Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011


Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі, мектеп жасына



бет21/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   219
Байланысты:
Дєріс тезистері-emirsaba.org

Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі, мектеп жасына 
дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы және әдістемесінің дамуы 
Ӛмірдің шапшаң қарқыны, ғылыми-техникалық прогресс еңбектің алуан
саласындағы сан түрлі шығармашылық іс-әрекет қабылдау, есте сақтау, ойлану
процестерінің белсенділігін дәл, тез бағдарлауға және түсіп жатқан ақпарат
тудыратын реакцияға деген қабілетті талап етеді. Осыған байланысты
балаларды құрсақтағы кезеңнен бастап дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру,
денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту, мектепке және алдағы
қоғамдық ӛмірге дер кезінде даярлауды жүзеге асыру маңызды болып
табылады. Сондықтан балалардың дене тәрбиесі теориясы саласындағы
мәселелер сан алуан және келелі. Олар балалардың психикалық-физиологиялық
дамуына және оның туған күнінен басталатын қимыл-қозғалысына қатысты
заңдылықтардың аса маңызды мәселелерін: балалардың потенциялдық
мүмкіндіктерін және олардың дамуын қамтамасыз ететін жағдай жасауды
зерттейтін; барлық жас кезеңінде бүкіл тәрбиелеу-білім беру процесінің
мазмұны мен әдістерін ғылыми негізделген қозғалыс тәртібін, жүйке жүйесінің,
шынығудың гигиенасын қорытып жасап шығуға кешенді қарауды; қажетті
бағдар таба білуге тәрбиелеуді, адамгершілікті сана мен мінез-құлыққа ӛзінше
ойлануға,
сабақтың
алуан
түрлерінде
және
ойындық
іс-әрекетте
шығармашылық белсенділікке, спортқа, еңбекке т.б.деген сүйіспеншілікке
тәрбиелеуді қамтиды. Аталып ӛткен проблемаларды шешу ғылыми мекемелер
бастарын
қосып
біріктірген
ғалым-педагогтардың,
психологтардың,
физиологтардың, дәрігерлердің бірлесе күш жұмсауымен жүзеге асырылады.
Қазақстандағы мектепке дейінгі ғылымның дамуы туралы айтқанда бір атап
ӛтерлігі, 1924 жылы Орынборда тұңғыш рет ғылыми-педагогикалық жинақ
"Mектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу жӛніндегі нұсқау" жарыққа шықты.
Мектепке дейінгі тәрбие мәселелеріне байланысты журналист Нәзипа
Құлжанованың "Mектептен бұрынғы тәрбие", "Aна мен бала тәрбиесі" атты
еңбектері мектепке дейінгі тәрбиенің алтын қорына қосылды. Ағартушы-
ғалымдар:А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтардың мектепке дейінгі
балаларды тәрбиелеу жӛніндегі педагогикалық ой-пікірлері басшылыққа
алынды. 1945 жылы мектепке дейінгі мекемелер алдындағы теориялық және
тәжірибелік міндеттер анықталды. 1947 жылы республикалық деңгейдегі
ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып, ғалымдар, балалар
жазушылары, балабақша меңгерушілері, тәрбиешілер мен әдіскерлері қатысты.
1950 ж. Қазақ КСР Оқу министрлігінің ЬLАлтынсарин атындағы Педагогика
ғылымдарының ғылыми-зерттеу институты құрылып, ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүргізуде зор үлес қосты. Бүгінгі таңда педагог ғалымдар: A.B.
Андросова, Б.Арзанбаева, Б.Б.Баймұратова, C.Г.Бәтібаева, Н.Баримбеков,
Ә.C.Әмірова,
Г.X.Дүкенбаева,
З.Д.Еденбаева,
А.К.Меңжанова,
Г.Ж.Меңлібекова, Т.А.Макеева, Қ.M.Меңдаяқова, Г.Метербаева, Т.А.Левченко,
A.E.Манкеш,
M.T.Тұрыскелдина,
Ж.А.Исмайлова,
Т.Иманбеков,



36
Ф.H.Жұмабекова, C.H. Жиенбаева, О.Жұмадиллаева, M.C. Сәтімбекова,


А.Ж.Салиева, Ш.Сапарбаева, Н.Сайлауова, F.З.Таубаева, X.T.Шерязданова,
А.А.Нурахунова, т.б. мектепке дейінгі тәрбиенің әртүрлі салалары бойынша
зерттеу жүргізіп, тәлім-тәрбиенің мазмұнын, әдістерін талдаған. Аталған
ғалымдар еңбектерін оқып зерделеу арқылы мектепке дейінгі тәрбиенің даму,
қалыптасу бағыт-бағдарын айқындауға болады. Мектепке дейінгі дене тәрбиесі
теориясы мен әдістемесі мәселелері Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық
ғылымдар Академиясының мектепке дейінгі тәрбие кабинеттерінде, мектепке
дейінгі балалық шақ орталығында, дене тәрбиесінің ұлттық ғылыми-
практикалық орталығында, Қазақстанның мектепке дейінгі тәрбие беру
жүйесінің әртүрлі типті, түрлі және деңгейлі білім беру ұйымдарында
(мектепке дейінгі ұйымдар, жалпы білім беру мектептеріндегі мектеп алды
сыныптары, түрлі деңгейдегі БКИ-дегі мектепке дейінгі тәрбие және мектеп
алды дайындық кабинеттері, жоғары оқу орындары және орта кәсіптік білім
беру ұйымдарында мектепке дейінгі білім беру факультеттері және бӛлімдері)
жүзеге асырылуда. Ғылыми ақыл ойды дамытуда және дене тәрбиесі
саласындағы ғалымдарды біріктіруде Педагогика ғылымдары академиясы мен
Білім және ғылым министрліктері ұйымдастыратын конференциялардың да
маңызды мәні бар. Бұл конференциялар ғалымдардың белгілі бір кезеңдегі
зерттеу жұмыстарының қорытындысын шығарады және алдағы ғылыми
ізденістердің перспективаларымен, дене тәрбиесінің біздің еліміздегі қоғамдық
мектепке
дейінгі
тәрбиенің
дамуымен
сәйкес
туындайтын
ӛзекті
проблемаларды талдап қорытумен таныстырады. Дене тәрбиесі жалпы
мәдениеттің құрамдас бӛлігі. Бір сӛзбен айтқанда, денсаулықты қолдаудың жай
ғана тиімді құралы емес, сонымен бірге адамның қоғамда табысты болу
мүмкіндігі.
Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бӛлігі, адамның дене
қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік
қызметтің бір саласы. Жан-жақты дамуды дене тәрбиесінсіз елестету
мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн тәртібіне спортпен жүйелі
айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты
пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас
адамды айтамыз.
Қазақстанда кезкелген азаматтың денсаулығын сақтау жолында қалаған
спорт түрімен айналысуға, дене шынықтыруға жағдай жасалған. Үкіметіміз
халықтың денсаулығын, дене тәрбиесін жақсарту мақсатында кӛптеген заң,
бағдарламалар қабылдады. Атап айтсақ. «Қазақстан Республикасында дене
шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған
мемлекеттiк бағдарламасы», «Қазақстан Республикасындағы халықтың дене
тәрбиесi даярлығының Президенттiк сынамалары туралы ережесі», «Дене
шынықтыру және спорт туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2
желтоқсандағы N 490 Заңы», «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру
және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы» т.т. (Қосымшада заң, бағдарлама мазмұны ұсынылған).
Сонымен бірге құрсақтағы кезеңнен бастап ана мен бала денсаулығын қорғау



37
мақсатында арнайы перинатальдық орталықтар болашақ ұрпақ үшін жұмыс


жасауда. Дене тәрбиесіне ерекше кӛңіл бӛлудегі негізгі міндеттердің бірі-
балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру-сауықтыру және
спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, ӛйткені дене тәрбиесінің
негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады. Мектепке дейінгі кезеңнен
дене жаттығуларымен айналысу нәтижесінде спортқа қызығушылық
қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады. Осы қажеттілікті ескере
отырып, Қазақстан үкіметі білім беру саласының барлық буындарында, жалпы
бұқараның спортпен айналысуына, дене қимылын дамытып, салауатты ӛмір
салтын қалыптастыру мақсатында барлық жағдайларды жасауда. Оның айғағы-
барлық ӛлкелердегі спорт мектептері, стадиондар, спорттық-сауықтыру
кешендері, спорт залдары, спорт алаңдары, т.т. Тәуелсіз Қазақстанның кӛк
байрағын әлем тӛрінде желбіретіп жүрген олимпиада чемпиондарының,
спортшыларымыздың жетістіктері соның дәлелі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет