Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Болашақ» академиясы


АҚЫТ ҚАЖЫНЫҢ ШЕЖІРЕЛІК ДАСТАНДАРЫ



Pdf көрінісі
бет38/68
Дата06.03.2017
өлшемі5,4 Mb.
#7947
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68

АҚЫТ ҚАЖЫНЫҢ ШЕЖІРЕЛІК ДАСТАНДАРЫ 

 

Тугалбаева А.А., Шекен Ж.

 

«Болашақ» академиясы» ЖММ, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы 

 

Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақов – Қазақстан, Қытай, Монғолия сияқты үш елді мекендейтін 



қазақ  халқының  ортақ  ақыны,  ағартушы,  қоғам  қайраткері.  Ақынның  өмірі  мен 

шығармашылығы  қазақ  халқының  тарихындағы  күрделі  қоғамдық-саяси  өзгерістер  кезеңімен 

тұспа-тұс келеді. Ақын ел, жер шежіресін тарқата отырып, ұлттық сана-сезімді оятуға ерекше 

ықпал етті.

 

Ақыт Үлімжіұлының «Абақ Керей шежіресі», «Алтай толғауы» атты шежіре-дастандары 



қазақ  елінің  қалыптасу,  даму  тарихын  құрайтын  бір  саласын  қамтиды.  Қазақтың  қазіргі  ата-

бабалары жүріп өткен жолдарда жеке тұлғалардың олардан тараған ұрпақтардың, қасиетті ата-

мекендердің  этнографиялық,  географиялық  жүйесі  бар.  Көрнекті  тарихшы  ғалым  Х.Маданов 

«Қазақ  мəдениетінің  тарихы»  атты  кітабында  былай  дейді: «Қазақ  хандары  дəстүрі  бойынша 

ата-бабаларының шежірелерін жаздырып, ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп келген. Мұндай шежіре 

түзу көптеген ру тайпалардың зерделі адамдарына тəн болған».

 

Қазақ  мəдениеті  тарихында  осындай  игі  дəстүрдің  заңды  жалғасы  шежіре-дастан  жазу 



үрдісі ұлттық поэзиядағы тарихи поэтика болмысын байқатады.

 

«Ақыттың  «Абақ  Керей  шежіресі»,  атты  шығармасының  идеялық-композициялық 



желісінде  əдеби-тарихи  шығарманың  құрылымдық  жүйесі  сараланады:  бірінінісі – ақынның 

халықтың  өткен  тарихына  арналған  көзқарасы,  екіншісі – дана  атты  бидің  Керей,  Уақ  есімді 

ағайынды  екі  баласы,  олардың  өсіп  өркендеуі  (енші  алысуы,  үйленуі)  туралы;  үшіншісі – 

Керейдің  баласы  Ашамайлының  оның  анасы  Абақтың  тағдыры  (қайынағасы  Уақтың  оған 

үйленгісі келгені); төртіншісі – Абақтың төркіні Үйсінге көшкені, Нəзір молдамен қосылғаны, 

ұлы Қарақожа молланың, одан Майқы бидің, одан Жанастың дүниеге келгені. Шежіре-дастан 

сюжетінің  идеялық  түйіні – қазақтың  іргелі  аталығы  екі  Абақ  ұрпақтарының  тарихи-

этнографиялық жүйесін саралау» [1, 12].

 

Нəзірден бір ұл тапты Абақ қатын,



 

Қойыпты Қарақожа оның атын.

 

Өскен соң ол да үлкен молла болып



 

Өсиет жұртқа жайды шариғатын.

 

Баласы Қарақожа Майқы би-ді,



 

Əділдік айтқаннан соң жұрты сүйді,

 

Ақылмен əділдік қып елді билеп,



 

Тентек пен тебіздің бəрін тиды.

 

Баласы Майқы бидің Жанас екен,



 

Қаңтар туса қара бура жарайды екен

 

Ағалар, құлақ салып тыңдасаңыз.



 

Он екі Абақ осыдан тарайды екен.

 

Атамыз одан кейін Мерген екен,



 

Құдай тілек Абаққа берген екен.

 

Қыдыр дарып, бақ дəулет қоса қонып,



 

Осынша жұрағаты өнген екен.

 

Атамыз онан кейін Дүзбен екен,  



Біреудің несібесі түзден екен.  

Қорқып қашып өкпемен құтылмапты,  

Аралап жердің жүзін кезген екен [2, 137-138].  

Қазақ  əдебиетіндегі  шежірелік  шығармалардың  композициялық  құрылысында  үнемі 

жүйесі бұзылмайтын желі – халықтың мекендеген атамекен қоныстарының аталуы, суреттелуі. 

Қазақ  əдебиетіндегі  басқа  жанрларға  қарағанда  тарихи  деректіліктерді  мол  қамтып  баяндауға 

көбірек  құралса  да,  шежірелердің  прозалық  үлгілерінде  де  табиғат  көріністері,  ата-баба 

мекендерінің  пейзаждың  көріністері  суреттелетіні  алдыңғы  тарауда  да  айтылды.  Ал  ақындық 

поэзия тарихында қазақ даласының ата-бабалар өсіп-өркендеген байырғы атамекендерін лиро-

эпикалық  сарынмен  жырланған  Ақыт  Үлімжіұлының  «Алтай  толғауы»  шежіре-дастанының 



234 

 

поэтикалық  сипаты  айрықша  маңызды.  Себебі  шежіре-дастанның  идеялық-композициялық 



құрылысынан  ежелгі  түркі  өркениеті  дəуірлерінде,  одан  кейінгі  замандарда  бүкіл  Алаш 

жұртының  көңілдерінен  өшпеген  туыстық-қандастық  байланыстардың  дəнекері  болған  Алтай 

тауы  өлкесі  шежірелі  жырмен  өріледі.  Ақыт  ақынның  аталған  «Алтай  толғауы»  шежіре-

дастанының  поэтикалық-көркемдік  тіні – ата-бабалық  мекеннің  ғасырлар  бойы  ұрпақтардың 

жандүниесіне,  санасына  сіңген  атауларының  тарихи  мəнін,  маңызын  саралай  жырлау. 

Шежірелік  шығарманың  поэтикалық  құрылымы  топонимикалық-географиялық  сипаттау 

тұрғысында  танылады.  Шежіре-дастанның  поэтикалық  құрылымындағы  ата-баба  мекендерін 

жүйелеп  қарағанда  көптеген  географиялық  атаулар  сараланып  көрінеді.  Мысалы: 1. Өр 

Алтайдың  құрамындағы  шоқылар,  шыңдар,  белестер,  сайлар:  Қаба,  Бəйтік,  Боғда,  Сауыр, 

Шеміршек, Қыран, Жайыр, Көктоғай, Тұрғын, Қайырты, Өрмегейті, Үшбиік. 2. Өзеңдер: Қара 

Ертіс, Қалутан, Қарақас, Күрті, Талдысай, Сарбұлақ, Қара Түңке, Қу Ертіс, Бұлғын, Шіңгіл т.б. 

3.  Көлдері:  Бағыраш,  Баркөл,  Үліңгір,  Сайрам  жəне  т.б. 4. Жайлаулары:  Қашқырты,  Құсты, 

Қайырты, Қаранор, Үштөгіс, Қаракезең, Түяты, Мөнке, Құмыл, Ақсала, Сарысүмбе, Бітеужар, 

Салбырты, Сасыр жəне т.б. [1, 18].

 

Ақын  атамекен  Алтай  тауы  мен  сол  атырапқа  жақын  қоныстардың  барлығының  да 



адамдардың  тұрмыстық-əлеуметтік  тіршілігіне  жайлылығы  жақтарын  қозғай  жырлайды.  Бұл 

жағынан  алғанда,  Ақттың  шежіре-дастаны  сонау  Асан  Қайғының (XV ғ.).  Қазақ  даласының 

əрбір қонысына берген бағалауларын да еске түсіреді.

 

Ақын  шығармасының  эстетикалық  сымбатын  ажарландырып  тұрған  басты  ерекшелік – 



Алтай  өлкесінің  əсем  табиғатын,  жер-су  мекендерінің  көрікті  келбеттерін  бейнелі,  суретті 

қолданыстармен жырлағандығы. Қазақ поэзиясының ежелгі замандардын бүгінгі дамуға дейін 

ұласқасы  көркемдік  үрдістерінін  бірі – қазақ  ауылдарының  жазғы  жайлауларының  сұлу 

келбетін бейнелей жырлау. Жыраулар поэзиясында да, кейінгі кезеңдерде де қазақтың ұлттық-

этнографиялық  дəстүрлері  мол  бояулы  сипатпен  жырланатыны  осы  жазғы  жайлаулар 

сымбатымен  айқындалады.  Ақыттың  шежіре-дастанында  осындай  суреттеулер  түйдек-түйдек 

шеғырлы бөліктер арқылы жырланады. Мысалы:

 

1.Жеті Қаба, Қанастың, 



 

Басы жетеу шалқайған.  

Шөбі қандай жұғымды,  

Жетім қозы марқайған.  

Тынысы кең өзен су,  

Тау жаңғыртып əуені,  

Құлап ағар тар сайдан  

Сай-саласы салбырап,  

Ағады бұлақ əр сайдан. 

Тынысы кең өзен сол,

 

Жайлауы толық кезең сол [2, 139].



 

2. Саяда сайран бұлбұлы, 

 

Аққу, қазы, сылаңдар.  



Көкорай шалғын көк жайсаң,  

Балалар аунап, тыраңдар [2, 140].

 

3. Жазғұтұрым болғанда, 



 

Оның өзі бір арман.  

Көктоғайды көрмесең,  

Қаз бен үйрек, қарлығаш,  

Неше түрлі күй салар [2, 142].

 

Ақынның  атамекен  қоныстардың  атаулы  мекендерінің  берекелі,  жанға  да,  малға  да 



жайлы  жақсылықтарын  бейнелі  өрнектермен  жырлауы  арқылы  көшпелі  тұрмыс  мəдениетіне 

қалыпта  сақын  ұлттық  дүниетаным  психологиясының  болмысы  да  айқындалады.  Атамекен 

қоныстың сонау түркілер заманынан бері сақталған берекелі табиғаты, өзені, тоғайы, шөбі жəне 

т.б.  тіршілік  мүшелері,  құбылыстары – бəрі  де  адамдардың  аң  саған  арманы  көрінісіндей 

бейнеленеді:

 

1. Қызылқия, Сарғобы,  



Шегіртай деген жері бар.  

Құрымты, Жолты, Жаматы,  

Алтайға асар жолы бар.  


235 

 

Өрмегейті бел екен,  



Дайын деген көл екен.  

Қобда суы, Ақ қолда,  

Сүгірбайдың елі екен.  

Шеруші тұған мекендеп,  

Шөбі шүйгін жер екен.  

Шипалы шөбі көп өнген,  

Адам мен малдың емі екен.  

Міне осылай айнала,

 

Қазақтың мекен жері екен [2, 146].



 

2 ...Судың құмы сары алтын,  

Балығы жүзіп бұраңдар. 

Буыршын, Қаба қатарсың, 

Бидайдың дəмін татарсың, 

Күз болғанда егіннің 

Қызығына батарсың... [2, 146]. 

...Алма жемісің аңқыған, 

Жеріңнің қалмай даласы [2, 147].

 

Ақын – туған  ел  табиғатының  тамыршысы,  суретшісі.  Ата  мекен  қоныстардың  кейбірі 



жанға  жайлылығымен  ерекшеленсе,  кейбіріндегі  қолайсыздық  жағдайлары  да  халық 

тарихындағы шындық.

 

Ақыт  ақынның  топонимикалық-географиялық  атаулардың  шежірелік  жинағы  сынды 



шығармасында  қолайсыз  ауа  райы  бар  мекендердің  табиғи  болмысы  да  реалистікпен 

жырланады:

 

1 ...Қобданың жері Делуін,



 

Тезекке елдің көнуін.

 

Жазғытұрым жел соқса,



 

Ойпаңға таман қашады.

 

Пəлен дейтін ағаш жоқ,



 

Тезекпен етін асады.

 

Қара жел қатты соққан күн,  



Топырағын шашады.

 

Алтайға асса тағы да



 

Қары жауып басады.

 

Алтай беттің қары бар.



 

Қобда беттің зəрі бар.

 

Өр керей байғұс не қылсын,



 

Өлмей жүрген жаны бар [2, 144].

 

Ақындар – тарихи  негіздері  ата-бабалар  қоныстары  болған  атамекендерді  жырлауда 



солардың  кейінгі  ұрпақтар  үшін  мəңгілік  қайырлы,  жайлы  қоныстар  бола  алмағанын 

жырлайтын  алаңжар,  қамкөңілді  тұлғалар.  Ақының  осы  шығармасындағы  қоныстар  туралы 

əдеби-тарихи  таныммен  жырлаған  толғаныстары  Дулат  Бабатайұлының  «Ақжайлау  мен 

Сандықтас», «Қазаққа», «Ата қоныс Арқадан», Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян», «Сарыарқа» 

атты  толғауларындағы  атамекен  қоныстардың  тағдырына  күйзелген  азаматтық  тебіреністерін 

еске түсіреді.

 

Ақыт  ақынның  аталған  шығармасы – қазақ  тарихының  отарлаушы  елдердің  құр  сауына 



түскен  зарлы  заманның  шежірелі  кезеңдерін  елестетеді.  Монғолияның  жəне  Шығыс 

Түркістанның Алтай тауы атыраптары кіретін өлкесіндегі өзге ұлыстардың қазақтарға жасаған 

қысымшылықтары – тарихтың  шындығы. «Алтай  толғауы»  эпикалық  шығармасындағы  қазақ 

халқы  бөлігінің  түртпекке,  қыспаққа  ұшыраған  қиын  тағдары  өлең  жолдары  арқылы 

суреттеледі:

 

...Қамалып қалған қайран ел,



 

Ендің қоныс таппайды.

 

«Жерімнен кет!» деп қоқилап,



 

Қорлығы қалмақ өткені.  

Сол қорлыққа шыдамай,  

Бөкенің ұзап кеткені [2, 145].

 


236 

 

Алтай  атырабындағы  қазақтардың  қоныстарымен  ортақтасқан  өзге  халықтардың  (қара 



қытай,  дүнген,  сарт,  қалмақ,  сібе,  солан,  ноғай,  өзбек,  тəжік)  тағдырларына  да  қоғамдық-

əлеуметтік шындық аясында пікірін айтады:

 

...Қайда жүрсің қазағым,



 

Қоныстың тартқан азабын?

 

Көшуменен күнелтсең,



 

Бəрінді солай жазамын.

 

...Қазан алман, лау ат,



 

Батырған қатты салмағын.

 

Салмағыңды ойлаумен,



 

Қысуда кетті бармағым [2, 149].

 

Қазақ  тарихының  ежелгі  түркі  өркениеті,  орта  ғасырлардағы  исламдық  мəдениет,  одан 



кейінгі  Алтын  Орда – Қыпшақ,  Қазақ  хандығы  жəне  солардың  жалғасып  икеліп  жат  елдерге 

отар-бодан болған тарихи шежірелі жолды жырлау – ақындар поэзиясында XIX ғасыр мен XX 

ғасыр басында кеңінен өрістеді. 

Қорыта  айтқанда,  қазақ  əдебиетіндегі  шежірелік  шығармалар  жалпы  адамзаттың 

мəдениеті  тарихындағы  көркемдік-эстетикалық  үрдістердің  құрамдас  бөлігі  болып  саналады. 

Əлем халықтарының жəне қазақтың əдеби мұраларында классикалық үрдіс болып қалыптасқан 

көркем тарихнамалықтың поэтикалық заңдылықтары аясында ұлттық мəдени мұраларымыздың 

ақтаңдақ беттерін толықтыру Қазақстанның жаңа тарихына үлес болып қосылады. 

Ұлтының  қамы  үшін  қалам  сілтеп,  азаттықты  армандаған  ақынның  тəуелсіз  қазақ  елімен 

қауышар кезі келді. Ендігі жерде алаштың арманын айтқан Ақыт есімі ел есінде болары хақ. 

 

Əдебиеттер тізімі: 

1. Оразбаева А.С. Қазақ əдебиетіндегі шежірелік шғармалар: тарихилығы жəне жанрлық, 

стильдік ерекшеліктері: филол. ғыл. канд. ...диссертация. 

– 

Алматы. 



– Б.

27. 


2. Ақыт хажы. Ғахылия. – Баян-Өлгей баспагер компаниясы, 1994. – 213 б. 

 

 



ƏОК 821.512.122 

 

З.АХМЕТОВТІҢ «ӨЛЕҢ СӨЗДІҢ ТЕОРИЯСЫ» ЕҢБЕГІНІҢ МАҢЫЗЫ 

 

Ускенова А.М. 

«Болашақ» академиясы» ЖММ, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы 

 

Қазіргі кезеңде қазақ əдебиеттануы қандай күрделі проблеманы да дербес зерттей алады



Бұл жолда кең арналы зерттеуге жол ашып берген аға буын зерттеушілердің еңбегі мол. 

XX  ғасыр  қазақ  халқы  үшін  есте  қаларлық  тұтас  бір  тарихи  дəуір  десек,  соңғы  жетпіс 

жылы  біздің  ұлт  мəдениеті  мен  ғылымы  үшін  үлкен  өркендеу  кезеңі  болды:  осы  кезеңде 

қоғамдық  ғылымдар  бұрын  болмаған  дəрежеде  дамып,  жаңа  деңгейге  көтерілді.  Еліміздің 

қоғамдық  ғылымдарының,  оның  ішінде  ұлттық  əдебиеттану  ғылымының  іргесі  бекіп  дами 

түсуінде 1950 жылдары  таланттарымен  көрінген  бір  топ  жас  зиялылар  легінің  рөлі  ерекше 

болды. Сол таланттар шоғырының көш басында аса көрнекті ғалым, қазіргі ұлттық əдебиеттану 

ғылымының бірегей өкілдерінің бірі, академик Зəки Ахметов есімі ерекше аталады. 

Өмір жолын ұстаздықтан бастап, ғылым жолымен ұштастырған Зəки Ахметұлының 1975 

жылы  Ұлттық  Ғылым  академиясында  М.О.Əуезов  атындағы  Əдебиет  жəне  өнер 

институтындағы  сан-салалы  ғылыми-ұйымдастырушылық  қызметімен  жалғасты.  Əдебиеттану 

ғылымында  З.Ахметов  əдебиет  тарихы,  абайтану,  Əуезовтану,  əдебиет  теориясы  мен 

əдебиеттану əдіснамасы туралы өзекті мəселелерді қамтыған іргелі зерттеу еңбектері арқылы, 

ұлттық  əдебиеттану  ғылымын  республикадан  тыс  жерлерге  де  əйгілі  етті.  З.Ахметовтың 

əдебиет  теориясы,  поэтика,  өлең  құрылысы  мен  өлең  жүйесі,  абайтану  мен  əуезовтану 

проблемалары жөніндегі күрделі зерттеулерінің мəн-маңызы күн өткен сайын тереңдей түсуде. 

Сондай  еңбектерінің  бірі – «Өлең  сөздің  теориясы».  Кітап  өлең  теориясының  екі  үлкен 

тармағына  «Тіл  кестесі»  жəне  «Өлең  өрнегі»  болып  бөлінген. «Тіл  кестесі»  бөлімі  төрт 

тараудан тұрады. Алғашқысы өлең сөздің бейнелеу құралдарына арналған. Алдымен автор сөз 

бейнелілігі  деген  не,  оның  ерекшелігі  неде,  сөзді  бейнелеу  мен  қолдану  əдісі  қалай  деген 



237 

 

сұрақтарға  жауап  беріп,  оқушыға  жалпы  поэзияның  табиғаты,  оның  басқа  жанрлардан 



өзгешелігі  туралы  толық  мағлұмат  береді. «Поэзияда  қорытындылап  жинақтау  мен  даралау, 

ортақ  сипаттар  мен  жекелік  сипаттардың  ұштасып,  ұласып  жатуы»,  сондай-ақ,  көркемдік, 

бейнелі  түрде  сипаттау,  суреттілігі  басым  болатыны  дəлелді  айтылған.  Мəселен,  Абайдың 

«Желсіз  түнде  жарық  ай»  деген  белгілі  өлеңінің  талдануы  оқушыға  поэзияның  құдіреті  мен 

қасиетін  толық  танытады.  Өлеңнің  ішкі  мазмұнына  терең  үңілген  зерттеуші  мəтінге  түгелдей 

əдеби-мазмұндық талдау жасап, поэзияға тəн көркемдік суреттеу əдісіне кең тоқталады. Мұнда 

табиғаттың  əсем  көрінісі  мен  аулақта  жолыққан  қыз  бен  жігіттің  типтік  қасиет  ерекшеліктері 

үлкен  талғампаздықпен  сұрыптап  алынғанын  айтады.  Өлеңді  жете  қарастырған  автор  мұнда 

басы  артық  жай  айтыла  салған  бірде-бір  эпитет,  анықтамалардың  жоқтығына  терең  зерделеу 

арқылы көз жеткізеді.  

Қазақ  поэзиясында  ауыспалы  мағынада  қолданылатын  бейнелі  сөздердің  шығу  төркіні 

көне замандарға барып тіреледі. Сондай-ақ олардың шығуы мен ерекшелігі қазақтың көшпелі, 

мал  шаруашылығы  тіршілігімен  де  байланысты.  Осыған  орай  З.Ахметов  қазақ  өлеңінде 

кездесетін бейнелі сөздерді екі үлкен салаға бөледі. Бұл табиғат суретін жəне төрт түлік малға 

байланысты  ұғым-түсініктерді  білдіретін  сөздер.  Осы  екі  түрге  сəйкес  автордың  көптеген 

нақты мысалдарға жасаған талдаулары мен пайымдаулары, тұжырымдары оқушыға ой салып, 

қазақ халық поэзиясының қадірін жете түсінуге баулитыны даусыз. 

Халық  поэзиясының  тіліне  арналған  тарауда  автор  ауыспалы  мағынада  көркем 

құралдарды зерттей отырып, бүкіл қазақ фольклорының кейбір жанрлық сипаттарын да ашып 

көрсеткен.  Мəселен,  еңбекте  нақты  мысалдар  негізінде  жасалған  мынадай  қорытынды  бар: 

«Қазақ  поэзиясында,  əсіресе,  халықтық  өлең-жырлар  мен  эпостық  туындыларда  адамның 

кескінін,  сұлу  қыздың,  арудың  келбет-сымбатын  айшықтап,  мəнерлеп  суреттеуге  үлкен  мəн 

беріледі, əйел портреті мейлінше көркем жасалады жəне бояуының ашықтығы, тартымдылығы 

нақтылығымен айрықша көңіл аудартады». 

Қазақ  əдебиеті  тарихында  Абай  есімі  ерекше  екені  мəлім.  Ол – қазақтың  поэзиясын 

мазмұн жағынан да, түр жағынан да байытып, тек жаңашыл ғана емес, нағыз реформатор, тіпті 

əдебиеттің  қоғамдық  сипатын,  көркемдік  бітімін,  мазмұнын,  қызметін  түгелдей  өзгерткен 

суреткер. З.Ахметов Абайдың тіл ұстарту өнерінен екі заңдылықты байқаған. Бірі – жаңа, соны 

сөздер  мен  сөз  тіркестерін  жасау  да,  екіншісі – бұрыннан  белгілі,  дəстүрлі,  бейнелі  сөзді 

жаңаша  көркемдеп,  тең  мағынада  қолдану.  Мысал  ретінде  Абайдың  бұрыннан  қолданылып 

жүрген  «жүрек»  пен  «көңіл»  бейнесіне  ондаған  жаңаша  көркем  сипаттама  тапқанын  айтуға 

болады. 


«Тіл  кестесі»  бөлімін  қорытындылап  тұрған  тарау – кеңес  дəуірінің  алғашқы  кезінен 

бастап, осы күнге дейінгі қазақ поэзиясында бейнелі сөздер мен көркемдеу құралдарының жан-

күйі мен өркендеу тенденциясы, бағыты. Автор əр жылдардағы халық поэзиясының  үлгілерін 

салыстырып,  əрқайсысына  тəн  ерекшеліктерді  ашады.  Сонымен  қоса,  оларға  түр  жағынан, 

бейнелі  сөзді  қолдану  əдісі  жағынан  ортақ  қасиеттерді  де  іздестіреді.  Мысалы,  автор  Сəкен 

Сейфуллин  поэзиясында  бейнелеудің,  көркемдеудің  жаңа  тəсілдерінің  мол  екенін  көрсете 

отырып, бұрыннан қолданылып жүрген, дəстүрлі құралдардың орын алатындығын айтады. Бұл 

жалғыз  Сəкен  емес,  Сəбит,  Ілияс,  Əбділда,  Қасым,  Сырбай,  Жұбан  сияқты  ақындарда,  тіпті 

қазіргі  барлық  қазақ  поэзиясында  кездесетін  жағдай.  Бірақ  əрқайсысында  өзіндік  ерекшелігі 

бар,  əр  ақын  өлең  сөзді  өзінше  ойнатады,  өзінше  құбылтып,  түрлендіреді.  Біреуі  бұрыннан 

белгілі  сөзді  жаңа  мағынада  қолданып,  басқа  қырынан  көрсетсе,  екіншісі  тыңнан  сөз  жасап, 

жаңадан  бейнелі  ұғым  тудырады.  Осының  екеуі  де  кейде  бір  ақынның  шығармашылығында 

ұштасып жатады. Мұның өзі мүмкін нəрсе. Оның мəнісі қай ақын да ойын кестелеп, айшықтап 

айтуға  тырысады,  осы  жолда  былайынша  көңіл  аудармайтын  мəселеге  үлкен  маңыз  беруі 

мүмкін. Қазақ ақындарының дəстүрінде олар өз шығармаларында дағдылы халық үлгісін ғана 

емес,  басқа  ел  əдебиетіндегі  дəстүрлерді  де  енгізуі  мүмкін.  Осы  ретте  қазақ  ақындарының 

В.Маяовскийден  көп  үйренгенін  атаған  жөн.  Мəселен,  С.Сейфуллинде,  С.Мұқановта  орыс 

ақынының өлең өлшемдері кездесті. Маяковскийдің сөз саралау ерекшеліктері, жаңа мазмұнға 

жаңа форманы сəйкестендіру тəсілдері, сөзді жаңа мағынада қолдана алуы – қазіргі ақындарға 

да  үлгі  боларлық.  Осы  себептен  З.Ахметов  қазақ  ақындары  шығармашылығындағы 

Маяковский дəстүріне кең тоқталады.  

Кітаптың екінші бөлімі «Өлең өрнегі» деп аталады. Мұнда қазақ өлеңінің құрылымына, 

өлшем-өрнектері  мен  түрлеріне,  қазіргі  поэзияда  қолданылу  жолдарына,  ерекшеліктеріне 

талдау беріледі. Өлеңді өлең ететін ең алдымен оның ұйқасқа негізделген шумақтық құрылысы, 



238 

 

ырғақтылығы,  əуезділігі  мен  үнділігі.  Өлең  сөздің  қара  сөзден  басты  айырмашылығы  да 



осында. Оның үстіне ерте заманнан бері қазақ өлеңді əуенмен айтқан, ал тақпақтап айту дəстүрі 

кейіннен  туған.  Яғни,  өлеңге  əуенділік  те  тəн.  Қазақ  өлең  деп  əнді  де,  өлең  сөзді  де  айтады. 

Өлең  сөздің  оқылу  мəнері  мен  айтылу  қалпы  қара  сөзден  бөлек.  Тиянақты  ырғақ  болуы  да – 

өлең  сөздің  құрылысына  тəн  ерекшелік.  Ырғақ  қара  сөзде  де  бар,  бірақ  ол  өлеңдегідей 

мөлшерлі  емес,  тыныс  алу  үшін  ғана  сөйлем  арасында  болады.  Мөлшерлі  ырғақ – өлең 

жасаудың басты шарттарының бірі.  

Өлеңнің құрылыс жүйесіне арналған тарауда ырғақтан басқа да өлеңнің негізгі жанрлық, 

композициялық  сипаттары  зерттеледі,  тармақ,  бунақ,  шумақ  сияқты  өлең  бөлшектерінің 

заңдылықтары  талданады.  Өлшем  туралы  айтқанда,  автор  жалпы  түркі  тектес  халықтар 

поэзиясындағы  өлшем  түрінің  ең  көнесі  жыр  мен  қара  өлең  үлгісі  екенін  айтады.  Автор  бұл 

ойын көптеген тюрколог ғалымдардың пікірімен дəйектейді. Бұл екі өлшем Абайға дейін қазақ 

поэзиясында  басты  орында  болып  келгендіктен,  қазақ  өлеңін  зерттеген  əдебиетшілердің  бəрі 

дерлік осы  екеуіне назар аударып, олардың табиғатын ашуға  зер салады. Міне, осының бəрін 

ескере  отырып,  автор  бұл  екі  түрдің  өзара  жақындығы  мен  ішкі  заңдылықтарын, 

ерекшеліктерін  аша  түскен,  əсіресе,  ырғақтық  құрылыс  бітіміне  бірлестік  барын  айтуы  жəне 

оның  себебін  ашып  беруі – үлкен  жаңалық.  Зерттеуші  жыр  мен  қара  өлеңдегі  өлшемдердің 

айырмашылығы мен өзіндік қасиеттерін жан-жақты қарастырады. Жырдағы жеті-сегіз буынды 

өлшемнің  қазақ  өлеңінің  барлық  үлгісінде  келетінін  айта  келе,  автор  оның  жырмен  бірге 

термеде, толғауда мол қолданатынын анықтайды, терме мен толғауға ғылыми анықтама береді. 

Зерттеушінің жеті-сегіз буынды жыр түріндегі өлең үлгілеріне тəн шумақ пен ұйқас, тармақ пен 

түйдек  туралы  пайымдаулар  маңызды.  Мəселен,  осы  күнге  дейін  жеті-сегіз  буынды  жырдың 

ұйқасы шұбыртпалы екендігі орныққан пікір болса, ғалым З.Ахметов жыр ұйқасының бірнеше 

түрлерін айқындап, өзекті (желілі), жанама, бірыңғай, егіз ұйқас деген атаулар береді. Осыған 

байланысты зерттеуші бірнеше ұйқас түрлерін атап (айқас, ақсақ, аттамалы, егіз, қаусырмалы, 

шумақ,  аралық),  ұйқастың  тармаққа  да,  буынға  да,  ырғаққа  да  дауыс  толқынына  да  қатысты 

болатындығын  ескертеді.  Тіпті  «ұйқасты  түрлендіріп  пайдалану  өлең  сөздің  синтаксистік 

құрылыс  жүйесін  байытып,  молықтыра  түсуге  мүмкіндік  береді»  деген  түйін  айтады.  Қазақ 

поэзиясында қара өлең ұйқасы біршама зерттелгені белгілі. Ал зерттеуші З.Ахметовтың бұған 

дейін  айтылмаған  қырларын,  яғни,  тармақтарының  буын  санының  біркелкі  болуы,  төрт 

тармақты қара өлең шумағында  алдыңғы екеуінің негізгі айтылатын ойға тікелей байланысты 

болмауы,  дауыс  қалпының  өзгеруі  секілді  мəселелерді  айқындайды.  Зерттеуші  З.Ахметов 

мақал-мəтел, жұмбақ, нақыл сөз сияқты ұсақ жанр үлгілерінің өлеңдік өрнегін, ырғақ-өлшемін 

анықтайды.  Ғалым  «олардың  өзінше  қалыпты  ырғағы  бар  екенін, «белгілі  өлшеммен» 

айтылатынын, «ырғақтың  құрылыс  жағынан  еркін  жəне  алуан  түрлі»  болатынын  айтады.  Екі 

тармақты  нақыл  сөздің  (мақалдың,  жұмбақтың)  көпшілігі  төрттен  сегізге  дейінгі  буыннан 

тұратынын, ал төрт тармақтылары жеті-сегіз буыннан құралатындығын айтады. 

Қай  елдің  поэзиясында  болсын  өлеңдегі  ырғақты  туғызатын – өлең  сөздің  қайталанып 

келетін  мөлшерлі  бөлшектері  болса,  қазақ  поэзиясында  ырғақ  туғызатын – өлең  сөздің  буын 

саны тұрақты бөлшектері. Өлеңді оқығанда, айтқанда тармақтың өлшеулі шегі бар екені ерекше 

көзге түседі. Тармақтың бірлік-тұтастық тауып, оқшауланып тұратыны тегін емес. Оның шегі 

берік  сақталып,  өрнегі  үнемі  қайталанып  отырады.  Əрбір  тармақ  көбінесе  тиянақты  ойды 

немесе  оның  бір  түйін-тарауын  білдіреді,  дауыс  толқыны,  сөйлем  құрылысы  жағынан  да 

бөлекше  болып  келеді.  Ал  тармақты  бунаққа  бөлу  ырғақтық  жағынан  анық  болғанымен, 

синтаксистік  (сөйлем  құрылысы),  интонациялық  (дауыс  толқыны)  жағынан  көзге  түсе 

бермейді. Шумақтың құрылысын алсақ, мысалы, тармақтар төрттен, алты-алтыдан топтасса да, 

көбіне  өлең  сөздің  интонациялық,  синтаксистік  ерекшеліктеріне  сəйкестеніп  алынады.  Өлең 

өлшемдері  тармақтағы буын санына қарап  ажыратылады. Мысалы, он бір буынды өлең, алты 

буынды  өлең,  жеті-сегіз  буынды  жыр  өлшемі  т.б.  Тармақ  ішінде  өлең  ырғағын  белгілейтін – 

буын.  Ырғақты  күшейтіп,  толықтыра  түсетіндер-шумақ,  ұйқас.  Қазақ  поэзиясында  өлең 

ырғағының  тірегі – буын.  Буын  санына  негізделетін  силлабикалық  өлең  жүйесі  қазақ 

поэзиясында,  басқа  түркі  тілдес  қырғыз,  өзбек,  татар,  түркімен,  əзербайжан,  башқұрт  секілді 

халықтардың тілінде, сонымен бірге француз, чех тілінде де қолданылады. Силлабикалық өлең 

жүйесінде буындардың өлең ырғағын туғызуға, белгілеуге қатысты біркелкі сипат алуы, əрине, 

тіл құрылысының түпкі ерекшеліктерімен терең байланысты.  

Қазақ  өлең  жүйесінде  ырғақтың  буынға  негізделуі,  тармақтың  да  буын  санымен 

белгіленуі – мұның  бəрі  тілдің  құрылысына,  алдымен,  оның  дыбыстық,  яғни  фонетикалық 



239 

 

құрылысына  орай  қалыптасқаны,  тілдің  табиғатынан  туатыны  талассыз.  Тіпті  ұйқастың 



құрылысы  да  буынға  байланысты.  Қазақ  поэзиясында  ең  көп  қолданылатын  өлең  өлшемдері-

жеті  буынды,  жеті-сегіз  буынды,  он  бір  буынды.  Алты  буынды  өлең,  онан  да  қысқарақ  төрт 

буынды  өлең  сиректеу  кездеседі.  Он  төрт,  он  бес  буынды  өлеңдердің  тармағы  құрама  болып 

келеді, яғни, жеті буынды екі тармақтан, не жеті, сегіз буынды екі тармақтан құралған болады. 

«Өлең сөздің теориясы» еңбегінде поэзиядағы бейнелеу тəсілдеріне пайымдаулар бере отырып, 

қазақ  өлеңінің  құрылысына  талдаулар  жасаған.  Қазақ  өлеңінің  теориясын  негізінен,  өзіне 

дейінгі  ғалымдар  пікіріне  сүйене  отырып  (В.Гордлевский,  И.С.Брагинский,  Ф.Корш, 

Т.Ковальский)  əлем  əдебиетіндегі  теориялық  талдауларды  саралай  келе,  қазақтың  өлең 

өлшемдеріне тыңнан пайымдаулар жасайды.  

З.Ахметов  өз  зерттеулерін  тиянақты  жалғастыра  отырып,  қазақ  əдебиетінің  көрнекті 

ақындарының  шығармаларын  мұқият  талдап,  ондағы  тосын,  жаңа  өрнектерге  назар  аударған. 

Қазақ ақындары Ж.Нəжімеденов, Ə.Тəжібаев, С.Асанов өлеңдерінің ұйқас, тармақ, бунақ, буын 

мəселелеріне  көңіл  бөліп,  олар  он  бір  буынды  тармақтарды  құрылысы  бір  тектес  басқа 

тармақтармен  аралас  қолданғанын  нақты  мысалдармен  дəлелдейді.  Сонымен  бірге,  он  бір 

буынды  тармаққа  он  бес  буынды  тармақ  та  орала  алынатын  кездері  болатынын  айта  келе, 

мысалға Қ.Бекхожиннің «Жігіт болсаң....» өлеңінен үзінді келтіреді: 

Алатаудың шың басына шықпасаң, 

Жігітсің –  

Қыз қасында қыздың сырын ұқпасаң,  

Қасқимасаң құйындарда, асқарда,  

Жігітсің –  

Биік үйдің бауырын тек ықтасаң. 

Ақынның  осы  өлеңін  түбегейлі  талдаған  зерттеуші: «Бұл  тармақтардың  ырғақтық 

құрылысында,  жақындық,  жанасымдылық  жоқ  емес:  он  бір  буынды  тармақтың  төрт  буынды 

бунағын тағы бір қайталаса, он бес буынды тармақ болып шығатынын ескеру керек», - дейді. 

Шындығында да Қ.Бекқожиннің бұдан басқа «Ұмыт бəрін», «Əкелер мен балалар», «Саятшы» 

т.б. лирикасында осы құбылыстар кездеседі. Зерттеуші еңбегінде қазақ поэзиясында ерікті өлең 

түрінің  орнығуына  байланысты  ізденістер  жасайды.  Ғалымның  айтуынша,  ерікті  өлең  түрі 

қалыптасқан  өлеңнің  силлабикалық  жүйесіне  əсері  жоқ,  қалыпты  принципті  жоққа  шығару 

емес, қайта қазақ поэзиясындағы өлшем-өрнектердің көбеюі деп, мынадай тұжырымға келеді: 

«Ерікті  өлең  əжептеуір  өріс  алған  елдердің  поэзиясына  көз  салсақ,  бұл  өлең  түрі  мен 

қалыптасқан  өлең  өлшемдері – негізгі  өлең  жүйесі  қатар  дами  беретінін  байқаймыз.  Ендеше, 

бұлар  бір-бірін  ығыстырып,  сыйыспайтын  нəрселер  деуге  болмайды.  Əрқайсысының  өз 

мүмкіндігі,  өзінше  артықшылығы  бар.  Зерттеуші  ерікті  өлеңнің  алғашқы  үлгілері  ретінде 

Сəкен,  Бейімбет,  Ілияс,  Сəбит  өлеңдерін  мысалға  алып,  өлеңнің  буындары  мен  тармақтарына 

жете назар аударып, олардың ерікті өлең түріне жататынын дəлелдейді.  

Зерттеуші XX ғасыр  поэзиясындағы  ізденістерді  байыптай  келе,  ондағы  ырғақ,  өлшем 

құбылыстарына терең талдау береді. Поэзиядағы қандай да көркемдік тəсілдерді орнымен, өлең 

үйлесімінде  қисынмен  қолдану  ақындық  шеберлікке  байланысты  екенін  түйіндей  келе,  халық 

арасына  кең  таралған  жырлардағы  халықтық  үлгілердің  əсерлілігіне  мəн  береді.  Зерттеуші 

лиро-эпостық  жырлардан,  терме-толғаулардын  үзінді  келтіріп,  ондағы  ойға  оралымды 

тіркестерге  ерекше  мəн  береді.  Еңбектің  қазіргі  өлең  құрылысына  қатысты  теориялық 

ізденістер  мен  олардың  ғылыми  бағытын  айқындауға  жəрдем  бола  құнды  тұстары  жетерлік. 

Қорыта  айқанда, академик Зəки Ахметовтің  «Өлең  сөздің  теориясы» еңбегі – поэзияға  талдау 

жасауға ғылыми тұжырымдар мен ой-пікірлері жағынан негіз боларлық толымды еңбек. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



240 

 

УДК 811.512.141



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет