Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011


 - тақырып. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі



бет20/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   219
Байланысты:
Дєріс тезистері-emirsaba.org

3 - тақырып. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі 
теориясының дамуы 

1. Мектеп жасына дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің маңызы


2. Ресейдегі дене тәрбиесінің дамуы (Е,Славинецкий, К.Д.Ушинский,
П.Ф.Лесгафт, В.В.Гориневский, Е.А.Аркин, А.Быкова, Д.В.Хухлаева,
Т.И.Осокина)
3. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі, мектеп жасына
дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы және әдістемесінің дамуы

Мектеп жасына дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің маңызы. 
Балалар дене тәрбиесінің теориясы ғылыми-зерттеулер мен озат тәжерибе
негізінде дамиды. Ұлы Қазан социалистік революциясы біздің елімізде жаңа
педагогиканың - жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие берудің іргетасын қалады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға жан-жақты тәрбие беру жайындағы
теорияның дамуына Н.К.Крупская баға жетпес үлес қосты. Н.К.Крупскаяның
мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі туралы айтқандарының жаңа
қоғамдық-саяси құрылыс жағдайындағы дене тәрбиесі туралы отандық ғылым,
тамыры кӛп ғасырлық халықтық педагогикаға тереңдей сіңген ӛткен дәуір бай
мұрасының әсерімен қалыптасты. XVII ғасырдың екінші жартысында-ақ сол
кездің аса білімді адамдарының бірі - Епифаний Славинецкийдің балалардың
дене тәрбиесі жӛнінде озық ойлар айтқанын тарихи материалдар дәлелдейді. Ол
«Бала әдеттерінің азаматтылығы» деп аталатын тамаша құжат жасап шыққан.
Бұл кітапта балалар ойынына ерекше тарау арналады және оның тәрбиелік-
білім берудегі үлкен мәні кӛрсетіледі. ХVІІ ғ.жартысында Епифаний
Славинецкий ―Балалар тәртібінің ережелері‖ атты белгілі педагогикалық
кітапты құрастырған болатын-ды. Бұл еңбек қоғамдағы мінез-құлық
ережелерінің жиынтығы болып табылады. Негізінен балалар ӛздерін үйде,
қонақта, басқа адамдармен қарым-қатынаста қалай ұстауы керектігі туралы
ережелерге тоқталды. Епифаний Славиницкийдің кеңестері сол кездің ӛзінде
психологиялық тұрғыдан негізделген еді. Кітап баланың дене жағынан
дамуына, денсаулығын нығайтуға, сергек кӛңіл-күйін сақтауға кӛмектесетін



32
кӛптеген құнды гигиеналық ережелерден тұрады. Балалардың моральдық


қылықтары туралы айта отырып, Епифаний Славинецкий баланың сыртқы
мінез-құлқы оның ішкі қасиеттерінің кӛрінісі болып табылатындығын атап
кӛрсетті. Бұдан кейінгі кезде прогресшіл қоғам қайраткерлері И.И.Бецкой, Н.И.
Новиков, А. Н. Радищев дене дамуын ақыл – ой және еңбек тәрбиесімен тығыз
байланыста қарастырған. Орыстың революцияшыл демократтары А. И. Герцен,
В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов, Д. И. Писаревтің
айтқан пікірлерінің дене тәрбиесі мәселелерін талдап жасау үшін үлкен мәні
болды. Олар дене тәрбиесінің жан-жақты тәрбие берудің бір бӛлігі екенін
анықтай отырып, оның ақыл-ой, еңбек, адамгершілік және эстетикалық
тәрбиемен байланысын кӛрсетті. Олар дене тәрбиесінің мақсаты - жүйелі
жаттығу, ойнау, серуендеу және организмді шынықтыру жолымен баланың
дене күшін дамыту мен денсаулығын нығайту деп білді. Мұның ӛзінде олар
маңызды рӛлді еңбек пен демалыстың алмасып келуінен, ұйқының,
тамақтанудың нормаландырылуынан кӛрінетін тәртіпке бере отырып, мұны
сергек рухты, адамның жарқын болашақ күресіне қабілетті болуы үшін қажетті
дұрыс негіз деп санады. Тамаша педагог К. Д. Ушинский ойынға, гимнастикаға,
балалардың таза ауада жүруіне үлкен мән береді. Ол балалармен ӛткізілетін
сабақ үстінде ықыласты қалпына келтіруге кӛмектесетін қысқа мерзімді қимыл-
қозғалыстар орындау үшін шағын үзілістер жасауды ұсынды. Оның пікірі
бойынша, балаларда қоғамдық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыратын,
«қоғамдық қатынастардың алғашқы ассоциациалары» түйіп тастайтын
ұжымдық ойындардың үлкен тәрбиелік құны бар. К. Д. Ушинский педагогтарға
жоғары талап қоя отырып, балаға жетекшілік етуде үлкен қателіктер жібермеу
үшін олар анатомия, физиология, психология, педагогика сияқты ғылымдарды
білуге міндетті деп санады. Прогресшіл қоғам қайраткерлерінің айтқандары,
ғалымдардың, дәрігерлердің еңбектері дене тәрбиесінің теориясын жасауға
алғы шарт болды. Ресейде дене тәрбиесінің ӛзіндік теориясын жасаушы П. Ф.
Лесгафт болып табылады. Аса ірі ғалым–педагог, медицина және хирургия
докторы П. Ф. Лесгафт ӛз заманының озық ойлы адамдарының қатарында
болды. П. Ф. Лесгафт балаларға арналған дене жаттығуларының біртұтас
жүйесін жасады, оны автор дене тәрбиесімен ӛзара байланысты қарастырады
(дене жаттығуларының гигиеналық және сауықтырушылық маңызы). П. Ф.
Лесгафт дене жаттығуларын іріктеуге балалардың анатомиялық-физиологиялық
және психологиялық ерекшеліктерін, жаттығуларды бірте-бірте күрделендіруді
және түрлендіруді негіз етіп алған. Ол белгілі бір жаттығулар жүйесінің адам
организмнің жан-жақты дамуға және дұрыс қызмет етуге алып келуіне, оның
дене күшінің бірте-бірте жаттығуына жәрдемдесуіне ұмтылды. Дененің дамуын
П. Ф. Лесгафт ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық дамумен, еңбек іс–
әрекетімен ӛзара байланыста ғана мойындады. П. Ф. Лесгафт жаттығулары
үйрету кезінде аз күш жұмсап үлкен жұмыс орындауға және кездесетін
қиыншылықтарды жеңуге мүмкіндік беретін саналы кӛзқарас тәрбиелеуді
негізгі міндет деп санаған. Ол бала санасына бағытталған, кӛрсетілген нәрсені
сол қалпында қайталай салуға жол бермейтін сӛздің мәнді болатынын атап
кӛрсеткен. П. Ф. Лесгафт мұғалімнен сабақтарға жүйелі әзірлендіруді талап



33
етті. Үйрету процесінде мұғалім денеге түсетін ауыртпалықты бірте-бірте


арттыруды, жаттығуларды ауыстыруды және түрлендіруді алдын ала
қарастыруға тиіс. П. Ф. Лесгафт қимыл-қозғалыс ойындары теориясы мен
әдістемесін жасады. Ол қимыл-қозғалыс ойынын «бала соның кӛмегімен ӛмірге
әзірленетін жаттығу» ретінде анықтайды. Осы ойындар үстінде ол дағдыларға,
әдеттерге ие болады, онда мінез қалыптаса бастайды. Ойындағы ережелердің
заң ретінде маңызы бар, балалардың оған деген кӛзқарасы саналы және
жауапты болуға тиіс. Оны орындау баршаның міндеті, сондықтан да оның
үлкен тәрбиелік күші бар. Ойындар моральдық қасиеттерді - тәртіпті,
адалдықты, шыншылдықты, ұстамдылықты дамытады. П.Ф.Лесгафт ойынды
жеке адамды тәрбиелеудің аса маңызды құралы ретінде қарастырады. П. Ф.
Лесгафтың жаттығуларды іріктеу принципіне сүйене отырып, В. В.
Гориневский дене дамуының адам ӛмірінің әр жас шамалық кезеңіндегі ӛзіндік
ерекшеліктерін эксперименттік жолмен анықтайды. Оның «Белгілі бір жас
шамасына сәйкес дене жаттығулары» атты кестесі кеңінен тарады. Дене
тәрбиесі, гигиена және балаларды шынықтыру мәселелері жӛніндегі кӛптеген
ғылыми еңбектердің арасынан «Мектеп жасына дейінгі дене шынықтыру» атты
кітап кӛпшілікке айрықша әйгілі болды. Егер П.Ф. Лесгафт Ресейдегі дене
шынықтыру білімі негізін салушы ретінде жас ұрпақ дене тәрбиесінің ғылыми
негізін қаласа, оның ісін жалғастыруды В.В.Гориневский қоғамның жаңа
міндеттері мен талаптарын ескере отырып, дене тәрбиесінің жас шамалық
ӛзгешелігін осы негізде дамытты. П.Ф.Лесгафттың және В.В.Гориневскийдің
идеяларын профессор, педагогика ғылымдары академиясының толық мүшесі,
педагогика
ғылымдарының
докторы,
дәрігер-гигиенист
Е.А.Аркин
жалғастырды. Кеңес ӛкіметінің алғашқы күндерінен бастап Е.А.Аркин Халық
ағарту комиссариатының мектепке дейінгі бӛлімінің Мәскеу халық ағарту
бӛлімінің тұрақты кеңесшісі қызметін атқарды, балабақшалар дәрігерлерін
біріктірді, тәрбиешілермен үнемі байланыста болды, оларды ӛзінің
зерттеулеріне қатыстырды. Е.А.Аркин оларды жоғары жүйке қызметінің
балалар тіршілігі және оны ұйымдастырудың заңдылықтары туралы,
И.М.Сеченев пен И.П.Павлов ілімінің негізгі қағидаларымен түсінікті де
тартымды түрде таныстырды, балабақша мен отбасының бірлесе жұмыс
істеуінің маңыздылығын негіздеп берді. Оның мектепке дейінгі педагогика,
анатомия, физиология және гигиена мәселелері жӛніндегі еңбектері арасынан
осы күнге дейін ӛз мәнін жоғалтпаған «Мектепке дейінгі жас» атты кітап
ерекше ілтипатқа ие болды. Мектепке дейінгі жас педиатриясы педагогикасына
профессор, медицина докторы Л.И.Чулицкая үлкен үлес қосты. Ол мектеп
жасына дейінгі балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
жайындағы ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, оларды тәрбиелеу мен
оқытудың гигиеналық нормаларын анықтап берді және осы нормаларды
балабақшаның практикасына ендірді. Л.И.Чулицкая гигиена, шынықтыру
мәселелері жӛнінде мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктері туралы
50-ден астам ғылыми еңбек жазды. Оның «Мектеп жасына дейінгі балалар
гигиенасы» атты кітабы кӛпшілікке кеңінен таныс. Мектепке дейінгі балалар
тәрбиесі саласында дәрігер және педагог Е.Г.Леви-Гориневскаяның үлкен рӛлі



34
бар. Ӛз жолбасшыларының бағытын ұстана отырып, ол дене тәрбиесі теориясы


мен практикасын дамытуға елеулі үлес қосты. Оның жариялаған еңбектерінен
А.И.Быковамен бірлесіп жазған «Бала организмін шынықтыру» атты кітабы,
сондай-ақ «Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі қимыл-қозғалыстарын
дамыту» атты соңғы еңбегі кӛпшілікке мейлінше кең тараған. А.Б.Быкова
мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалыс мәселелерін қорытып
талдай отырып, балаларды қимыл-қозғалысқа үйрету процесін, оның мәнін,
мазмұнын ұйымдастыру мен әдістерін негіздеді және ашып кӛрсетті. Ол
үйретудің, оның ӛзіндік ӛзгешелігінің тәрбиелік сипатын атады, мұны ол
ойынмен, «балалармен ӛткізілетін сабақтарда ойын амалдарын кең қолдану мен
оларды, эмоцианалды ӛткізумен» тығыз байланыста қарады. А.И.Быкова мен
Е.Г.Леви-Гориневскаяның бірлесіп жазған еңбегі мектеп жасына дейінгі
балалардың дене тәрбиесі жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты. Мектеп жасына
дейінгі балалардың дене тәрбиесінің теориясы мен практикасын дамытуға
Н.А. Метловтың, М.М.Конторовичтің, Л.И.Михайлованың, А.И.Быкованың
ғылыми-әдістемелік еңбектері айтарлықтай әсерін тигізді. Басқа авторлармен
бірлесе отырып, олар балалардың дене тәрбиесі жӛніндегі бағдарламаларды,
педучилищелер үшін оқу құралдарын және мектепке дейінгі мекемелер үшін
қозғалыс ойындарының жинақтарын жасап шықты. Балаларда қимыл-қозғалыс
дағдыларын қалыптастыру жӛніндегі алғашқы еңбектердің бірі -
Д.В.Хухлаеваның 6-7 жастағы балаларда қимыл-қозғалыс дағдыларын
қалыптастыруды үйретудің әдістемелік тәсілдерінің маңызы мен
арақатынасын анықтаған зерттеуі болып табылады. Балалар дене тәрбиесінің
жекелеген мәселелерін дамытуға практикалық қызметкерлердің таңдаулы
тәжірибелері елеулі үлес қосады. Педагогтардың, әдіскерлердің «Дошкольное
воспитание» журналында жарияланған мақалаларында, дене тәрбие
сабақтарында шынықтыруды, балаларға дене жаттықтыруды үйретуді жақсы
ұйымдастырудың, қимыл-қозғалыс ойындарын, спорттық ойындардың
элементтері бар ойындар және т. б. ӛткізу әдістемесінің шығармашылық
ізденістері ашылып кӛрсетіледі. Соңғы жылдарда балалар дене тәрбие
саласында едәуір мӛлшерде күн тәртібін ғылыми негіздеуге, сәби жастағы
және мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын
қалыптастыруға, қозғалыс ойындарының, шығармашылық белсенділіктерінің,
балалардың қозғалыс іс-әректтеріндегі дене қасиеттерін, жарыстың тәрбиелік
рӛлін, негізгі қимыл-қозғалыстар мен спорттық жаттығуларды т.б. үйретуге
арналған
ғылыми-зерттеулер
жүргізіліп,
диссертациялар
қорғалды.
Зерттеулерден шыққан нәтижелер балалар дене тәрбиесі теориясы мен
практикасының дамуына айтарлықтай әсер етеді және бағдарламаларда,
жасалып жатқан оқулықтар мен оқу құралдарына ӛз бейнесін табады. Олардың
авторлары ғылыми-зерттеу институттарының және жоғары оқу орындарының
ғылыми қызметкерлері болып табылады. Дене тәрбиесі процесінде үйретудің
мазмұнын,
ұйымдастырылуын,
әдістерін
жетілдіруге
Л.М.Артемова,
Е.Н.Вавилова, М.П.Голощекина, А.В.Кенеман, Л.М.Коровина, Л.В.Карманова,
Г.П. Лескова, А.В.Листенова, Л.И.Пензулаева, Н.В.Потехина, Г.В. Сендек, И.И
Сергееня, А.Д.Удалой, В.Г.Фролова, Д.В.Хухлаева және басқалардың



35
зерттеулері арналды. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі


теориясының қазіргі кездегі мәселелерін одан әрі дамыту қоғамдық ӛмір
талаптарымен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет