
Сергіту.
4.Дүкеншінің тапсырмасы. Есепті толықтыр және шығар.
Бұтақта 7 құс қонып отыр. 2 құс -------------?  Неше құс ---------?
Ш: Бұтақта-7 құс
Ұшты-2 құс
С: Қалды-? Құс
Ш: 7-2=5
Ж: 5 құс қалды.
5.Тауықтың тапсырмасы: математикалық диктант. Топтық жұмыс.
І-топ                                                       ІІ-топ
10+0     10-5                                       7+2                  9-3
5+4        8-2                                        5+0                   6-2
1+5        6-4                                         4+3                  5-3
Сергіту сәті: Кім тез есептейді? Ойыны.  Логикалық есеп.
10 асықтың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?
Бесбайда бар 5 іні
Естайда бар 2 іні
Қоссаң 5 пен 2-ні
Неше болар шешуі?
6.Тышқанның тапсырмасы. Артық па, кем бе, әлде айтшы тең бе?
Тапсырманы орындағанда «Спорт» сөзі шығады.
ІҮ. Сабақты бекіту. Допты лақтыру арқылы 6 санын қосу мен азайту туралы білімдері тиянақталады.
-Енді балалар мысық келген жолымен кері қайтып келе жатса, алдынан доп лақтырып ойнаған бір топ балалар кездесіпті. 
Олар бүгінгі білген-түйгендерін ортаға салып жатыр екен. Мысық балаларға біраз қызыға қарап тұрып, тауыққа қарай бет 
бұрыпты. Әрі қарай жалғастырылады.
Ү. Қорытындылау.
-Бүгінгі саяхат сабақ ұнады ма?
-Саяхат сабағымызда санға нешені қосу мен азайтуды үйрендік?
ҮІ. Бағалау
Үй тапсырмасы
* * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы  Шымкент қаласы  №122  Ақжар 
жалпы  орта мектебі   І санатты  бастауыш сынып мұғалімі 
Асилбекова  Рахима  Саулебековна.
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері
Сабақтың мақсаты: а) Сөйлем мүшелері, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер туралы алған білімдерін пысықтау.
ә) Сөйлем ішінен тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді сұрақ қою арқылы таба білу дағдыларын арттыру. 
б) Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: жаттығу, практикалық.
Сабақтың түрі: Сыни ойлау
Сабақтың көрнекілігі: белсенді тақта, топшама
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
Бүгінгі сабақтың бағалау шкаласымен таныстыру.
II. Қызығушылықты ояту «ой қозғау».
Өтілген материалды тексеру, қорыту.
245

Дыбыс үндестігі дегеніміз не ?
Буын үндестігі дегеніміз не ?
Сөз тіркесі қалай жасалады ?
Жай сөйлеммен құрмалас сөйлемді қалай ажыратамыз ? 
III. Мағынаны тану. 
- І –ші слайд.
-Жалаң сөйлем дегеніміз не?
(Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемді жалаң сөйлем деп атайды. )
-Жайылма сөйлем дегеніміз не?
(Тұрлаулы мүшелерден басқа, тұрлаусыз мүшелердің қатысуымен жасалған жай сөйлемнің түрі жайылма сөйлем деп 
аталады.)
Сөйлем мүшелерінің өзіндік белгілерін еске түсіру:
1.Сөйлем мүшесі белгілі бір сұраққа жауап береді.
2.Толық мағыналы сөз немесе күрделі сөз сөйлем мүшесі болады.
3.Сөйлем мүшесі бір сөзден де, бірнеше сөзден де жасалады.
2.Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
Сөйлемді көшіріп жазу. 
Бастауыш пен баяндауышты тауып, астын сызу.
-Сөйлемнің бастауышы мен баяндауышын алып тастап, оқып көрейікші. Не байқадыңдар?
-Тұрлаусыз мүшелердің өздері сөйлем бола алмайды. Сөйлемдегі ой әр уақытта тұрлаулы мүшелер, яғни бастауыш пен 
баяндауыш арқылы білінеді.
2-жаттығу. 
Жұмбақты көшіріп жазу. Тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қою.
Мейіріммен сүйеді ол бар адамды,
Өзіне жаратпайды қарағанды. (күн)
Көкшіл айна үйдегі
Көрсетеді киноны. (теледидар)
Топпен жұмыс
3-жаттығу
І –топ   Сурет бойынша әңгіме құрастырып жазу. Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді белгілеу.
ІІ – топ
 
Сурет бойынша өлең құрастырып жазу. Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді белгілеу.
5-жаттығу.   Өлеңді мәнерлеп оқыту. 
Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді атату.
-Ол сөздер сөйлемнің қандай мүшесі болады?
IV. Сабақты бекіту. Ой толғаныс.
Семантикалық карта
Сөйлем
бастауыш
баяндауыш
V. Бағалау.
8 – 9 балл «5»
6 - 7 балл «4»
4 – 5 балл «3»
Аты, жөні
Жаңа сабақты түсінуі
1 2 3
Топтық жұмыс
1 2 3
Жаңа сабақты талдау
1 2 3 
Жалпы балл
VI. Үйге тапсырма.
* * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы  Шымкент қаласы  №122  Ақжар
жалпы  орта мектебі   ІІ санатты  бастауыш сынып мұғалімі
 Тасыбекова Зульфия Абдиманаповна 
Сабақтың тақырыбы: «Тұрлаусыз мүшелер»
Сабақтың мақсаттары: Тұрлаусыз мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру, бастауыш пен 
баяндауыштың байланысын меңгеру. Оқушылардың сөз, сөйлем, сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу таза, 
сауатты жазу дағдысын жетілдіру. Пән аралық және өмірмен байланысты іске асыру, оқушылардың білім алуға деген 
қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ой - өрісін дамыту, өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру. Оқушыларды 
өз ана тілін сүюге, халқымыздың ұлағатты, ғибратты сөздерінен үлгі - өнеге алуға, сол арқылы кішіпейілділік, 
қайырымдылық, кеңпейілдік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Топтық жұмыс, сұрақ - жауап, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер (төрт түлік), слайд.
246

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.
Оқушыларды тыныштатып, зейіндерін сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру: 65 - жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
3. Өткен сабақты қайталау
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлемнің қандай мүшелерін білесіңдер?
3. Сөйлемнің қандай түрлері болады?
4. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
5. Хабарлы сөйлем дегеніміз не№
6. Лепті сөйлем дегеніміз не?
4. Қызығушылықты ояту: «Ой қозғау» Суретпен жұмыс.
Төрт түлк туралы сөйлемдер құрастыру.
5. Жаңа  сабақ: «Тұрлаусыз мүшелер»
ЕРЕЖЕ: Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Оларға қандай? 
Кімге? Неге? Нені? Қашан? қайда? т. б. сұрақтар қойылады.
Мысалы:  Айгүл гүлді суарды.
Қонақтар төрге отырды.
Біз ұшаққа міндік.
Арман жұмысқа кірісті.
66 - жаттығу “Ой қозғау”Ауызша орындалады.
Екі бағанадағы сөйлемдерді салыстырып оқу.
1 - топ: Жадыра келді. / Жадыра қалаға келді.
2 - топ: Қоңырау соғылды. / Қоңырау қайта - қайта соғылды.
3 - топ: Мал өседі. / Мал төлден өседі.
Су ақты. / Су арықпен ақты.
67 - жаттығу “Ой шақыру”Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.
Қарамен жазылған сөздер бастауышқа қатысты ма,
баяндауышқа қатысты ма?
6. Сергіту сәті «Айгөлек» әніне билеу.
7.«Өз бетімен жұмыс» 68 – жаттығу.
Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз.
8.«Шығармашылық жұмыс»
1 - топ: Өтірік сөз жанға қас
2 - топ: Ашу – ақылдың дұшпаны
3 - топ: талапты ерге нұр жауар
Әр топ өздерінің мақал - мәтелдерін оқып, мазмұнын ашады.
9. Қорытынды.  Семантикалық карта толтыру.
Сөздер ----------------- Тұрлаулы мүшелер --------------------- Тұрлаусыз мүшелер
қызық
таза
жүгірді
жақсы
күз
гүлді
10. Бағалау
11. Үйге тапсырма 
* * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы  Шымкент қаласы  №122  Ақжар 
жалпы  орта мектебі   ІІ санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Қали  Майра  Бекәділқызы 
The theme of the lesson:  A day of my life
The aims of the lesson
Objectives:                                                               
  Educational 
      1. to be able to speak about the family, clothes, time, colour, job. To check up their knowledge on this theme
Practical aims 
1. to develop listening, writing and speaking abilities
2. to check up the knowledge of lexic
Developing aims: 
1. to improve students'  motivation and participation
in classroom activities
2. to stimulate students' to a learning foreign language
Type of the lesson: untraditional  lesson, travel lesson
Visual aids: a computer, projector
 Visual materials: cards, wallpaper, pictures
247

                                            The procedure of the lesson.
Organization moment:
                            Greeting.
Teacher’s activity                                                                   Pupils’ activity
- Good afternoon, children!                                                    - Good  afternoon, good afternoon
                                                                                                   Good afternoon too you
                                                                                                    Good afternoon and teacher
                                                                                                     How are you?      
- I’m very well, thank you! And you?                                      - We are fine. 
- Sit down, please
- Who is on duty today?                                                        - I’m on duty today.
- Who is absent?                                                                   - All are present.
-What day is it today?                                                           - Today is…wednesday
-What date is it today?                                                          - Today is the 15
th
 of december
  2. Warm-up  
Before to start our lesson  you must choose one figures, that you like.
You are not so bad, but lazy, rude, sometimes clever
 You are lader, you are very active, kind
You are beautiful, active, sometimes naughty
Well, Laura  begin
Begining of  lesson
Well, let’s begin our lesson.  Today, we will revise our last material and speak about week.
Today we have unusual lesson, we have a travel lesson. Before to travel we must buy a ticket.  If you answer the questions you can 
buy  a ticket, well who wants to answer?
  Arailum …………….
Practise
1
st
 station is called “Family’’
In this station there are some tasks, you must do it,
      Task #1    Describe the picture,    this is my mother, this is my father…
   Task #2   Complete the family tree    
    Now,  children  we know names of our family and we can say a rhyme, do you know a poem about family?  Yes,    this is my 
mother, this is my father This is my brother Paul
                                              This is my sister, this is my uncle
                                                How I love them all!!!
Oh good job!
* * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы  Шымкент қаласы  №122  Ақжар 
жалпы  орта мектебі   ағылшын тілі пәнінің мұғалімі 
Мубаракова  Фарида  Жумажановна
The theme: Unit 2 Step 3. The most interesting book.
The aims:
Educational: Describing a state of affairs.
Cалыстырудағдысынқалыптастыраотырып, жүйелісөйлеудідамыту.
Hearing to read adjectives of quality.
Developing: To develop creativily doing exercises.
Bringing up: To get a new information.
The view of the lesson: Question and answer lesson.
Visual lesson: Placards and things: an interactive board, pictures. booklets, toys.
The procedure of the lesson.
I. Organization moment.
Greeting, checking the absentees, checking the preparation. Introducing the students with the aims.
II. Warming up.
III. Betty Bottle bought a bit of butter.
But she bought a bit of bitter butter.
Then she bought better butter.
But where’s the bit of bitter butter Betty Bottle bought?
IV. Checking up the homework: was to learn exercise 5.
To make examples
V. Introduction of the new material.
A). To discuss these questions in groups:
1st degree: Do you like shopping?
Are there any shops near your house?
2nd degree: Where do you usually go shopping?
Who often does shopping in your family?
248

3rd degree: Do you prefer small supermarkets? Why?
Reading the text: “Corner store and supermarkets”
Work with new words.
Grocery store ------------------employ
Corner store --------------------variety
Supermarket -------------------amount
Dying ---------------------------------miss
Neighbourhood --------------compete
The teacher reads the text.
Pupils read the text.
Brainstorming.
Find comparatives in the text.
Most, corner, stores, bigger, more modern, longer, greater, larger, lower, smaller, friendlier,, closer
Play game.
Find a missing word. The group divided in two teams.
1st team
far Less farthest beautiful
beautiful most taller tallest
ескі older oldest
2nd team
тез faster
difficult қиынырақ The most difficult
big биігірек The biggest
much more
hot hottest
Home task: to do exercise 6 p. 60.
Evaluation for the work at the lesson.
Saying good bye.
* * * * *
ЮКО г.Шымкент осш №84 им. Циолковского 
учитель начальных классов І категория Дубро Галина Владимировна
Бүгінгі  таңда   оқытудың   негізгі  мақсаты:  «Оқушының   өз  бетімен дамуын   өзі  басқаруына   қолайлы жағдай  туғызу».
Нәтижесінде оқушы өзіне қажетті білімді өзі біліп,табуға және оқу,тұрмыс, кәсіптік мәселелерді шешуде іс-әрекет жасай
алатындай етіп,болашақ жастарды заман талабына сай қалыптастыру болып табылады. 
 
Дәстүрлі оқыту әдістері арқылы бұл мақсатқа толық жету мүмкіндіктері аз болғандықтан, білім беру жүйелерін
технологияландыру қажеттілігі туындады.
 
Еліміздің даму деңгейі бастауыш сыныпта берілетін білім сапасымен айқындалатыны белгілі. Сондықтан да қазіргі
таңда оқытудың жаңа технологиясы тек сипаттама түрде ғана емес, шынайы проблемалық негізде болуға тиіс. Сондықтан да
жаңа ақпараттық технологияларды игерген бастауыш сынып мұғалімдерінің өткен әрбір сабағы сапалы болады.
 Бастауыш мектепте оқу үрдісінде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсатымыз:оқушылардың
танымдық   қызығушылығын   қалыптастыру.Оқушыларда   танымдық   қызығушылықтың   болуы-олардың   сабақта   белсенді,
білімінің сапалы болуына,оқуға жағымды түрткісін қалыптастыруға,оқыту үрдісінің тиімділігін арттыруға,белсенді өміршең
жолды ұстауға мүмкіндік береді. 
Сонымен   қатар,жаңа   ақпараттық   технологияның   негізгі   ерекшелігі-бұл   оқушыларға   өз   бетімен  немесе   бірлескен   түрде
шығармашылық   жұмыспен   шұғылдануға,ізденуге,өз   жұмысының   нәтижесін   көріп,өз-өзіне   сын   көзбен   қарауына   және
жеткен жетістіктерінен ләззат алуға мүмкіндік береді. 
 Өз іс тәжірибемде өткізген сабақтарымның бірін мысалға алайын.
Сабақтық тақырыбы: Топырақ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет