ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
130
дамуына бастау алатын жобалар жайлы сөз қозғаған болатынмын. Мысалы, Қазақстан 2050
стратегиясы. Ауылшаруашылығы бірнеше саланы қамтиды ғылым мен технологияны,
экономиканы. Экономикалық есепсіз ауылшаруашылығын басқару мүмкін емес.
Негізгі ұғымдар: экономикалық механизм, Қазақстан-2050 стратегиясы, экономикалық өсім,
интенсификация, инновациялық технология, инвестиция, Агробизнес-2020.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына2012 жылғы «Қа-
зақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында
ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы өсіп келе жатқанына қарамастан, бұл сала тарихи
стратегиялық маңызды сала болғандықтан оған инвестиция тарту керек екенін айттып кеткен. Соған
байланысты Үкіметке ауыл шаруашылығына барлық деңгейлерде қолдау көрсетіп, оның тиімділігін
жоғарылатуға одан әрі шаралар қабылдауды тапсырды.Қазақстанның аграрлық секторы үлкен
экспорттық мүмкіндіктерге және инновациялар енгізу үшін жоғары әлеуетке ие. Азық-түлікке деген
қажеттілік әлемде жыл сайын өсе беретін болады. Бізге бұл мүмкіндікті жіберіп алуға болмайды.
Мемлекет ауыл шаруашылығына орасан көмек көрсетіп отыр. Бізге жеке инвестициялардың аграрлық
өндіріске тәуекелін төмендету үшін заемдарды кепілдендіру мен сақтандырудың мемлекеттік жүйесін
жасап енгізу керек. Фермерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту үшін балама жолдар табу
қажет. Үкіметке бөлшек сауданы делдалдарсыз жүргізуді мемлекеттік қолдаудың тетігін жасап, енгізуді
тапсырамын. Мемлекетке астық саласын ұйымдастыру және құрылымдау, біртұтас астық холдингін
құру қажет. Ет өндірудің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі жобаны жүзеге асыруды белсендірек
ету қажет.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында ел экономикасын дамытудың бір жолы ауыл
шаруашылығын жаңғырту екенін айтқан болатын. Елбасы ауыл шаруашылығы өнеркәсібінде сапалы
секіріс жасау толықтай қолымыздан келетінін, ал ол үшін бізге жаңа тұрпаттағы мемлекеттік ой-сана
қажет болатынын атап өтті.
Атап айтқанда, 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан
мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы ауыл
шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауыл шаруашылығын ауқымды
жаңғырту қажеттігін мәлімдеді [1].
Елбасы біздің алдымызда әлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болу және ауыл
шаруашылығы өндірісін арттыру мақсаты тұрғанын атап өтті. Ол үшін егістік алаңын ұлғайту, жаңа
технологиялар енгізу есебінен егістік түсімін елеулі көтеру, әлемдік деңгейдегі мал шаруашылығы
жемшөп базасын құру үшін үлкен әлеуетке ие болу міндеттерін алға қойды. Қазақстан Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз экологиялылыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті
брендтер құруға тиіспіз. Нәтижесінде мен агроөнеркәсіптік кешеннің алдына - экологиялық таза өндіріс
саласындағы жаһандық ойыншы болу міндетін қоямын», -деді.
Елбасының айтуынша, жер өңдеу мәдениетін өзгерту және жаңа ғылыми, технологиялық,
басқарушылық жетістіктерді ескере отырып, мал шаруашылығындағы дәстүрлерімізді жаңғырту
қажет. Аса ірі экспорттық нарықты меңгеру үшін қай азық-түліктің жаппай өндірісін басты етіп қоюды
айқындау керек. Алынған шаралардың нәтижесінде 2050 жылға қарай ел ІЖӨ-дегі ауылшаруашылық
өнімінің үлесі 5 есе артуы тиіс. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін Мемлекет басшысы Үкіметке ар-
найы жаңа бағдарлама әзірлеу жөнінде тапсырма берді. Соның ішінде ең жаңа агротехнологияларды
қолдануға бағытталған орта және ірі тауарлық ауылшаруашылық өндірістерін құру жөніндегі
заңнамалық және экономикалық ынталандыру жүйесін тұжырымдау міндеттерін қамтуды жүктеді.
Соған орай Үкімет өте қысқа мерзім ішінде Қазақстан Республикасында агроөнеркәсiптiк кешендi
дамыту жөнiндегi 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын әзірледі. Бұл
құжат Үкiметтiң 2013 жылғы 18 ақпандағы арнайы № 151 қаулысымен бекітілді.Үкіметке мал шаруа-
шылығының басқа салаларын, оның ішінде қой шаруашылығын, сондай-ақ жемазық өндірісі мен
шалғайдағы жайылымдық мал шаруашылығын дамыту жөніндегі бағдарламаларды жасауды
қамтамасыз етуді тапсырамын.
Жалпы ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту - халықтың әл-ауқатын ауыл шаруашылығы
өнімдері арқылы жоғарылату, сала кәсіпорындарының қаржылық - экономикалық жағдайын
тұрақтандыру, үйлесімді дамыту жолдарын іске асыру.
Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізіп, өнімін шығаратын агроқұрылымдарға ауыл шаруашылы-
ғы кәсіпорындары: өндірістік шаруашылықтар, ұжымдық ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, серіктес-
тіктер, акционерлік қоғамдар, жәнеқосалқы шаруашылықтарымен шаруа (фермерлік) қожалықтар жа-
тады. Олардың өндірісі дамуының экономикалық механизмін жетілдіру жағдайын қарастыру
барысында алдымен экономикалық механизмнің мәніне тоқталайық.
Экономикалық механизм дегеніміз – шаруашылық механизмі мен ұйымдастырушылық-
экономикалық қатынас түрлерінің бөлігі, оның мағынасы өнім өндіруге әрекет жасаушы әртүрлі
әдістердің дұрыс қатынастар жиыны (оның ішіне баға және қаржылы-несиелік механизмі, салық пен
сақтандыру жүйесі, АӨК инвестициялау мен бюджеттік қолдау да кіреді) [2,17 б].
СОВРЕМЕННЫЕ ТЕНДЕНЦИИ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА
131
Ауыл шаруашылығы ұлттық экономикамыздың негізін құрайды. Ауылдың әлеуметтік жағдайын,
тұрғындардың тұрмысын түзеу үшін қатарынан үш жылды ауылға арнау елімізге үлкен өзгерістер
әкелді. Ауылдық жерді дамыту ұғымы тек қана, ауыл шаруашылығын дамытудан әлдеқайда үлкен
нәрсені көздейді. Бұл ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуы болып
табылады. Демек, бүгінгі таңда ауылды жандандыру ауылдағы саяси, әлеуметтік әрі әкономикалық
байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас құрамдас бөлігі ретінде қарастыруымызға болады. Ауыл
дегеніміз – сайып келгенде, халықтың тұрмыс салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет ғұрпымыз
бен рухани тіршілігіміздің қайнары. Осынау саяси-моральдык және әлеуметтік факторлардың өзі-ақ
бізден ауылға барынша байсалды қарауымызды талап етеді. Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы жаңа
концептуальдық-ғылыми көзқараспен талдап, алғаш рет тарих ғылымына бұл мәселеге жаңа ғылыми
тұжырым жасау міндетін туғызды. Бірақ осыған қарамастан, бұл мәселе бойынша қазақстандық
зерттеушілер арасында тарихшы ғалымдар да біраз жұмыстар тыңдырды.
Кеңес өкіметі кезеңіндегі жүргізілген ауылдағы реформалар күткен нәтижесін бермеді, аграрлық
сектордағы
әлеуметтік-экономикалық
жағдай
нашарлап,
өндіріс
көлемі
қысқарып,
ауыл
тұрғындарының өмір сүру деңгейі төмендеп, әлеуметтік жағдай жылдан-жылға шиеленісті. Осы
тұрғыдан қарағанда, Кеңес үкіметінің Қазақстанда жүргізілген волюнтаристік саясаты халыққа
жасалған қиянаты, дүниенені өзгертудің зорлыққа негізделген концепциясының жарқын бір көрінісі
іспетті. Сондықтан да тоталитарлық жүйе кезінде біржақты, кейде субъективті және коммунистік
идеология рухында зерттелген аграрлық мәселелерді қәзіргі заманның талабына сай, өткен тарихқа
сын көзбен қарап, оларды жаңаша зерделеп, сараптау міндеті туындайды.
Бүгінде Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет жағдайына қол жеткізгенде тарихымыздағы осы
олқылықтың орнын толтыруға жағдай жасалуда. Өтпелі кезеңнің зардабы ауыл шаруашылығына және
бүкіл аграрлық секторға қолайсыз болды. Аграрлық дағдарыстың табиғаты, негізгі себептері және
одан шығу жолдары ғылыми және көпшілік әдебиетте аз жазылған жоқ. Осы өзекті көкейтесті мәселе,
республика Президентінің еңбектерінде, түрлі Заң және атқарушы органдардың күнделікті іс-
тәжірибелерінен күн тәртібінен түспегені белгілі. Бірақ та ел экономикасының маңызды және өмірлік
қажет саласының әлеуметтік проблемаларын, әкімшілік басқару жүйесінен нарықтық жүйеге көшуге
байланысты, аграрлық саланың тұрақты және тиімді даму бағыттарын анықтау қажеттігі туындап
отыр. Бүгінгі таңдағы ауыл шаруашылығындағы алға басулар нарықтық қатынастарға көшу ауыл
шаруашылығын реформалауды да талап етеді. Аграрлық салада тың өзгерістер жасау үшін, өткен
тарихи кезеңнің келеңді, келеңсіз тәжірибелерінен үйрене отырып алға басқанымыз жөн – деп
түсінеміз. Сондықтан да, социализм тұсындағы аграрлық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы
кезеңі, нарыққа өтпелі кезеңдегі аграрлық қатынастардың, олардың ішкі құрылымының
ерекшеліктерін, аграрлық қатынастардың негізі болып табылатын жер қатынастарының қалыптасу
заңдылықтарын, аграрлық өндірістегі дағдарыс себептерін қарастыра отырып, азық-түлік қауіпсіздігі,
ғылыми-техникалық прогресс және оның ауыл шаруашылығындағы ерекшеліктерін, кооперация мен
жекешелендіру процесінің нәтижелерін, орталықсыздандыру саясатының ауылдық аймақтарға
жасаған ықпалы және ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеру мәселелері зерттеу тақырыптың
өзектілігін анықтайды [3].
Қазіргі жағдайда экономикалық механизм тұрақтандыруы мен дамуының жетекші буыны ретінде
қаржы-несиелік механизм жақсы жетілдірілген болуы керек. Ауыл шаруашылығындағы қаржы-несие
механизмі үнемі мемлекет қарауында болып, оны әрқашан жетілдіруге тырысады, оның тиімді жұмыс
жасауының бір шарты– меншіктің көп түрінің пайда болуы және осыған байланысты жалпы
мемлекеттік қаржы мен мекеме қаржысы арасындағы нақты шектеудің пайда болуы. Осы механизмнің
дұрыс жұмыс жүргізуінен саланың тиімді қызмет етуі анықталады, себебі, аграрлық сектордың ұлттық
экономикалық өсуге қосқан үлесін, оның ішкі және сыртқы рынокқа өнімдерді әкелуін, оған
қатысуынан, экономиканың басқа салаларында өндірілген ресурстарды тұтынушы ретінде болуынан
көреміз.
Ауыл шаруашылығын дамыту экономикалық өсімге әкеледі. Экономикалық өсудің типтері. Дүние
жүзілік экономика тарихы экономикалық өсудің екі типін біледі. Экстенсивті — өндіріс факторларын
сан жағынан ұлғайту арқылы қол жетеді. Интенсивті экономикалық өсуге факторларды сапалық
өзгерту арқылы қол жеткізуге болады. Мұнда ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктері
пайдаланылады. Интенсификация нәтижесінде тек өнім көлемі артып қана қоймай, сонымен қатар
оның сапасы жақсарады.
Ауылшаруашылығын интенсификациялау өте маңызды жұмыстардың бірі болып келеді. Себебі
интенсификациялаусыз ешбір ауылшаруашылық саласы дамымайды. Ауыл шаруашылық өндіріс
механизмін интенсификациялау саласының өнімдерін өнеркәсіп саласының тұтынуының тез өсуіне
әкеледі, ал ол отандық өнімдерді өткізудің ұлғаюы қарқынына әсерін тигізеді.Ауылшаруашылық
салаларын интенсификациялаудың арқасында көптеген заводтар , кәсіпорындар ашылған болатын.
Бұл кәсіпорындарда заман талабына сай сапалы өнім шығару үшін жаңа технологияларды қолда-
нады. Ғылым мен технологияның қарыштап дамуына байланысты ауылшаруашылығы да бұдан тыс
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
132
қалмайды.Себебі, қазіргі заманда ғылым мен технологиялық прогрессіз бірде – бір өндірістік саланы
алға қарай дамыту мүмкін емес.
Енді ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін нақты жағдайда пайдаланғанда қандай
болмақ, соны қарастыралық. Бұл вариантта еңбек пен капитал неғұрлым өнімді болады. Көп табыс
бұрынғыдай еңбек және капитал шығыны мен-ақ алынуы да мүмкін. Инвестиция капитал қайтарымын
көбейтеді.
Қазіргі уақытта инновацияларды дамыту есебінен экономиканың өсуін қамтамасыз етуге
бағытталған 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың
мемлекеттік бағдарламасы елдегі инновациялық саясаттың басты бағдары болып табылады [4].
Мысалы, картоптан жоғары өнім алудың міндетті шарты оны өсірудің барлық агротехникалық
әдістерін сақтай отырып, сапалы тұқымдық материалды пайдалану болып табылатыны белгілі.
Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін қауырт арттырудың түбегейлі тәсілдерінің бірі жергілікті
топырақтық-климаттық жағдайларға бейімделген жоғары өнімділікті сорттарды өндіріске енгізу болып
табылатынын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.
Сонымен бірге ауылшаруашылық өндірісіне вируссыз шағын түбірлі картоп алудың жеделде-
тілген технологиясын енгізу, картоптың сыртқы ортаның қолайсыз факторларына шыдамды жаңа
сорттарын өсіру және шаруа (фермерлік) қожалықтарын элиталы тұқыммен қамтамасыз ету міндеті
қойылды.
Инновациялық технологияларды енгізу ауыл шаруашылығындағы басым бағыттардың біріне
айналуда. Әлемдік тәжірибе ғылыми-техникалық прогрестің макро да, сол сияқты микро деңгейдегі де
тиімді әлеуметтік-экономикалық жаңарулардың бірден-бір шынайы негізі болып табылатынын растап
беріп отыр. Дегенмен, Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенінде ғылыми және іске енгізушілік саланы ұзақ
жылдар бойы жете бағаламаушылықтың бар екендігі байқалады, ал ол ғылым мен техника дамуының
тоқырауына, аграрлық ғылым беделінің жойылуына, АӨК салаларында ғылыми-техникалық прогресс
қарқынының бәсеңсуіне, өндірілетін ғылыми-техникалық өнімдерге сұраныстың болмай қалуына
әкеліп соқтырады.
Тұқымдық картоптың сапасын жақсарту үшін әзірленген технологияны енгізу және тауарлық
картоптың өнімділігін арттыру үшін инвестициялар бірінші кезекте, қажетті лабораториялық
жабдықтар мен приборлар сатып алуға бағытталды. Жаңа жабдықтар картоптың пробиркадағы
вируссыз тұқымдық материалын алуға және көбейтуге, сол сияқты, вирусты инфекциялардан таза
екендігіне және сертификаттау үшін талдаулар жасауға арналды.
Қазіргі күні лаборатория нағыз заманауи техникамен, жабдықтармен және приборлармен
жабдықталған. Сапалы лабораториялық зерттеулер жүргізу үшін онда климаттық камера, жарық-
культуралды бөлме, микробиологиялық бокстар, электрофоретті техника, термостаттар, талдамалық
безбендер және тағы басқалар бар. Ол картоп өсімдігінің пробиркадағы вируссыз шағын түбірлерін
алуға, түбірлерге вирусты инфекциялардың бар-жоғына тексерулер жүргізуге, вируссыз түбірлерді
шаруашылық-құндылық сапалары бойынша іріктеуге мүмкіндіктер береді.
Сол сияқты, ұсынылып отырған технологияны толықтай жүзеге асырып, энергия шығындарын
қысқарту, адам ресурстарын босату үшін Германияның әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, картоп
өңдейтін қазіргі заманғы ауылшаруашылық техникасы сатып алынды. Неміс техникасының тәсілдер
қолдануда өзінің үнемділігі және тиімділігі жағынан айтарлықтай ерекшеліктері бар. Мәселен, төрт
қатарлы жал салушы фреза (соқатіс) бір жүріп өткенде қопсыту, тырмалау, малалау және арам
шөппен күрес сияқты төрт операцияны бірден жүзеге асырады. Картоп отырғызғыш түбірлердің
дәлме-дәл түсуін қамтамасыз етіп, картоп өсімдігінің кепілді жиілікте өсуіне жағдай жасайды. Картоп
жинайтын комбайн бір еңбек күнінде 40 жұмысшыны алмастырады. Автоматты режімде бақылай
отырып, картопты сорттайтын және сақтайтын әрі сақтау үшін жағдайлар туғызатын жабдық тұқымдық
материалдың жоғары дәрежеде сақталуын қамтамасыз етеді.
Тамшылатып суарудың жалпы суарудан ерекшелігі сол, онда суды құбыр жүйесін (резеңке
шлангі) пайдалану арқылы мөлшерлеп және әр түпке жеке-жеке апаруға мүмкіндік туады. Технология
су шығындауда анағұрлым үнемді және қуатты аз қажет етеді. Оның сыртында мұндай технологияны
пайдалану барысында жердегі судың ластануының алды алынады, яғни топырақтың екінші рет
тұздалуына жағдай жасалмайды.
Осылайша, қолданылып отырған тамшылата суару технологиясы прогрессивті, су үнемдегіш
және экономикалық тиімді тәсіл болып табылады.
Қорытындылай келетін болсақ, қазір таңда ауылшаруашылығын дамыту соңғы жылдары әр
түрлі экономикалық бағдарламалардың арқасында қарқынды жүргізіліп келеді. Ел басының Н.Ә.На-
зарбаевтың ауылшаруашылығына деген оңтайлы көңіл бөлуінің арқасында Қазақстанның ауыл-
шаруашылығы жаңа деңгейге көтерілді деуге болады. Сонымен қатар жаңа технологияларды қолдану
арқылы сапалы әрі тиімді өнім алуға болатынын жоғарыда атап кеткен болатынмын. Мысал ретінде,
тамшылау технологиясы арқылы картоптан сапалы өнім алуға болады.
Ауылшаруашылығында интенсификациялау және ғылым технологияның қолдануы маңызы зор.
Қазақстан ауылшаруашылық өнімдері бәсекеге сай болу үшін ғылым мен инновациялық
технологияларды қолдануға мәжбүр. Ауылшаруашылығының дамуы экономикалық тұрғыдан да өте
СОВРЕМЕННЫЕ ТЕНДЕНЦИИ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА
133
тиімді Қазақстан әлемде астық сатудан 5 орында, ал ТМД елдерінің ішінде алдыңғы 3-ке кіреді.
Ауылшаруашылығын дамыту көп саланы құрайды ол дегеніміз экономика, ғылым мен технология.
Бұл салаларсыз ауылшаруашылығын алға қарай бастау мүмкін болмайды. Экономикалық зерттеу
арқылы біз ауылшаруашылығының әрі қарай даму болашығын айқындай аламыз.
Әдебиеттер:
1. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, Ақорда. 6
ақпан 2008.
2. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің инвестициялық белсенділігін реттеуге бағытталған
экономикалық механизмдерінің жүйесі //ҚазЭУ хабаршысы 2011, №3
3. Ауыл шаруашылығындағы инновациялар – саланы жаңғырту негізі , Егемен Қазақстан.
4. Назарбаев Н.Ә. Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа кезеңі //Егемен Қазақстан, 2005, 1
ақпан.
УДК 336.717.42
БАНКТІК НЕСИЕНІҢ ҚАЙТАРЫЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Арыстанова А.А. - студент, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Абжанова А.К. - аға оқытушы, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік универси-
теті
Бұл мақалада Қазақстандағы банктік несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету формалары
мен негізгі несиелеудің мәселелері қарастырылған. Несиелік қоржының сапасы мен өсу
динамикалары талданды.
Негізгі ұғымдар: несие беруші, банк секторы,несиелік порфель, несиелеу мәселелері.
Қазiргi уақытта қарызға ақша ұсынатын негiзгi несие беруші - банк болып табылады. Ол
кәсiпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып,
оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрiнде ұсынады. Бұл ретте банктен алған
несиенi тек қарызға алушы ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесiне тартылған ресурстарды
қайтаруға мiндеттi. Бұл арада банк бiр жағдайға несие берушi болса, екiншi жағдайда - қарыз алушы
болып көрiнедi.
Қарызға алушы - несиелiк қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндеттi
жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар карызға ақша алушылар болып
табылады. Қазiргi заман талабына сай қарызға алушылар - кәсiпорындар, кәсiпкерлер, халық,
мемлекеттер мен банктер болуы мумкiн.
Алайда, қарызға алушы карызға алынған қаражаттың меншiк иесi болып табылмайды, өндiрiс
саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрi, яғни
шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейiн оны iске асырып, пайдаланғаны үшiн
өтемақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейдi [1,74б.].
Несиелiк мәмiледе қарызға алушы несие берушiге тәуелдi, оған несие берушi өз талаптарын
қояды. Алайда, карызға алушы мен несие берушi несие қатынастарының толық құқықты жақтары
болып табылады. Олар міндеттi түрде қатысуы керек және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы
мумкiн. Несие берушi - қарызгер болуы мумкiн. Несие берушi мен қарызға алушы өзара іс
әрекеттерiнде қарама-қайшылықтың бiрлiгi сипатын көрсетедi.
Несиелiк мәмiленiң қатысушылары ретiнде олар оны қарама-қарсы жақтарында тұрады.
Олардың мүдделерi де бөлек, несие берушi неғұрлым жоғары пайыздық несие бергiсi келеді, қарыз
алушыға мүмкiндiгiнше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесi болады.
Қазіргі кезде несиенің өз уақытында қайтару кепілдік жүйесін құру банк үшін әр түрлі меншік
формасындағы кәсіпорындарды дамыту мен байланысты ерекше маңыздылыққа ие.Несиенің
қайтарымдылығын қамтамасыз ету формасы қарыз алушының нақты қайтарушы субъектіні анықтауы
қажет және несиегердің пайдалануына заңи түрде жасақталуы тиіс.
Суданы өтеудің механизмі несие келісім шарттарында бекітіліп, несиені қайтарудың негізгі
арнасын және оның кепілмен қайтарылуын қамтамасыз етудің бірден-бір жолы. Бұндай кепілділік
төлемді қайтаруды ұзартуда қажет тәуекел түрі болып табылады. Несиені қайтаруды қамтамасыз
етудің кепілі несиегерге оның сақталуын, ссуданың шапшаң қозғалуын қамтамасыз етеді.
Банктік тәжірибеде ссуданы өтеудің көзі болып өнімді өткізуден түскен табыс болуы мүмкін, ол
қарызгер үйлестіруші болып табылады. Ол өнімді өткізуден түскен түсім болуы мүмкін немесе мүлік
және қарызгер үйлестіруші болып табылады. Өнімді өткізуден түскен түсім – банктік ссуданы өтеудің
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
134
негізгі қайнар көзі, бірақ ол несиені қайтарудың әрдайым арнасы бола бермейді, несиені қайтарудың
кепілі болып қаржы тұрақты мекемелерде жүзеге асуы мүмкін.
Кәсіпорындарға, яғни бірінші сыныпқа жатқызылмайтын қарызгерлерге қосымша несиені
қайтару жолдарын қарастыруы тиіс. Несиені қайтарудың формаларына мыналар жатады:
1) Мүлік кепілі және құқығы;
2) Міндеттер мен құқықтардың шектеусіздігі;
3) Жекеменшік құқықтарынң берілуі;
4) Кепілділік;
5) Сақтандыру.
Көрсетілген формалар несиені қайтаруды қамтамасыз етуде аранайы өзіндік құжаттармен
көрсетіледі. Клиенттердің мүлікке салынған кепілі банк несиелерін қайтаруды қамтамасыз етудің көп
тараған формасы. Кепіл операцияларын банктер, маманданған несие-қаржылық институттар жүзеге
асырады, олар қаржылық материалдық құндылықтарды ссудаға кепіл арқылы береді (бағалы қағаздар
т.б). [2, 128б.].
Міндеткерді қамтамасыз етудің кепілділік түрі мынадай түрде несиегер міндеткердің алынған
мүліктің құнына сәйкес кепіл болып, басқа несиегерлер арасында жауаптылыққа ие болады. Салынған
мүліктің құны ссуда берілгенде оған салынатын кепіл мүліктің барлық құнына емес, оның 50-90%
құнына салынады.
Келісім шартта кепіл туралы келесілері көрсетілуі тиіс:
- Кепіл заты және оның бағасы;
- Міндеттердің орындалу уақыты;
- Берілген мүлік қай жақтан екенін анықтау.
Келісім шарттың кепілі туралы тарауында келесі құжаттар көрсетілуі тиіс:
- Мүлік құны, банкке берілген кепіл;
- Мүлікке салынатын қоймалық құжаттар;
- Егер мүлік шетелде қолданылатын болса, кеден декларациясы беріледі;
- Берілген мүліктің сапа сертификаты мемлекеттік эксперттен өтуі тиіс.
Кепілдікке мыналар қабылданбайды: шикізат; аяқталмаған өндіріс; азық-түлік; тауарлы-
материалдық құндылықтар.
Тұтынушылардың сұраныстарына жауап бермейді. Кепіл сонымен қатар оның көлеміне нақты
уақытта қызмет етуін пайыз бен шығындарды қоса отырып, өтеу мерзімін шегере отырып,
тұрақсыздыққа, салынған мүлікке байланысты шығындарды қоса жүргізеді. Кепіл заты өзін жойса
немесе зақымдалса жекеменшік құқығы немесе шаруашылық енгізу қарызгер кез-келген уақытта кепіл
затын қайта жасақтап немесе оны құнды затпен яғни сол кепілмен тең мүлікпен ауыстыра алады.
Кепілдің объектісіне байланысты кепілдің бірнеше түрін айырады:
- Клиенттің мүлік кепілі;
- Құқық кепілі;
- Тауарлы-материалдық құндылықтар;
- Дебиторлық шоттар кепілі [3, 199б.].
Кепіл туралы келісім шарт заңды құжат жазу формасында негізгі міндеттен бөлек
қарастырылады. Кепіл келісім шарты құқықтық органдарда тіркелуі тиіс, мүліктің тіркелгендігін
қамтамасыз ету, егер өзгертулер болса қосымша тіркелу жүргізіледі. Қазіргі уақытта Қазақстанда
қарыз алу сәнді, ал қайтару – мәселе болып табылады.
Банктер тұтынушылық несие алушы клиенттерге белсенді күрес жүргізіп жатыр. Бәсекелестік
артықшылықтардың ортасында ұсынатын несиенің пайыздық мөлшері ғана емес, рәсімдеуге арналған
құжаттардың аздығы. Яғни, потенциалды клиентті тарту үшін жасалады. Бүгін алты банк
төлемқабілеттігін тексермей, бір құжатпен ғана несие беруге дайын. Бұл олардың тәуекелдікке баруға
дайындығын көрсетеді.Бір құжатпен несиені Казкоммерцбанк, АТФ, Kaspi, БТА, Темiр және Альянс
банктері ұсынады. Басқа банктерде сонымен қатар мекенжайы,жұмыс өтілі, табыс туралы т.б.
мәліметтерді талап етеді.
Соның салдарынан соңғы кездері банктеріміздің несиелік портфелінің сапасының төмендегені
де жасырын емес. Төлем қаблетіліктің төменденген деңгейін, сонымен қатар оның қаншалықты
өскенің біз нақты көрсетілген сандар түрінде келесі кесте 1- ден көруімізге болады [4].
Достарыңызбен бөлісу: |