Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Болашақ» академиясы



Pdf көрінісі
бет17/68
Дата06.03.2017
өлшемі5,4 Mb.
#7947
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68

синтаксисі деген жаңа саласының туындауына əкелгенін байқап жүрміз. 

Бұл мақала аясында біз ғалымның тек синтаксиске қатысты еңбектерін сөз қылдық, ал ол 

кісінің жалпы тіл біліміне, түркологияға, тарихи синтаксиске қатысты еңбектері қаншама! 

Демек,  ғалым  Т.Р.Қордабаевтың  артында  қалдырған  мол  мұрасы  өз  зерттелуін  күтіп 

тұрған  аясы  кең,  үлкен  ғылыми  еңбектер  ретінде  тілші-ғалымдардың  үлесінде  болса  керек 

деген ойдамыз.  

 

Əдебиеттер тізімі: 

1. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. – Алматы: Мектеп, 1987. – 

124 бет. 

2. Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі. – Алматы: Санат, 1995. – 

176 бет. 

3. Ахмет Р. Қордабаев еңбектеріндегі құрмалас сөйлем мəселелері// Тілтанудағы тұлға. – 

Қарағанды, 2005. – Б.94-96. 

 

 



ƏОК 81’366  

 

СӨЗЖАСАМДЫҚ ТƏСІЛДЕР 

 

Ахметова Н.Т. 

«Болашақ» академиясы» ЖММ, Қарағанды қ., 

Қазақстан Республикасы 

 

Сөзжасам – тіл білімінің жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық 

жағынан  дамуын,  жасалу  тəсілдерін  зерттейтін  саласы.Зат  не  құбылыс  туралы  ұғым  тілде 

таңбаланып,  сөзжасамдық  процесс  негізінде  атау  ретінде  танылады.  Сөзжасамның  зерттеу 

нысандарының  бірі – сөзжасамдық  тəсілдер.  Сөзжасамдық  тəсілдер  бірден  қалыптаспаған, 

уақыт  өте  келе,  бірте-бірте  қалыптасқан.  Қазақ  тілінің  сөзжасам  жүйесінде  көне  замандардан 

бері қарай қолданылып əбден орныққан, қалыптасқан негізгі тəсілдері мыналар: 

1) синтетикалық тəсіл, 

2) аналитикалық тəсіл, 

3) лексика-семантикалык тəсіл.  



Сөзжасамның  синтетикалық  тəсілі.  Қосымшалы  тілдерде  синтетикалық  сөзжасамдық 

тəсіл туынды сөз жасауда негізгі тəсілдер тобына кіреді. Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі 

қосымшалы  тілдер  болғандықтан,  сөзжасамның  синтетикалық  тəсілі  тілімізде  туынды  сөз 

жасауда  негізгі  қызмет  атқарады.  Синтетикалық  тəсіл  арқылы  туынды  сөз  жасауда  екі  тілдік 

бірлік қызмет атқарады: 1) лексикалық мағыналы сөз, 2) сөзжасамдық жұрнақ [1]. 

Синтетикалық тəсіл арқылы сөзжасамға қатысатын бұл тілдік бірліктердің əрқайсысының 

аткаратын өзіндік қызметі бар. 

Туынды  сөз  жасауға  қатысатын  лексикалық  бірлік  туынды  сөздің  мағынасына  арқау 

болады.  Сондықтан  да  туынды  сөз  жасауға  лексикалық  мағыналы  сөздер  ғана  қатысады. 

Мысалы,  табыскер,  шырайлы,  өнерпаз  сөздеріне  табыс,  шырай,  өнер  сөздері  негіз  болып  тұр, 

сондықтан  олар  негіз  сөздер  деп  аталады.  Туынды  сөз  жасауға  қатысатын  лексикалық 

бірліктерге қойылатын негізгі талап – оның лексикалық мағынасы болуы.Ал оның тұлғасы мен 

құрамына ешқандай шек қойылмайды, сондықтан туынды сөздің негіз сөзінің қызметін негізгі 

түбір  сөз  де,біріккен  сөз  де,  қысқарған  сөз  де  атқара  береді.  Мысалы,  ем  деген  сөзден – ші 

қосымшасы  арқылы  емші  деген  жаңа  сөз  жасалған.  Бұл  жерде,  ең  алдымен  –ші  қосымшасы 

арқылы  жаңа  мағыналы  (адам,  яғни  емдейтін  адам)  сөз  туған.  Бұл - -ші  қосымшасы  арқылы 

туған жаңа лексикалық мағынасы. Екіншіден жаңа мағыналы сөздің ұғымы адамға байланысты, 

адамның  мамандығына,  қабіллеттілігіне,  икемділігіне  т.б.  қасиеттеріне  байланысты 

болғандықтан,  əрі  ол  лексикалық  мағына  жалпыланып  заттық  мəнге  қатысты  блғандықтан, 


103 

 

жаңа туынды сөз зат есім болып тұр.Синтетикалық тəсілдегі екінші тұлға, екінші тілдік бірлік – 



сөзжасамдық  жұрнақ.  Синтетикалық  сөзжасамда  жұрнақ  негізгі  мүше  болып  саналады, 

синтетикалық тəсіл арқылы туынды түбірді тек жұрнақ жасайды. 

Синтетикалық тəсіл арқылы жасалған туынды сөздер туынды түбір деп аталады. Туынды 

түбір  негіз  сөз  бен  сөзжасамдық  жұрнақ  арқылы  жасалады.  Мысалы,  арда+гер = ардагер, 

көрер+мен = көрермен, дəріс+хана = дəрісхана, ой+ла = ойла, айып+кер = айыпкер, сəулет+ші = 

сəулетші т.б. 

Сонымен  туынды  түбірлер  бір  негізгі  морфема  мен  бір  көмекші  морфемадан  тұрады. 

Мысалы, өнерпаз>өнер (негізгі морфема)+паз (көмекші морфема). Осы сияқты барлық туынды 

түбірлер  негізгі  морфема  мен  көмекші  морфемадан  яғни  лексикалық  мағыналы  сөз  бен 

жұрнақтан тұрады. 

Синтетикалык  тəсіл  арқылы  жасалған  туынды  түбірлердің  құрамындағы  тілдік 

бірліктердің əрқайсысының орны бар, негіз сөз бірінші орында тұрады, жұрнақ екінші орында 

тұрады. 

Туынды түбірдің кұрамындағы морфемалардың орны тұрақты. Бұл заңдылықтан ауытқу 

тек  басқа  тілден  кірген  кейбір  сөздерде  кездеседі.  Мысалы,  бисаясат,  бейкүнə  т.б.  Мұндай 

жағдай біздің тіліміздің зандылығына жатпайды. 

Туынды  түбір  жасаушы  жұрнақтың  да  атқаратын  өзіндік  қызметі  бар.  Оның  негізгі 

қызметі - туынды  лексикалық  мағына  жасау.  Сондықган  көпшілік  сөзжасамдық  жұрнақтар 

лексикалық жаңа мағына жасайды. Мысалы, ойыншық туынды түбірін жасаған -шық жұрнағы 

ойын  негіз  сөзінен  басқа  лексикалық  мағына  яғни  ойнайтын  заттың  атын  жасаған.  Сонда 

мұндағы  ойын  сөзінің  лексикалық  мағынасынан  ойыншық  туынды  түбірінің  лексикалық 

мағынасы басқа. 

Сөзжасамдық  жұрнақтардың  көбі  осылайша  жаңа  лексикалык  мағына  жасайды.  Олар - 

тілдегі ең көп жұрнақтар. Осы жағдай сөзжасамдық жұрнақ жаңа лексикалық мағына жасайды 

деген ұғымды қалыптастырған. 

Сөзжасамдық  жұрнақтың  ішінде  сөздің  лексикалық  мағынасын  мүлдем  өзгертпей,  негіз 

сөздің мағынасын түрлендіретін жұрнақтар да бар. Мысалы, əкетай, жиеншар, басқаша, белес, 

əкежан,  балақан,  бірінші,  біреу,  ондаған  т.б.  осы  сияқты  туынды  түбірлердің  құрамындағы 

жұрнақтар негіз сөздің лексикалық мағынасын өзгертпей, оларға түрлі мағына қосқан. 

Мұндай  тілдік  құбылыс  басқа  тілдерде  де  бар.  Мысалы,  орыс  тілінде  мұндай  туынды 

түбірлердің мағынасын «модифицирующие значения» деп атаған. 

Сондықтан сөзжасамдық жұрнақтар екіге бөлінеді: 

1) лексикалық мағына жасайтын жұрнақтар, 

2)  лексикалық  мағынаны  түрлендіретін  жұрнақтар [2]. Сөзжасамдық  жұрнақтардың 

əрқайсысының  жеке  мағынасымен  бірге,  жалпы  мағыналары  да  бар.  Айталык,  бір  топ 

жұрнақтардың  мағынасы  заттық  ұғыммен  байланысты.  Мысалы,  саудагер,  көрме,  емхана, 

оттық,  сусын,  белес,  ауылдас  т.б.  осы  сияқгы  туынды  түбірлерді  жасайтын  жұрнақтардың 

мағынасы заттық ұғыммен байланысты. Ал сəнкой, көңілді, өнімді, тапқыш, əсемпаз, жинақы, 

сыншыл,  сəнді,  көйлекшең,  ақылды,  көреген,  білгіш  сияқты  туынды  түбірлердегі  жұрнақтар 

сындық белгі мағынасын жасаған. 

Мына  туынды  түбірлердегі  жүрнақтар  қимыл  мағынасын  жасаған:  басқар,  байы,  сына, 

ағар, бөліс, карай, көкте, ұзар, ақта, жина т.б. 

Жұрнақтар  мағынасымен  байланысты  сөз  таптарына  телулі  болады.  Əр  сөз  табының  өз 

сөзжасамдық  жұрнағы  бар.  Олар  əр  сөз  табына  қатысты  туынды  түбір  сөз  жасайды.  Бұл 

жағдайға  байланысты  əр  сөз  табының  өзіндік  сөзжасамы  қалыптасқан.  Синтетикалық  тəсіл 

барлық сөз табында сөзжасамдық қызмет атқарады. 



Сөзжасамның  аналитикалык,  тəсілі.  Аналитикалық  сөзжасамдық  тəсіл - тілімізде  көне 

замандардан  келе  жатқан,  тілімізді  көптеген  күрделі  сөздермен  толықтырған  өнімді  тəсіл.  Ол 

көпшілік  тілдердің  сөзжасамынан  орын  алады.  Ал  кейбір  тілдерде  негізгі  сөзжасамдық  тəсіл 

болып саналады. Мысалы, ондай тілдерге жапон, қытай тілдері жатады. 

Аналитикалық  тəсіл  деп  екі  я  онан  да  көп  сөзден  бір  лексикалық  мағыналы  сөздің 

жасалуы  аталады.  Мысалы,  Екібастұз,  ойтолғау,  Нүрдəулет,  Қызылорда,  баспасөз,  он  сегіз, 

келіп кет т.б. Бүл мысалдардың біріншісі үш сөзден, қалғандары екі сөзден құралған. 

Қосымшалы тілдерде аналитикалық тəсіл басқа тəсілдер қатарынан орын  

Аналитикалық  тəсіл  арқылы  жасалған  туынды  сөздер  күрделі  сөздер  деп  аталады. 

Күрделі сөздер толық мағыналы сөздерден жасалады. 

Аналитикалық  тəсіл  арқылы  жасалған  күрделі  сөздердің  бəрі  екі  лексема  арқылы 

жасалады, бірақ күрделі сөзде олардың əрқайсысы өзінің жеке тұрғандағы мəнін сақтамай, бір 



104 

 

тұтас мəнге көшеді. Қазақ тілінде аналитикалық тəсіл жиі қолданылатын, өнімді тəсіл болумен 



бірге, оның іштей бірнеше түрі бар: 1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4) қысқарту сияқты 

анлитикалық тəсілдің төрт түрі бар. 

Бұлардың  əрқайсысы  да  тілдің  сөзжасамында  өнімді  қызмет  атқарады,  олар  арқылы 

жасалған туынды күрделі сөздер тілде ете мол. Аналитикалық тəсілдің бұл ішкі түрлері арқылы 

жасалған  күрделі  сөздер  де  бір-бірінен  басқа-басқа  болады.  Аналитикалық  тəсілдің  осы  ішкі 

төрт  түрі  күрделі  сөздің  төрт  түрін  жасайды.  Олар:  біріккен  сөздер,  кос  сөздер,  тіркескен 

күрделі сөздер, қысқарған сөздер. 

Сөзжасамның  лексика-семантикалык,  тəсілі.  Лексика-семантикалық  тəсіл  арқылы,  зат 

есімге  заттану  арқылы  көшкен  сөздер  өте  көп:  бүлдірген,  ағарған,  қорған,  қамал,  айтыс, 



қоршау, ақ, асар, жетісі, екпін, тіл т.б. 

Лексика-семантикалык  тəсіл  арқылы  тілде  ғылымның  əр  саласында  терминдер  көп 

жасалған:  сөз,  буын,  мағына,  есім,  шылау,  Үстеу  (тіл  білімі),  құн,  нарық  (экономика),  теңеу, 

суреттеу,  өлең,  əңгіме  (əдебиет),  қимыл,  қозғалыс  (физика),  үш  бұрыш,  көбейту,  қосу,  алу 

(математика) т.б. 

Лексика-семантикалык  тəсіл  арқылы  сөздің  жаңа  мағынаға  көшуіне  байланысты  сөз  бір 

сөз  табынан  екінші  сөз  табына  ауысады,  оны  ғылымда  конверсия  деп  атайды.  Конверсия 

жолымен  жаңа  сөздің  жасалуы - өте  көп  тараған  тəсіл,  оның  ішкі  ерекшеліктері  де  бар. 

Лексика-семантикалық  тəсілде  сөз  мағынасының  өзгеруіне  байланысты  ол  үнемі  бір  сөз 

табынан  екінші  сөз  табына  ауыса  бермейді.  Сондықтан  лексика-семантикалық  тəсілдің  іштей 

айырмасы бар: 

1) сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі, 

2) сөз жаңа мағына алса да, сөз табын өзгертпей, өз сөз табының құрамында қалуы. 

Сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі. Ешбір тілдік бірліктің 

көмегінсіз, сөз дыбыстық құрамын сақтай отырып, мағынасы өзгеріп, басқа сөз табына көшеді. 

Мысалы, қорған, айтыс, жарыс, бірге, біреу, басқа, өзге т.б. Бұл сөздердің дəл осы тұлғада, осы 

құрамда  тілде  баска  мағыналары  бар  жəне  ол  мағыналары  алғашқы  негізгі  мағынаға  жатады. 

Олар: 1) қорған,  айтыс,  жарыс-етістік,  қимыл,  бірге,  біреу-сан  есім,  сандық  ұғым,  басқа-сын 

есім, өзгеше-есімдік. 

Жоғарыда осы сөздердің: 1) қорған, айтыс, жарыс зат есімге көшкен мағынасы, 2) біреу - 

есімдікке көшкен мағынасы, 3) бірге, баска, өзге - сын есімге көшкен мағынасы келтірілді. 

Сөздің  жаңа мағынаға ие болуы, сол арқылы басқа сөз  табына көшуі түрлі жолмен іске 

асады. Оның ішінде ғылымда заттану (субстантивация)-тілдерге кең тараған түрі. Ал заттану - 

көбіне  ықшамдау  зандылығына  байланысты  болатын  құбылыс.  Мысалы,  қазіргі  тілде  бір 



жұма, бір жеті деген тіркестер бір-бірімен мағыналас. Осындағы жеті (апта) сөзінің заттық 

мағынасы  алғаш  жеті  күн  мағынасында  қолданылып,  күн  сөзінің  қолданыста  түсіп  қалып, 

ықшамдалуынан  оның  заттық  мағынасы  жеті  сөзіне  көшкен,  сонда  жеті  сөзінің  заттануына 

күн сөзінің қолданыстан шығуы себеп болған. 

Үші, жетісі, қырқы, жүзі, тоқсан (оқу мезгілі) сөздері де осы ретте заттанған. Бір, біреу 

сөздерінің  есімдікке  көшуі,  бірге,  басқа,  өзге,  кетеген,  қашаған  сөздерінің  сын  есімге  көшуі, 



бірден,  етпетінен,  босқа,  текке,  зорға,  бекерге,  əреңге,  алға,  артта,  əзірге,  күніге,  кейде, 

артта,  алда,  баяғыда,  қапыда,  қапелімде,  əуелден,  ежелден,  шетінен,  лажсыздан,  төтеден, 

шынымен, жайымен, түйдегімен т.б. осы сияқты сөздер үстеуге көшуі көнеру арқылы жүзеге 

асады. Бұл сөздер тілде осы тұлғада, осы қосымшалармен қолданылып жүріп, бірте-бірте басқа 

мағынаға ие болып, жаңа мағынасына карай сөз табын өзгерткен, бұл үрдісте сөйлем (контекст) 

үлкен қызмет аткарған. 

Сөзжасамдық  тəсілдің  осы 3 түрі  «Қазақ  тілінің  сөзжасамы»  оқулығында  беріліп,  ол 

ғылымда орныққан заңдылық ретінде танылған [7]. 

Сөзжасам мəселесінде сөзжасамдық тəсілдер мəселесі негізгі орын алатыны белгілі. 

 

Əдебиеттер тізімі: 

1. Оралбай Н. Қазақ тілінің морфологиясы. - Алматы, 2007. 

2. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. – Алматы, 2003. 

3. Бейсембайқызы З. Сөзжасам пəнін модуль бойынша оқыту. - Алматы, 2000. 

4. Төлеуов Ə. Сөз таптары. - Алматы, 1982. 

5. Қазақ грамматикасы. - Астана, 2002. 

6. Қазақ тілінің грамматикасы. - Алматы, 1967. 

7. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. - Алматы, 1989. 

 


105 

 

ƏОК 81`367 



 

ТІЛДЕГІ ИНВЕРСИЯЛЫҚ ҚҰБЫЛЫС 

 

Əбдіқадыр М.  



«Болашақ» академиясы» ЖММ, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы 

 

Тіл атқаратын қызметтердің ең бастысы– коммуникативтік функция. Бұл функция сөйлем 



арқылы  іске  асады,  сөйлемнен  басқа  тілдік  элементтердің  ешқайсысы  да  ол  қызметті  атқара 

алмайды. Сөйлемнің басқа тілдік элементтерден, солардың ішінде сөздер тіркесінен ең негізгі 

өзгешелігі - оның коммуникативтік ең басты жəне бірден-бір тұлға екендігінде.  

Адам өз ойын, көңіл күйін басқаларға сөйлем арқылы білдіре алады, сөйлем арқылы ғана 

басқалардың  ойын  біледі.  Сөйлем-  қисындық  пайымдауды  жарыққа  шығаратын  материалдық 

көрсеткіш.  Бірақ  бұдан  сөйлем  мен  пайымдау  тепе-теңдік  бірлікте  деген  қорытынды 

шықпайды. Логикада сөйлем аяқталған ойды білдіреді деген анықтама бар, бірақ ойды аяқтау 

үшін кейде бір емес, толып жатқан сөйлемдер айту қажеттігі тəжірибеден белгілі. 

Сөйлем  аяқталған  ойды  емес,  жеке  ойлар  қисындық  жағынан  аяқталмауы  да  мүмкін. 

Сондықтан сөйлем аяқталған ойды емес, жеке ойды оған тетелес басқа ойдан бөліп көрсететін 

коммуникативтік  дербес  тұлға.  Бұдан  сөйлем  əрдайым  ойды  білдіреді  деген  қорытынды 

шығаруға да болмайды.  

Сөйлем  адамның  көңіл  күйін,  күйініш-сүйінішін,  өзін  қоршаған  əлемге  қатынасын  т.б 

байқатуы да мүмкін. 

Мысалы, Тəйт! Əй-əй-əй! Мəссаған! Ойдайт дерсің! Е, бəсе! 

Бұл  жағдай  сөйлемді  анықтауда  оның  тек  оймен,  блин,  санамен  қатынасын  ғана 

басшылыққа алудың жеткіліксіз болатындығын байқатады.  

Коммуникативтік  категорияның  ішкі  синтаксистік  мағынасы  басқаларға  бірдемелерді 

хабарлау,  білдіру  яғни  қатынас  жасау  болса,  ал  оның  сыртқы  материалдық  көрсеткіші- 

тиянақталған  интонация.  Сөйлем  атаулының  қандайы  болса  да,  басқалармен  қатынас  жасау, 

оларға  өзінің  ойын,  көңіл-күйін,  ішкі  толғаныстарын  білдіруге,  жарыққа  шығаруға  арналады. 

Осы себептен де сөйлемді коммуника- тивтік категория коммуникативтік негізгі тұлға дейді.  

Модальдік категория сөз иесінің беріліп отырған хабарға өзіндік көзқарасын байқатады. 

Ол өзінің мағынасы арқылы сөйлемнің айтылу мақсатын, сазын білдіреді. Модальдік сипатына 

қарай сөйлемдер хабарлы, бұйрықты, сұраулы, лепті болып бөлінеді. 

Модальдік  категорияның  сыртқы  материалдық  көрсеткіші-интонациямен  əр  түрлі 

морфологиялық жəне лексикалық элементтер. Модальдық мағынаның көрнісі, берілуі тілдерде 

біркелкі болмайды. Модальдік мағына материалдық жағынан грамматикалық та, лексикалық та 

болады.  Граматикалық  модаль  негізінде  етістік  райлары  арқылы  жасалады.  Бұл  жағынан 

алғанда  модальдік  категория  предикаттық  категориямен  үндеседі.  Лексикалық  модаль  тілдегі 

модаль сөздер арқылы беріледі. 

(Ол оқиды- Ол, əрине, оқиды т.б.)  

Предикаттық категория- сөйлемнің сөйлем екенін танытатын негізгі белгілердің бірі. Ол 

бастауыш  пен  баяндауыштың  бір-бірімен  байланысынан  туады.Сондықтан  бұл  екі  мүшенің 

байланысы предикаттық қатынас деп аталады.  

Предикаттық  категория сөйлем мазмұнының айналадағы ақиқат өмірмен  қандайлық  ара 

қатынаста екенін білдіреді. Басқаша айтқанда, хабардың жақтық, шақтық, əр түрлі модальдық 

мəндері предикаттық қатынастың мағналық түрлері болып есептеледі.  

Предикаттық байланыс- сөйлемнің негізгі, қаңқасы. Бұл байланыс сөйлемдегі ой қазығы, 

баяндалатын  əрекет,  белгі  иесі  бастауышпен  сол  əрекетті  белгіні  білдіретін  баяндауыш 

арасында болады. 

Қисындық  жақтан  алғанда,  бастауыш  субъектіні,  баяндауыш  предикаттың  материалдық 

көрсеткіштері.  Сондықтан  бұл  екеуі  арасында  байланыс-предикаттық  байланыс  немесе 

предикация  деп  аталады.  Бірақ  бұл  айтқандардан  грамматикалық  бастауыш  пен  логикалық 

субъект  грамматикалық  баяндауыш  пен  логикалық  предикат  тепе-теңдік  бірлікте  деген 

қорытынды шықпайды.Бұлар арасында көптеген айырмашылықтар бар. 

Сөйлемнің  бұл  айтылған  үш  түрлі  белгісі,  категориясы-бір-біріне  байланыссыз,  бөлек-

бөлек  жатқан  дүниелер  емес,  өзара  бірлікте,  бір  сөйлем  ішінде  кейде  қабаттасып  та  жүретін 

белгілер. Коммуникативтік пен модальдік категориялар сөйлем сайын кездеседі. Бұл екеуінсіз 


106 

 

сөйлем  жоқ.  Ал  предикаттық  категория  жоғарыда  келтірілген-Тəйт  əрі!  Мəссаған!  Əй-əй-əй! 



дегендер  тəріздес  сөйлемдерде  болмайды,  яғни  сөйлем  сайын  болуы  шарт  емес.  Бұл 

айтылғандар-құрмалас сөйлемдерге де тəн белгілер. 

Сөз бен сөзді байланыстыратын синтаксистік тəсілдің бірі-сөздердің орын тəртібі. 

Сөйлемдегі  сөздердің  орын  тəртібі  қазақ  тілінде  кейде  еркін,  кейде  орнықты  болады. 

Сөйлемдегі  сөздердің  орын  тəртібі  орнықты,  жартылай  орнықты  не  еркін  болу  себебі  сөйлем 

құрлысының ерекшелігімен байланысты.  

Сөйлем  құруға  қатысатын  сөз  тіркестерінің  біразы  көбінесе,септік,  жіктік,  тəуелдік 

жалғаулар  арқылы  байланысатындықтан,  олардың  құрамындағы  сөздердің  орын  тəртібі 

пəлендей қатал заңға бағынып, сіресіп қалмайды, жалпы алғанда, еркін болды.  

Ал  жалғаусыз  байланысқан  сөз  тіркестерінде  ол  жоқ,олардың  құрамындағы  сөздердің 

сөйлемдегі орын тəртібі, негізінде орнықты болады. 

Сөздердің  белгілі  тəртіппен  орналасу  арқылы  олардың,  біріншіден,  синтаксистік 

байланысы  белгіленеді,  екіншіден,  сөздердің  синтаксистік  қызметі  яғни  мүшелік  қызметі, 

айқындалады.  Етістіктің  сөз  тіркестері  ішінде  мезгіл  үстеулері  мен  көсемшенің  қатысымен 

жасалатын  сөз  тіркестерінің  сөйлемдегі  орын  тəртібі  еркін  бола  береді.  Мысалы:  бүгін,  міне, 

қарасам, бір көш кетіп барады… (Жамбыл) 

Осында бүтін сөйлемнің басында, өзі қатысты  сөздерден  (кетіп  барады) қашықтап  тұр. 

мұның себебі- мезгіл үстеулер мен көсемшенің етістікпен тіркесу қаблетінің күшті болуында. 

Олар  қай  орында  тұрса  да,  тек  етістікпен  тіркеседі.  Осы  айтқандардан  да  сөздердің 

белгілі тəртіппен орналаса тіркесуінің, сөз бен сөзді байланыстыру қызметінің ерекше екендігін 

байқауға болады. Сондықтан олардың орнын қалай болса солай өзгертіп айта бермейміз. Орын 

ауыстырып  айтқанда,  олардыр  не  байланысы  үзіледі,  не  болмаса  байланысы  сақталып 

синтаксистік қатынасы өзгереді.  

Мысалы: кітап оқыды- оқыды кітап.  

Қалыпты  сөз  тəртібі  тілдің  ішкі  даму  заңдылықтарымен  байқалады  жəне  сөйлем 

мүшелерінің  белгілі  орналасу  нормасына  байланысты.  Əр  түрлі  сезімдерді,  толғаныстарды, 

қуаныш-күйініштерді,  яғни  айтушының  эмоциялық-  экспрессивті  жəне  стильдік  талаптарын 

көрсету  үшін  керісінше,орналасқан  сөз  тəртібі  (инверсия)  қолданылады.  Қазақ  тіл  білімі 

ғылымында  сөйлемдегі  сөздердің  орын  тəртібі  туралы  алғаш  пікір  айтушы – профессор 

Қ.Жұбанов [1]. Автор мұнда сөйлемдегі сөздердің қазіргі орналасу тəртібін “ең көне заманнан 

өзгеріссіз  келе  жатқан  мұра”  деп  қарамайды.  Сондықтан  да  Қ.  Жұбанов: “Қазақ  тілі  бір 

кездерде  сөйлем  мүшелерінің  орналасуының  бүгінгіге  қарама-қарсы,  диаметрдің  екі  жағы 

тəрізді,тəртібін де білген”, -деп жазады [1].  

Өз  пікірін  дəлелдеу  үшін  ғалым  қазіргі  тілімізде  бар  “күн  ұзақ,  күн  ұзын,  жау 

жұмыр,сүт  кенже,  Ғаббас  сыншы,  Құртқожа  инженер,  Санжар  профессор,Бекет  жолдас, 

Асқар ақын, Əли агроном” тəрізді текстерді мысалға келтіріп, бұларды анықтауыш сөздің (ұзақ, 

ұзын,жұмыр,  блин,  кенже,  сыншы,  инженер,профессор,  жолдас,  ақын,агроном)  сөздері 

анықтайтын мүшелердің əдеттегідей бұрын емес, кейін келіп тұрғанын сөз етеді. 

Сонымен  бірге  автор  мұндай  реттің  бұрын  бастауыш  пен  баяндауыш  арасында  да 

болғанын  айтады.  Ол  “жазған-мын,  жазған-сың,  жақсы-мын,  жақсы-сың”т.б  осылар  сияқты 

сөздердің жіктік жалғау қосымшаларын /мын, сың/ төркіні, “мен”, “сен” жіктеу есімдіктері.  

Шынында бұл тұлғалардың алғашқы варианты “жазған-мен”, “жазған-сен”, “жақсы-мен”, 

“жақсы-сен” деген сөйлемдер, бұларда да бастауыш баяндауыштан бұрын емес соң тұр, - дейді.  

Ғалым  “Жанқұтты,  Жоламан,  Күлсары,  Күнсұлу, Айсұлу,  Күнжарық,  Айжарық”  сияқты 

біріккен түбірлі есімдер құрамында да “құтты, аман, сары, сұлу, жарық” анықтауыштары өздері 

анықтайтын зат есімдерден (жол, құл, күн, ай, жан) кейін тұрғанын мысалға келтіреді. Біздіңше 

бұл айтылғандар зерттеуді қалайтын деректер тəрізді.  

Профессор М.Балақаев “қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орналасу тəртібі, негізінде екі 

түрлі  болады:  сөйлемдегі  бірқатар  сөйлем  мүшелерінің  орын  тəртібі  тұрақты  болатындар- 

жалғаусыз  қабыса  байланысатын  сөйлем  мүшелері  орын  тəртібі,  жылжымалы  болатындар- 

жалғаулар арқылы қиыса, меңгеріле, матаса байланысатын сөйлем мүшелері” - дейді [2]. 

Мысалы: “жолдасымыз  екеуміз  күнде  қалың  ағаш  көлеңкесінде  жататынбыз”  деген 

сөйлемдегі  анықтауыш  “қалыңды”  сол  орнынан  қозғауға  болмайды,  ал  “күнде  ағаш 

көлеңкесінде” деген пысықтауыштың орнын ауыстырып айтуға, бастауыштан бұрын айтуға да 

болады.  



107 

 

Күнде жолдасымыз екеуміз …/қалың ағаш көлеңкесінде /күн-де/ жататынбыз. Жалғаусыз 



қабыса  /сол  тұрған  орнына  қарай/  байланысатын  сөйлем  мүшелерінің  көпшілігі  қалыпты 

орындарынан тапжылмайды. 

Мысалы:  сын  есім,  есімше,  сан  есім,  атау  күйіндегі  зат  есім  анықтауыш  болса,  олар 

анықтайтын  сөзінің  дəл  алдында  тұрады.  Кейбір  жағдайда  болмаса,  басқа  мүшелермен  орын 

ауыстыруға көнбейді. 

Орнын ауыстырып айтуға болған күнде бұл сөздің бұрынғы синтаксистік қызметі өзгеріп 

кетеді.  

Мысалы: “Даңғыл  жолмен  жүріп  келеміз”  деген  сөйлемдегі  анықтауышты  /даңғыл/ 

“жолмен” сөзінен кейін қоюға болмайды. Сондай-ақ, “Колхоздың ұзын мүйізді қызыл сиырлары 

тау  алқабында  жайылып  жүр”  деген  сөйлемдегі  “ұзын  мүйіздіні”  сол  орнынан  қозғауға 

болмайды. 

Егер  оны  сөйлемнің  басына  шығарып  айтсақ,  ол  “колхоз”  сөзінің  анықтауышы  болып, 

сөйлемнің бұрынғы мағынасына мұқсан келтірген болар едік. 

Екі  зат  есім  не  зат  есім  мен  есімдік  қатар  тұрып,  алдыңғысы  бастауыш,  соңғысы 

баядауыш  болатыны  белгілі.  Егер  орындарын  ауыстырып  айтсақ,  олардың  синтаксистік 

қызметі де ауысады. /Сапар– мұғалім. Мұғалім-Сапар. Мынау-парта. Парта-мынау. Осы кісі- 

айтқан кісі. Айтқан кісі-осы кісі./ 

Сөздердің сөйлемдегі қалыпты орнын өзгерту қалай да сөйлем мағынасын түрлендіруге 

əсер етеді. Мысалы: “Үйірмеге Досан кетті” дегенмен “Досан үйірмеге кетті” деген бір емес: 

алдындағы  сөйлемде  үйірмеге  кеткеннің  кім  екендігі  баса  айтылса,  соңғысында  Досанның 

қайда  кеткендігі  баса  айтылған. “Болат  та  ертең  концертке  қатысады”  деген  сөйлемдегі- “та” 

шылауының орнын өзгертіп басқа сөздерден соң қойып мынадай сөйлемдер құрауға болады:  

 

“Болат та ертең концертке қатысады” 



 

“Болат ертең де концертке қатысады” 

 

“Болат ертең концертке де қатысады” 



Сондай-ақ  “Самал  Жанардың  сол  жылы  не  себепті  дайындыққа  келмегенін  түсінбеді”,- 

деген сөйлемдегі сөйлем мүшелерінің орнын былай өзгетіп айтуға болады: 

 

Самал сол жылы Жанардың не себепті дайындыққа келмегенін түсінбеді. 



 

Сол жылы Самал Жанардың не себепті дайындыққа кемегенін түсінбеді. 

 

Самал не себепті Жанардың сол жылы дайындыққа келмегенін түсінбеді. 



 

Жанардың дайындыққа сол жылы не себепті келмегенін Самал түсінбеді. 

 

Жанардың сол жылы не себепті дайындыққа келмегенін Самал түсінбеді. 



Сөйлемдегі  сөздердің  қалыпты  орнын  ауыстырып  айтуды  инверсия  дейміз.  Сөйлемдегі 

мүшелерді кез келген жерге жылжыта салсақ, ондай сөйлемде ешқашандай мағына қалмас еді, 

əрі ол сөйлемдік қасиеттен айрылып, жай сөздердің жиынтығы болар еді.  

Сөйлемдегі сөздер қалай болса солай орналаспай, тіл-тілдің ғасырлар бойы қалыптасқан 

синтаксистік  ерекшеліктеріне  сəкес  белгілі  тəртіппен,  заңдылықпен  орналасатындығы  да 

сондықтан екені сөзсіз.  

Мəселен, “Менің құлыным да жиі-жиі хат жазып тұрады” деген сөйлемдегі бастауыш 

пен  анықтауыш  не  баяндауыш  пен  тура  толықтауыш  орындарын  алмастырып  қолдансақ, 

айтушының ойы көмескіленіп, сөйлеміміз де жай бір топтастырыла салған сөздер жиынтығына 

айналар еді: “Тұран жиі-жиі менің жазып хат құланым”. 

Демек,  бұдан  айтушы  не  жазушы  алдына  белгілі  бір  мақсат  қоймай,  өз  қалауынша 

сөздердің  орындарын  ауыстыра  қолданудан  инверсия  пайда  болмайтыны,  кез  келген  сөйлем 

мүшесін  ретсіз  инверсиялау  айтылғалы  тұрған  ойдың  нəрлі  де  əсем  шығуына  кедергі 

келтіретіні не солғындандыра түсетіні көрінеді. 

Енді  бүгінгі  газетімізде  жиі  қолданылып  жүрген  “Жаныңда  жүр  жақсы  адам”  деген 

тақырып-  сөйлемге  көңіл  аударайықшы.  Мұндағы  сөз  қолданыс  мақсатты  инверсиялы,  яғни 

құрамындағы сөздер қалай болса солай жасалған емес, “Жақсы адам” тіркесіне екпін түсірілу 

арқылы əсерлі /экспрессивті/ қолданылған. 

Сонымен бірге сөйлемде дыбыс үндестігі арқылы да беріліп тұрған экспрессивті рең бар. 

Оған себепті-үш сөздің басында келіп тұрған 5 рет қайталанған “а” əріптері. 

Жалпы  ереже  бойынша,  əдетте  баяндауыш  сөйлем  аяғында,  бастауыш  одан  бұрын, 

анықтауыш анықталатын сөздің алдында, толықтауыш, пысықтауыш өздері қатысты сөздерінен 

бұрын тұруға тиіс екені мəлім. 


108 

 

Бірақ  тағы  да  сол  жоғарыда  айтылғандардан  аңғарылатындай,  белгілі  бір  стильдік 



мақсатты  өтеуде,  сөйлем  мағынасын  түрлендіруде  орын  тəртібі  құбылып  отырады.  Өйткені 

инверсия- сөз қолданудағы мəнерлеу /экспрессия/ тəсілі [3]. 

Инверсия  арқылы  айтайын  деген  ойды  өткірлеп,  ұштай  түсуге,  оны  өзгеше  бір  дауыс 

ырғағымен  мəнерлеп  айтуға  мүмкіндік  туады.  Инверсия  барлық  халықтардың  поэтикасында 

кеңінен қолданылады. 

Мысалы: 


Келдік талай жерге енді, 

Кіруге-ақ қалдық көруге енді” /Абай/. 

Көркем  шығармаларда  инверсия  суреткер  ойының  мейлінше  дəл  берілуі  ушін 

қолданылады. 

Инверсия /лат-перестановка/- лингвисткада сөйлем құрушы сөздер мен сөз тіркестерінің 

дағдылы  орын  тəртібін  өзгертіп  қолдану.  Бұл  əдетте,сөйлемнің  жалпы  өзін  ерекше  мəнде 

жұмсақ қажет тұстарда пайдаланылады [4]. 

Ол,  əйтеуір,  сөйлемнің  бір  мүшесін  басқа  жерге  жылжыту,  қозғау  мақсатында  емес, 

сөйлеушінің не қаламгердің сол сөйлем арқылы өзгеге жеткізбек ойын əсерлі реңкте жарыққа 

шығару мақсатына қызмет етеді. 

Міне, мұны тек өзіміз ғана біліп қоймай,мектеп оқушылары да жай сөйлемдерді, сөйлем 

мүшелерін  өткенде,  оларға  тұрлаулы,  тұрлаусыз  мүшелердің  сөйлем  ішінде  түрліше  орналаса 

алатыны, бұл құбылыстың беретін қилы стильдік реңктері болатынын да ескертуіміз қажет [5]. 

Сөйлем мүшелерінің орын тəртібін түсіндіргенде, толымды, жайылма сөйлемдерді алып 

талдау орынды. 

Мұндай  тұстарда,  əдетте,  бастауыш  баяндауыштан  бұрын  келеді,  баяндауыш  сөйлемнің 

тек соңында тұрады сияқты қысқа ескертпелермен шектеліп жүрміз. Бұл, əрине, дұрыс емес. 

Шынында,  оларға  бастауыш  пен  баяндауыштың  өзге  де  мүшелердің  қалыпты 

орындарынан  ауысып  қолданылған  реттері  аз  ұшыраспайтынын  айтып,  əр  түрлі  мысалдар 

кетіріп,  неліктен  солай  қолданылып  тұрғанын  түсіндірсек , оқушылардың  өз  ана  тілінің 

көркемдеу, əсерлеу тəсілдерін жете меңгеру, өз ойын мəнерлей жеткізуге септігі тиіп, ана тіліне 

деген құштарлығы артары сөзсіз. 

 

Əдебиеттер тізімі: 

1. Жұбанов Қ.К. Исследование по казахскому языку. – А., 1966. 

2. Балақаев М. Қазақ тіл мəдениеті мəселелері. – А., 1971. 

3.  Бектаева  Ш.  Сөйлемдегі  сөздердің  орын  тəртібін  зерттеу  тарихынан // Қазақстан 

мектебі. – N5. – 1968. 

4. Бектаева Ш. Қазақ тіліндегі тұрлаулы мүшелердің инверсиялануы. – А., 1968. 

5. Бектаева Ш. Бастауыш пен баяндауыштың инверсиялануы // Қазақстан мектебі. – №8. 

 

 

ƏОК 82.02 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет