СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ НЕГІЗДІ СИПАТТАМАСЫ
Айманов А.Е.
№68 жалпы орта мектеп, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы
Сытышев Е.С.
Қайнар жалпы орта мектебі, Қайнар ауылы, Сайрам ауд.,
Қазақстан Республикасы
Сөз тіркесі жөнінде жүйелі зерттеулердің қалыптасып дамығанына көп болған жоқ. Қазан
төңкерісіне дейінгі еңбектерде тек сөйлем мүшелерін, олардың байланысын, орын тəртібін
көбірек сөз қылды да, ал сөз тіркесіне байланысты мəселелер онша ауызға алынбады. Түркі
тілдерінің сөз тіркестері тек кеңес дəуірінде ғана зерттеліне басталды. Орыс тілінде сөз
тіркестерін тұңғыш қолға алған В.В. Виноградов сөз тіркестерінің түрлері, байланыс
формалары жəне олардың құрылысы тіл білімінің ең басты бөлімі екендігін айтады.
Сөздер өзара тіркескенде, бір-бірімен əр түрлі тəсілдер арқылы байланысады:
1. Сөздер өзара қосымшалар арқылы, əсіресе жалғаулар арқылы, байланысады.
90
2. Сөздер бір-бірімен септеулік шылаулар арқылы байланысады.
3. Сөздер өзара ешбір жалғаусыз, шылаусыз, түбір тұлғаларында тұрып байланысады.
4. Сөздердің арасындағы мағыналық байланыс кейде дауыс ырғағы арқылы де беріледі.
«Қазақ тілінде сөз тіркестері арнайы түрде тек ұлы қазаң төңкерісінен кейін, онда да 1930
жылдан бастап сөз бола бастады» деп тұжырымдайды Т.Сайрамбаев.
Мұны ең алдымен Қ.Жұбанов сияқты ғалымдарымыздың еңбектерінен айқын көруге
болады. Ал Қ.Басымовтың «Сөйлем мүшелері туралы», «Пысықтауыш» т.б. мақалаларында тек
бастауыш пен баяндауыштың қиысуын ғана сөз еткені болмаса, олардың басқа байланысу
формаларына арнайы тоқталмаған.
Сөз тіркесі туралы мағлұмат мектеп грамматикаларында тек 1939 жылы беріле бастады.
Бұл ретте С.Аманжолов, С.Жиенбаев, Т.Сауранбаев т.б. еңбектерін атауға болады.
Əрине, онда дəл қазіргідей сөз тіркестері деп аталмағанмен, əркім өзінше сөздер тізбегі,
сөздердің қарым-қатынасы, сөздердің байланысы деп көп уақытқа дейін əртүрлі айтып келгені
белгілі.
Қазақ тілі синтаксисі туралы арнайы зерттеу жүргізген С.Аманжоловтың сөз тіркестері
туралы өзіндік пікірлері болды. 1940 жылы «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы»
деген еңбегінде де сөз тіркесі туралы арнайы тоқталғандығы белгілі. Онда автор «Сөйлем
мүшелелерінің өзара қарым-қатынастары» деп оларды беске бөліп қарастырады: қиысу,
жанасу, қабысу, меңгеру - меңгерілу жəне бесінші етіп сөйлем мүшелерінің орын тəртібін де
осыған енгізеді. Автордың алғашқы төрт түрін қостағанмен бесіншіні, яғни «сөйлем
мүшелерінің орындары» дегеніне қосылуға болмайды.
Бұл еңбек 1950 жылы түзетіліп қайтадан басылды. Онда арнайы түрде сөйлемдегі
сөздердің (сөйлем мүшелерінің) қарым-қатынасы, меңгерілу, қабысу жəне жанасу деп төртке
бөліп дəлелдейді:
Сөйлемдегі сөздердің байланысына 1930 жылы Т.Сауранбаев, С.Аманжолов бірігіп
жазған «Қазақ тілі грамматикасы» еңбегінде біраз тоқталған. Бұл еңбегінде автор сөз
тіркестерін «синтаксистік қатынастар» деп атай отырып, оларды субъекті, предикаттық,
объектілік атрибуттық жəне сипаттауыштық қатынас деп бірнеше түрге бөледі.
Автор бастауыш пен баяндауыш арасындағы қатынасты субъекті предикаттық деп атаса,
ал пысықтауыш сөздердің етістікпен байланысын объектілік, ал анықтауыш пен анықталатын
мүшелерінің байланысын атрибуттық қатынас деп бөледі. Сол сияқты бұлардан өзгеше
изафеттік құбылысты өз алдына қарастырып, оның өзіндік жасалу жолын дұрыс көрсетеді.
Бұдан кейінгі шыққан «Қазақ тілі» еңбегінде сөз тіркестерін қиыса меңгеріле, қабыса жəне
жанаса байланысатынын айтады. Жай сөйлемге енген сөздердің бір-бірімен өздерінің орын
тəртібі, интонация, қосымшалар, шылаулар арқылы байланысу жолдарына тоқталады.
С.Жиенбаев «Синтаксис мəселелері» деген еңбегінде сөйлем мүшелерінің байланысу
формалары туралы арнайы сөз етпейді. Онда автор «жай сөйлемнің синтаксисі, құрмалас
сөйлемнің синтаксисі» - деп сөз тіркесінің синтаксисін жеке қарастырмайды. Алайда ол
еңбектің «синтаксистік кейбір мəселелері туралы» деген бөлімінде «Қиысу туралы» арнайы
тоқталып, өзіндік тұжырымдар жасайды. Мұның өзі авторлардың бұл мəселеге аз да болса
көңіл аударғандығын аңғартады. Ал «сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы» деген бөлімінде
автор байланысу формаларынан гөрі байланысу амалдарына назар аударғысы келеді.
Бұл еңбектерде сөз тіркесі айтылғанымен олардың толып жатқан заңдылықтары, атап
айтқанда байланысу формалары мен амалдары, түрлері, оның синтаксистік қатынастары
арнайы сөз болып қозғалмайды. Бұл жөнінде жалпы түркология, оның ішінде қазақ тіл
білімінде көптеген жұмыстар жазылып жəне одан əрі зерттеліп жатқаны да белгілі.
Жалпы сөз тіркестерін зерттеу тек 1950 жылдардан кейінгі уақытта ғана бір жүйеге келе
бастады.
Отандық тіл ғылымында сөз тіркесі синтаксисі мəселесі жөнінде Н.К.Дмитриевтің,
А.Н.Кононовтың, Е.И.Убрятовалардың еңбектері жарық көрді. Олар қиыса, қабыса жəне
меңгеріле байланысқан сөз тіркестері түрінде сипаттайды. Қазақ тілі білімінде сөз тіркесі
(сөйлем мүшелерінің байланысы) 1950 жылдарға шейін тек мектеп грамматикаларының
көлемінде айтылып келеді. Онда да сөз тіркесінде толық анықтама беріп оның түрлі жақтарын
егжей-тегжейіне дейін зерттеген ешкім болған емес. Сөз тіркесінің зерттелуі тек кейінгі кездің
жемісі болып отыр.
Сол туралы А.Л.Коклятова: «Сөздердің байланысы септікті жəне шылаулы тіркестер мен
анықтауышты конструкциялар түркі тілдерінде əлдеқашан қолға алынған болатын» деген еді.
91
Алайда арнаулы зерттеулер тек қазір пайда бола бастады. Соның бірі – профессор
М.Балақаевтың «Основные типы словосочетаний в Казахском языке» деген еңбегі. Бұл
еңбегінде автор сөз тіркестерінің құрылымдық түрлері, есімді, етісті сөз тіркестерін шылаулы
меңгеру мен септікті меңгеру сияқты көптеген мəселелерін жан-жақты дұрыс көрсетеді» деген
болатын.
М.Балақаевтың еңбегі түркі тілдерінде сөз тіркестері туралы бірінші туынды мұнда автор
сөз тіркестерінің көптеген теориялық мəселелерін жан-жақты ашып берді. Негізінде сөз
тіркестері туралы жалпы түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде профессор
М.Балақаевтың еңбектерінен толық мағлұмат алуға болады.
М.Балақаев сөз тіркестерін жалпы есімді, етістікті етіп екіге бөліп, оның əрқайсысының
өзіндік ерекшеліктерін олардың басыңқы компоненті мен бағыныңқы компонентінің қандай сөз
таптарынан болатындығын жəне ондай кездегі тіркесу қабілетін дұрыс қорытындылайды.
Сол сияқты автор бұл еңбегінде сөз тіркестерінің байланысу формалары мен амалдарын
жəне олардың синтаксистік қатынастарын сөз етеді. Сөз тіркестерін байланысу формаларына
қарай қабысу, қиысу, меңгеру жəне матасу деп төртке бөліп қарастырады.
Осы күнге дейінгі жəне осы кездегі көптеген түркі тіліндегі еңбектерде байланысу
формаларын дəл орыс тіл біліміндегідей үшке бөліп берушілік басым болып келеді. Əрине,
мұндай жағдайда əрбір тілдің өзіндік ерекшелігіне қарау керектігі айқын. Осы тұрғыдан
алғанда профессор М.Балақаев басқа тілдерге қарағанда қазақ тілінде төрт түріне матасу деген
байланысу формаларын енгізеді. Мұндай бөлудің өзіндік белгілері мен ерекшеліктеріне сай
дұрыс алынуы практикада айқын байқалып жүр. Сөз тіркестерін сөйлемнен ажырату – жалпы
тіл білімінде негізгі мəселелердің бірі. Алдымен сөз тіркесі дегеніміздің өзін ашып, оның не
екенін түсінуіміз керек. Бұл жердегі негізгі мəселе мынада:
Сөз тіркесіне синтаксистік топ құрайтын барлық сөздердің тіркесін жатқызамыз ба, əлде
предикативті қатынасты да жатқызамыз ба?
Осы негізде кейбір ғалымдар, мысалы: Фортунатов, Пешковский т.б. толық мағынасы бар
грамматикалық тіркестердің барлық түрін сөз тіркесіне жатқызамыз дейді. Фортунатовтың
пікірі бойынша, сөйлем, дегеніміз сөз тіркесінің бір түрі (разновидность), көрінісі. Бұлардың
пікірінше, сөйлем мен сөз тіркесінің ешбір айырмашылығы болмайды.
Керісінше, кейбір ғалымдар Буслаев, Потебня, Шахматов т.б. сөз тіркесін жоққа
шығарады. Олардың пікірі бойынша, негізгі етіліп сөйлемнің теориясы жəне сөйлемнің
мүшелері алынады. Сөйтіп сөз тіркесі туралы мəселе тек түркі тілдерінде ғана емес, басқа
тілдерде де түрліше қаралды.
Сөз тілдік единица болып табылады. Ол морфология, лексикология, семасиологияның
объектісі бола отырып, сөз тіркесіне де қатысты. Өйткені ол сөз тіркесіне де сөйлемге де негіз
болады. Оларсыз жалпы сөйлем құрылмаған да болар еді. Сөз, негізінде, сөз тіркесін құруға
негіз болса, сөз де, сөз тіркесі де бірімен-бірі тығыз байланысты. Сол сөздерді бірімен-бірі
тіркестіріп, оны жетілдіре түсу ыңғайында ғана келесі біреуге ойымызды толық жеткізуге
болады.
Профессор М.Балақаев сөзді тілдік единица ретінде лексикология, семасиология,
стилистика, сөз таптары жəне сөйлем мүшесінің де объектісі ретінде зерттеді. Сонда сөз тіркесі
кемінде толық мағыналы екі немесе одан да көп сөзден құралады да, олар біріне-бірі бағына
байланысады екен. Сөйтіп, сөз тіркесі мен сөйлем синтаксистік категория. Бұл екеуі тығыз
байланысты. Бірақ кейбір ұқсастықтары болғанымен əрқайсысының өзіндік объектілері бар.
Негізінде бұлардың айырмашылықтары көптеген еңбектерде айтылып келеді.
Н.К.Дмитриев сөз тіркесі мен сөйлемді талдай келіп, екеуінің бір-бірінен
айырмашылығын ашып алу керектігін айтады.
Сөйлем екі полюс, яғни бастауыш пен баяндауыш болуы хақ. Сонымен, бір-біріне қатысы
жағынан бастауыш жəне баяндауыш болып келетін кез келген синтаксистік құрамды сөйлем
дейтін боламыз. Керісінше, өзара іштей бастауыш пен баяндауыш болып келмеген кез келген
синтаксистік тіркес сөйлем емес, сөз тіркесі деп танылады. Сонда сөз тіркесі сөйлем ішіндегі
статикалық қатынастарды баяндаудың формасы ғана. Сөйлем мен сөз тіркесінің
айырмашылығын Н.К.Дмитриев былай көрсетеді: Егер бастауыш пен баяндауыштық
қатынастан құралып, аяқталған ойды білдірсе, сөйлем деп, егер бастауыш пен баяндауыштық
қатынас болмай, олар тиянақты ойды білдірмесе, сонда ғана сөз тіркесі дейді.
Тіл білімінде бірыңғай мүшелердің өзара катынасын, сөз тіркесіне жатқызбау керек деген
де пікір бар. Көпшілік ғалымдар бірыңғай мүшелерді сөйлемнің өз кұрылымына байланысты,
92
онын өрбуіне қатысты компонент деп қарамайды. Оны дара-дара сөйлемдердің сыйысу амалы
деп атайды: Көкшетаудың бұлағы əлдиледі. Айыртаудың бұлағы əлдиледі. Бірақ тіл біліміне
арналған бірталай еңбектерде сөйлемдегі бірыңғай мүше болып келген сөздері де сөз тіркесінің
қатарына жатқызады. Сондағы дəлелдері мынандай: сөйлем құрамында бірыңғай мүшелер
өзара белгілі бір грамматикалық қатынасқа түседі: ыңғайластық, талғаулык, карсылықты т. т.
Бұл қатынастар шылау сөздер, интонация арқылы білдіріледі.
Бірыңғай мүшелердің қатысуымен кұрылған сөз тіркестері салаласып байланысқан тіркес
деп аталып жүр. Ілгеріде келтірілген сөйлемде Көкшетау мен Айыртаудың деген сөздер
бұлағы деген сөзге бағыныңқы мүше ретінде байланысып тұр: Көкшетаудың бұлағы,
Айыртаудың бұлағы. Ал бұлар өзара тең салалас қатынаста: Көкшетау мен Айыртау.
Сөз тіркесі синтаксистік қызметі жағынан, лексикалық мағынасы жағынан даралығын
жоғалтпаған сөздерден кұралады. Мысалы, өршіген жел, биік мая, тоты құс. Сөз тудыру,
сөздің грамматикалық мағынасын кұбылту үшін пайда болған тіркестер сөз тіркесі катарына
жатпайды: қызыл балық, ақ боз, ақ баттауық, көк ала. Мысал ретінде кетірілген сөздер —
күрделі сөздер. Бұлардың компоненттері бастапқыда синтаксиске тəн тəсілдер арқылы
қосылғанмен, казір бір ұғьмды атайтын сөз қалпына енген. Көп жағдайда осылай кұралған
тіркестер жүре келе бірігіп, біріккен сөзге айналып кетеді. (Ашқарақ, шетел, қолғап, жапалақ).
Сөз тіркесі сөйлемнің сөздерден гөрі күрделі, сөздердің өзара бастапкы байланысқа түсуі
арқылы пайда болған бөлшегі, тұлғасы деп санаймыз. Осыған карай сөз тіркесін сөйлем
құрауға қатысатын материал деп те атауға болады. Өйткені сөздер сөйлемге дара-дара
кірікпейді, өзара мағыналык, грамматикалық байланысқа түсіп кіреді. Күлімдеген ай шалқып
тұр: ай шалқып тұр, күлімдеген ай. Сөз тіркесі, сонымен, екі сөздің арасындағы катынасты
білдіреді. Құрамы жағынан бұл сөзден де, сөйлемнен де бөлек екені анық, ал мағына жағынан
қалай десек, сөз тіркесі де атауыштық (номинативтік) қызмет атқарады: оқыған бала, жаңа
қалада, далада жайылған т.т. Бұл жағынан сөз тіркестері сөзге жуық. Осылай екенін мынадан
байқауға болады. Атау көп жағдайда жаңа ұғымға жуық келетін сөздерге түрлі анықтауыш
қатыстыру арқылы жасалады: шай қасық, сары май. Осылай кұралған атауыш тіркестер
тұтасып біріккен сөзге айналып кетеді: қол қап-қолғап.
Біріншіден пайымдау логикалық ұғым, оны сөйлемді танудың белгісі етуге болмайды.
Екіншіден сөйлемнің құрамына еніп, оның бөлшегі болуға тиісті сөз тіркесінде сөйлем
білдіретіндей ұғымның бар-жоқтығын меже етудің жөні жоқ. Сөйтіп, сөйлем мен сөз тіркесін
мағынасына қарап айыру да мүмкін емес. Егер сөз тіркесі тиянақты ойды білдіретіндіктен сөз
тіркесі болудан қалады десек, онда əрі сөз тіркесі, əрі сөйлемдік қасиеттері бар сөздер тобының
кейбір синтаксистік заңдылықтарын ескермегендік болады. Желсіз түн, кең жайлау. Таудан
аққан үлкен өзен сияқтыларды біреулер сөйлем етіп жұмсаса, сөз тіркесі қасиетін жойды деу
шындық болмайды. Сондықтан ондай сөздер тобын сөйлемдік қасиеттеріне қарай сөйлем деп
танып, сөз тіркесімділік белгілеріне қарай əрі сөз тіркесі деп тани беруге тиіспіз. Тілдің
табиғаты солай етуді тілейді.
Əдебиеттер тізімі:
1. Жиенбаев С. Синтаксис мəселелері. – Алматы, 1939.
2. Балақаев М. Основные типы словосочетаний в Казахском языке, 1957.
3. Мелиоранский И.П. Краткая грамматика казах-киргизского языка.
4. Аманжолов С. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы: оқулық. 2-бас. – Алматы:
Санат, 2000.
93
ƏОК 82.3
ШЫҒАРМА АРҚАУЫ – ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ӨМІРІНІҢ ШЫНДЫҒЫ
Аманжол А.А., Хамзин М.М.
«Болашақ» академиясы» ЖММ,
Қарағанды қ.,Қазақстан Республикасы
Кез келген халықтың басында болатын тарихи оқиға, құбылыстың руханият мұрасында
бейнеленіп, көрініс табуы-табиғи заңдылық.
Жиырмасыншы ғасырдың 60-80 жылдарындағы қазақ əдебиетінің жеткен жетістіктеріне
əр адам байыпты оймен көз жіберсе, бұл жағынан мол көлем мөлшерімен бірге сан алуан
сапалық сипаттарды көреді: біздің төл əдебиетіміз қазір бұрынғы фольклорлық қалыптан
шықты, көп салалы, көп жанрлы профессионал əдебиетке айналды. Осынау жетістіктерге
əдебиеттің негізгі үш тегінің бірі – эпосқа жататын роман жанры да айрықша үлес қосты.
Жалпы, романның жанр ретінде қалыптасу тарихы өте көне дəуірден басталады. Роман,
негізінен, ол кезеңде махаббат жəне шытырман оқиғаларының бірігуінен туды. Екі ғашықтың
бір-біріне ынтық болуы, кенеттен айырылысуы, неше түрлі қиын-қыстау оқиғаларды бастан
кеше отырып ақыры табысуы, міне, осы жайттар көне дəуірдегі романға тақырып болып
келетін. Адамзат тарихында алғашқы романдар қатарына (роман – француз тілінен шыққан,
алғаш рет роман тілінде пайда болып, жалпыға ортақ эпикалық, прозалық баяндау түріне
айналды) Ксенофонттың «Кирдің тəрбиесі», Ктесияның «Персия», Каллисфеннің «Александр
жайлы роман» т.б. жатады. Романның жанр ретіндегі генезисі əлі толықтай анықталған жоқ.
Сол кезеңдегі қазақ романына тəн қасиеттер: əдебиетіміздің жетекші, кемел жанрына
айналуы, жанр байлығы, философиялық тереңдікке ұмтылу талпынысы, психологизм тəсілінің
жаңа да сапалы деңгейден көрінуі, қаһармандардың сезім күйінің, ішкі жəне сыртқы
бейнелерінің жан-жақты кескінделуі т.б. ұлттық романның басым бөлшегін, негізінен, тарихи
романдар құрайды екен, бұл заңды да, себебі 60-80 жылдарда тарихи романның көптеп тууын
Н.Добролюбовтың мына сөзімен түсіндіргеніміз абзал. Тарихи роман туады сол уақытта,
«когда народное сознание обращается к воспоминанию прошедшей своей жизни» [1].
Зерттеуші Г.Ленобльдің [2] пікірінше, тарихи романның негізін Батыс Европада Вольтер Скотт,
орыс əдебиетінде А.С. Пушкин салған.
Біз қарастырып отырған кезеңнен қазақ романшыларының ішінде аса өнімді еңбек еткен
қаламгер – жазушы І. Есенберлин. Оның қаламынан туған 6 тарихи роман – осы ойымыздың
жарқын дəлелі. Жазушының романдары, əсіресе тарихи романдары жайлы айтылған пікірлер,
азды-көпті зерттеулердің бар екендігі мəлім [4]. Алайда Есенберлин шығармашылығы
түбегейлі зерттелді деп ешкім де айта қоймас.
Жазушының барлық романдарын, оның ішінде тарихи туындыларын Адам деген
құдіретті объектінің тұрғысынан зерделеп, сол Адамның тарихтың, ғасырлардың тоғысуы
қарсаңындағы рөліне, орнына, тарихтың қатпарлы қыртыстарын жасаудағы жасампаздық
қызметіне, болмыс-бітіміне, кескін-келбетіне назар аудара отырып көңіл бөлсек деген ниетті
мақсат етіп отырмыз.
Кез келген халықтың қаламгері тарихи тақырыпқа баруды əрдайым отаншылық парызым
деп қарауы қажет, сол жүріп өткен жолына салауат, бүгінгісіне тəуба деп, болашақ күндеріне
үмітпен үңілуі абзал. Тарихи тақырыпқа бару елдің мəдени, рухани биіктігін көрсететін басты
шарт, себебі, надандығы, тағылығы арылмаған, өре, деңгейі төмен халық өз тарихын бағалай
алмаса керек. Тарихи оқиғаларды өз шығармасына арқау ету сол қаламгерлердің жеке өз
басына ғана тəн мақсат емес, заманның, дəуір талабының жазушы алдына қойған парызы екені
дау тудырмаса керек. Өйткені тарихтың сабақтарына талдау жасап, тиісті тұжырым,
қорытындылар шығару, олардан үйрену барша халықтың болашақтағы жүрер жолына апарар
Темірқазық іспетті десек, артық айтқандық болмас.
І.Есенберлин романдары жарық көрген кезең Кеңес үкіметінің, КСРО-ның салтанат
құрып тұрған кезі. Сол тұста Одақтық əдебиетке келген тарихи туындылардың қатарына
Д.Балашовтың «Младший сын», «Марфа-посадница», «Великий стол», «Бремя власти»,
Н.Задорновтың «Цунами», «Хэда», «Симода», «Гонконг» атты шығармалары бірігп, ортақ
атпен «Агронавты» аталған тарихи романдары, П.Загребельныйдың «Смерт в Киеве»,
«Евпраксия», «Первомост» тарихи романдары жатады. Осынау тарихи романдар цикліне
І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясына кіретін «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар»
94
романдары жатады. «Көшпенділерден» кейін жазушы қаламынан «Алтын Орда» тарихи
романтрилогиясы туғаны белгілі.
Тарих – барша адамзаттың анасы. Оның сабақтары, мейлі ащы болсын, мейлі тəтті
болсын, сол тарихты жасаушы – адамның өзі. Ғасырлар қойнауына бүгінгі күн тұрғысынан
үңіле білген əрбір адам бүкіл адамзаттың ең асылы – Өмір болса, сол адам өмірі үшін басын
тауға да, тасқа да соққан жекелеген тарихи қайраткерлерді көреді, өкінішке орай, елдік,
мемлекеттік деңгейге көтерілмек түгілі, өзі билік жүргізіп отырған ру-тайпа деңгейінен аса
алмай қалған тарихи тұлғалардың барша болмысына, іс-əрекет, қимылына жəне куə болады,
міне, сондықтан да болса керек, Есенберлин романшы барша адамзатқа қатысты аса маңызды
проблемалар – Соғыс жəне Бейбітшілік, ұлтаралық келісім, рухани тазалық, жеке тұлғаның
тарихи қым-қуыт тығырықтар кезіндегі роліне бүгінгі күн тұрғысынан жіті үңіле білген.
Ешкім бізді «неткен данышпан еді?» деп сөге қоймас, көкейге келген бір ойды, əдеби
процесті бағдарлаған кезде көңілде піскен бір пікір-тұжырымдарымызды келтіре кетейік.
Жалпы, əдеби процеске келген кішкентай да болсын бір жаңалық көрсек, оған тосырқай
қарайтынымыз, сөйтіп, тез арада сынап-мінеуге ұмтылатынымыз немесе салқын қабылдап, еш
пікір айтпай үнсіз қалатынымыз ақиқат нəрсе.
І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының құрамына енетін «Алмас қылыш»,
«Жанталас», «Қаһар» тарихи романдары жарық көрген кезде алуан түрлі пікірлер айтылды,
сынап-мінеушілер де, атүстілеу болса да, жалпылама болса да мақтаған пікірлер айтушылар да
болды. Трилогияны жан-жақты талдау, лайықты бағасын беріп, төл əдебиетіміздегі орнын
анықтау тек соңғы жылдары ғана қолға алына бастаған сияқты. Тарихи трилогия төңірегінде
ала-құла пікірлердің ақлыптасуы бірнеше мəселеге байланысты сияқты. Жалпы, қол жеткен
жетістігімізге асып-таспай, аузымыздан тəубамыз түспейтін көнбістеу, салқын қанды,
парасатты, ұстамды халықпыз ғой, əйткенмен, белгілі бір дəрежеде қалыптасып қалған
ұғымдардан көп реттерде аса ауытқи бермейтініміз, барымызды батыл айтып, жарқырата
көрсетуге келгенде, берік те тосын, жаңашыл тұжырымдар айтуға кенжелеп жататынымыз жəне
рас. Есенберлиннің ртарихи трилогиясы жайында айтсақ, осы ойларымыздың ақиқаттығына аз
болса да көзіміз жететін сияқты.
Жанр саласында І.Есенберлин төл əдебиетімізге жаңалық əкелді, қаламгердің есімімен
тарихи роман-шежіре (хроника) ұғымы тығыз байланысты. Əрине, көркемөнердің, оның үлкен
бір саласы - əдебиеттің аты əдебиет, ол, бəрінен бұрын, көркемөнерге қойылатын идеялық-
эстетикалық талаптарға жауап беруі қажет. Сондықтан да көптеген сыншы, əдебиетшілердің
Есенберлиннің тарихи романдарынан көркемдік сипаттар іздеуі заңды, алайда
«Көшпенділердің», «Алтын Орданың» жанры жағынан тарихи роман-шежіре екенін ескерсек,
бірінші кезекке халық тарихындағы аса елеулі тарихи оқиғалар шығады ғой, міне, осыны өзінің
зерттеуіндесыншы, ғалым Ш.Елеукенов өте байыпты түрде қадап айтты [5]. Əдебиет
зерттеушісі, сыншы Т.Тоқбергенов [6] өзінің «Үш тоғыс» атты кітабында: «Сонда Ілияс
Есенберлин сол ұл оқиғаны бұрыннан бар тарихи деректер ізімен қайта баяндап шықты да,
өзгеше көркемдік тəсіл іздеп жатпады. Бір есептен бұл дұрыс та сияқты. Өйткені бұндай тарихи
оқиғаны авторлық баяндаумен шолып шығу – арғы-бергі əдебиетте қалыптасқан жəйт.
Сондықтан дəл осы тұста сол ұлы оқиғаның анық əдеби картинасын бермедің деп Есенберлинді
кінəлаудың əсте қисыны жоқ. Біз бұдан бұрын да бұл жазушының қалам машығы авторлық
баяндауға бейім дегенбіз... Жалпы ретті жерінде шындықтан жалтарудың ешқандай орны жоқ,
Есенберлин шығармаларын біз көркемдік шеберлігніне бола жабыла оқып жүрген жоқпыз,
тарихымызға, тарихи деректеріміздің тапшылығын толтыруына бола оқимыз» деп жазды
І.Есенберлиннің «Жанталас» романы жайлы. Сыншы пікірінің құндылығына қосыла отырып,
екі түрлі нəрсені баса айтқымыз келеді: бірі – «Көшпенділердің» тарихи роман-шежіре екендігі,
екіншісі – Т.Тоқбергенов айтқандай, І.Есенберлиннің тарихи романдарында көркемдік
шеберліктің тапшылығы емес, керісінше, жанр жағынан тарихи роман-шежіре бола тұра,
оқырманды баурап алған жазушының көркемдік ізденістерінің біршама мол екендігі.
І.Есенберлиннің жалпы жұртшылық үшін аса ділгір, ауқымды, бүгінгі күннің терминімен
айтқанда, тарихымыздағы атаңдақ беттерге баруын ерлік деп бағалағанымыз жөн. Өзге
жайттарды айтпағанда, көркем шығарма арнап, сол үшін зардап шеккен талай қазақ жазушысы
мен тарихшысы тағдыр тəлкегіне ұшырағанын біле тұра, Кеңесары жайлы тарихи ролман
жазуға қорықпай баруы көркем əдебиеттегі, тарихымыздағы асқан ерлік, көзсіз батырлық дер
едік. Бұл айтылғандар – Есенберлин романшының болмысындағы үшінші ерекшелік болса
керек.
Жазушының стиліне тəн сипат – баяндау екендігін сыншы Т.Тоқбергенов дұрыс
байқаған. Егер əдебиеттің өмірдегі мақсат-мұраты адамтану ғылымын жетілдіру десек, сол
95
баяндаудың Адам деген өмір иесінің, онда да тарихи Адамның барша болмыс-бітімін ашуға,
сол жолда халықтық аңызды, ескі, көне фольклор мұраларын т.б. шебер игерумен
ерекшеленетінін айтқанымыз жөн. Тарихи роман-шежіре жанрында жазылғандықтан автордың
өткен оқиғалардыкейіпкердің монологымен, ой ағымыменберуі, өзі ерекше көңіл бөліп отырған
тарихи құбылыстарға өзгеше рең беріп, ұтымды тəсіл ретінде халықтың рухани бай мұраларын
шебер пайдалана білуі қаламгердің стильдік қолтаңбасына жатса керек.
Тілі бір, діні бір, əдет-ғұрпы, салт-дəстүрі бір қазақ руларының өз алдына жеке хандық
құруға ұмтылысы, екіжүзді Əбілқайыр ханның саясатына деген наразылықтың нəтижесінде осы
ұмтылыстың шапшаң түрде дамуы тарихи қажеттіліктен туған құбылыс еді. Батыр Саянды
өлімге бұйырса, қол астындағы қалың Арғыннан айырылып қалу қаупі бар, ақтап алса, сол
Арғынға қарсы қойып жүрген Қыпшақтан айырылатын күдік бар, қабағы қарс жабылып, Орда
ішінде оңаша алас ұрған хан Əбілқайырдың монологы, өткен тарихқа көз жіберуі бүкіл
Шыңғыс хан ұрпағының сонау əлем əміршісі атанған бабаларының тарихи қанды жолын ғана
емес, бүкіл сол тұстағы жақсылық пен жамандықтың бітіспес күресін, сол бір замана келбетін,
дəуір бейнесін ұтымды беріп тұр. Жоғарыда айтқанымыздай, сол дəуірдегі күштілер ғана өмір
сүретін салттан хабар берерде автор ел есінде сақталған ескі аңызды шебер пайдаланған.
«Ел билеу! Бұл мансапқор жанның ұлы тілегі. Кенет Əбілқайырдың есіне Шыңғыстың ел
билеу жөнінде балаларына айтыптымыс деген қағидасы түсті. Ұлы хан жаулап алған жерін төрт
ұлысқа бөліп, төрт баласына беріпті. Сол мəжілісте əкесінен өсиет естігісі келген үлкен ұлы
Жошы: «Ұлы мəртебелі Əлем əміршісі, хан қандай болу керек?» деп сұрапты. Шыңғыс: «Хан
халқының көңілін табу үшін ақылды, ал халқы оның көңілін табу үшін тақымды болуы
керек»деп жауап беріпті.
Шыңғыстың екінші баласы Жағатай: «Ханды қайткенде халқы сыйлайды?» деп сұрапты.
Шыңғыс хан: «Халқың сыйласын десең тағыңнан түспе» деп жауап беріпті.
Шыңғыс ханның үшінші баласы Үгедей: «Хан қайткенде тағынан түспейд?» деп сұрапты.
Шыңғыс хан: «Маңына өзінен ақылы төмен, бірақ құлқы өзіндей адамдарды жинай білсе, сол
хан тағында ұзақ отырады» деп жауап беріпті.
Шыңғыс ханның төртінші баласы Төле: «Қандай хан абыройлы болады?» деп сұрапты.
Шыңғыс хан: «Ойынан шықпаған туған баласына да рақымы жоқ хан əрқашанда абыройлы
болады» деп жауап береді...
Əбілқайыр да осы төрт жарғыға қол қойған адам» [9].
Ендеше, күні кеше ғана сияқты еді ғой сол Шыңғыстың осы атақты жарғы-өситін
қалдырғаны, олай болса, сол ұлы əміршінің ұрпағы Əбілқайыр ханға не болды? Айдаладағы
қара қазақ Батыр арасында татулық емес, араздық отын жағып, соның арқасында билік
шеңберінің тарылмауын ойлап, өз мерейінің үстем болуын көздеген əйгілі ханның бұл
шешімсіздігіне не жорық? Дүйім жұрттың алдында Асан қайғы бастаған қос ақын – Қотан мен
Қазтуғанның елдің ерлігі мен елдігін мадақтап, Шыңғыс хан бастаған қанды жорықты даттауы,
онда да Əбілқайырдың көзінше көсілуін не деп ұғуға болады? Қылышынан қан тамған Шыңғыс
заманының өткеніне небəрі 2-3-ақ ғасыр өтпеп пе еді? Ал екі-үш ғасыр тарих үшін бəлендей
көп уақыт емес қой, тəйірі!
Міне, осынау негізгі идея, эстетикалық қуатты өзінше беруге талпыну – романшы
Есенберлиннің стиліне тəн сипаттар. Əр қаламгердің көркемдік ізденістері, стильдік
ерекшеліктері өз алдына бір сиқырлы, жұмбақ əлем десек, оның яғни Есенберлиннің стилі
Шыңғыс хан, Бату жорықтарын баяндайтын В.Янның романдарынан осы жоғарыдағы
сипаттарымен дараланып тұр десек, қателеспеспіз.
Əдебиеттер тізімі:
1. Добролюбов Н. Полн.собр.соч. – М.: ГИХЛ, 1934. Т.I. – С.528.
2. Ленобль Г. История и литература. – М., 1960
3. Айтматов Ч. Отчет себе // Правда. 1967. 5 авг.
4. Елеукенов Ш. Көрс. Еңб.; Бердібаев Р. Көрс. Еңб.; Нұрғалиев Р. Көрс. еңб.;
Тоқбергенов Т. Үш тоғыс. – Алматы: Жазушы, 1997.т.б.
5. Елеукенов Ш. Көрс. еңб.
6. Тоқбергенов Т. Көрс. еңб.
7. Лосев А. Гомер. – М., 1960. – С.69.
8. Мағауин М. Ғасырлар бедері. – Алматы: Жазушы, 1991.
9. Есенберлин І. Алмас қылыш. – Алматы, 1971. 19-б.
96
ƏОК 81-11
Достарыңызбен бөлісу: |