Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



Pdf көрінісі
бет21/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   111
Байланысты:
erkebaeva azyk-tulik shikizaty zhne tagam onimderinin kauipsizdigi

адам ағзасына əсері
Заттар тобы
Көзі
Ағзаға əсер етуі
Тағам компоненттері
Жануар ақуыздары
Өсімдік белоктары
Жануар майлары
Өсімдік майлары
Көмірсулар
Дəрумендер, 
минералды 
заттар жəне 
микроэлементтер
Ет, балық, құс, сүт, 
жұмыртқа
Нан, жармалар, бұршақтар 
тұқымдасы
Сары май, сало
Күнбағыс, мақта, зəйтүн, 
жүгері жəне басқа майлар
Жануар жəне өсімдік текті 
өнімдер
Жануар жəне өсімдік текті
өнімдер
Пластикалық 
материал
Пластикалық 
материал
Пластикалық 
материал
Пластикалық 
материал
Энергия көзі
Физиологиялық 
функцияларды 
орындау


35
2.2- кестесінің жалғасы
Балластты компоненттер
Целлюлоза, пектин
Коллаген
Көкөністер, 
жемістер
Ет, құс
Асқазан-ішек 
жолдарының қызметін 
реттеу
Асқазан-ішек 
жолдарының қызметін 
реттеу
Фармакологиялық белсенділігі жоғары компоненттер
Этанол
Кофеин, теобромин
Биогенді аминдер
Алкогольды 
сусындар
Кофе, какао, шай
Сырлар, 
маринадталған 
май шабақ, кейбір 
жемістер
Наркотикалық əсер, 
энергия көзі
Ынталандыру əсеріне ие
Гипертензиялық əсер
Антиалиментарлы заттар
Протеиназаны 
тежегіштері
Антидəрумендер
Минералсыздандыру 
факторлары (фитин, 
қымыздық қышқылы)
Соя, бұршақ, 
үрмебұршақ, 
үй құсының 
жұмыртқасы
Жануар жəне 
өсімдік текті 
өнімдер
Бидай, жүгері, 
үрмебұршақ, 
бұршақ, жəне т.б.; 
қымыздық, шпинат, 
рауғаш, шай, қызыл 
қызылша жəне т.б.
Белок өнімдері 
сіңімділігінің төмендеуі
Гиповитаминоздың 
дамуы
Ішекте кальций жəне 
басқа металдар сіңуінің 
төмендеуі


36
2.2- кестесінің жалғасы
Уытты заттар
Цианогенді 
гликозидтер
Гликоалкалоидтер
Дивицин
β-Цианоаланин
Лектиндер
Аматоксиндер
Сакситоксин 
жəне басқа теңіз 
токсиндері
Маниока
Картоп, қызанақ, 
баклажан
Бұршақ тұқымдастар
Бұршақтың кейбір 
түрлері
Үрмебұршақ жəне 
басқа бұршақ 
тұқымдастар
Кейбір қалпақты 
саңырауқұлақтар
Динофлагеляттар, 
моллюскалар, 
балықтар
Тыныс алу тізбегінің 
бұзылуы
Асқазан-ішек жəне 
неврологиялық бұзылыстар
Фавизм
Нейролатиризм
Эритроциттердің 
агглютинациясы
Нейротоксикоз
Тыныс алудың салдануы, 
асқазан-ішек жəне 
неврологиялық бұзылыстар
Жаңа шикізат көздерінен алынған қарапайым компоненттер
Гендік 
модификациялық 
ағзалар
Жануар жəне өсімдік 
текті өнімдер, соның 
ішінде өнеркəсіптік 
өндіріс өнімдері
Ағзаға əсер етуі зерттелуде
Жекелеген аминқышқылдары арасындағы арақатынастың бұ-
зылуы – аминқышқылдық дисбаланс адам денсаулығы үшін 
елеулі зардаптарға алып келеді. Мысалы, негізгі белок көзі 
ретінде жүгері жəне соргоны пайдаланумен байланысты изолей-
цин жəне лейцин арасындағы дисбаланс белгілі бір жергілікті 
мекенге тəн эндемиялық пеллагра ауруының даму себебі болып 
табылады, сондай-ақ қытай мейрамханасы атты синдром туралы 
мəлімет көрсетілген (əлсіздік, жүрек қағысы, шүйде жəне арқа 
маңындағы сезімталдықтың жоғалуы), яғни ол синдром бірқатар 
тағамдарға ас қатығы есебінде натрий глутаматының жоғарғы до-
засын енгізумен байланысты.
Май жəне басқа липидтер тікелей энергия көзі болып қана та-
былмай, сондай-ақ тамақтануда сан алуан маңызды жəне күрделі 
қызметтерді атқарады. Майдың негізгі рөлінің бірі тағам өнімдеріне 


37
белгілі бір дəм беруге негізделеді. Майлар асқорыту процесін баяу-
латады жəне ашығу сезімін қайта туындатады.
Липидтердің потенциалды уыттылығы олардың химиялық 
құрылымымен байланысты. Ұзын тізбекті май қышқылдары уытты 
əсер етуі мүмкін, яғни рапс жəне қыша майындағы эрук қышқылы, 
сондай-ақ балықтың бірқатар түрлерінде болатын фураноидты 
май қышқылдары жəне май қышқылдарының трансизомерлері 
уытты əсер көрсетеді. Қаныққан май қышқылдарын шектен тыс 
мөлшерде қабылдау атеросклероз жəне семіздіктің дамуына əсерін 
тигізеді. Жүрек ауруларының дамуында тағамдық холестерин жəне 
майдың рөлі толығымен зерттелмеген. Қанда холестерин деңгейі 
жоғары адамдар жүрек ұстамасының дамуына бейім келетіндігі 
айқын. Де 
генмен, бірқатар адамдарда тағаммен қаныққан май 
жəне холестеринді қабылдау жəне қандағы холестерин деңгейі ара-
сында түрлі арақатынас байқалады. Бірқатар адамдар құрамында 
холестерині жəне майы жоғары деңгейдегі тағамды қолдануы мүмкін 
жəне оған қарамастан қандағы холестериннің деңгейі қалыпты 
мөлшерде сақталады, ал басқа бір адамдарда құрамында холестери-
ні жəне майы жоғары деңгейдегі тағамды аз мөлшерде қолдануына 
қарамастан қандағы холестерин деңгейі жоғары мөлшерде 
сақталған. Дегенмен, диетологтардың пікірі бойынша, жас, жыныс, 
тұқымқуалаушылық, темекі шегу, артық салмақ, жоғары артериялық 
қысым, диабет жəне басқа факторларға негізделген қауіп факторла-
ры жоғары болатын адамдардың тағаммен түсетін май жəне холесте-
рин мөлшерін шектеу қажет деп есептейді.
Көмірсулар адам үшін алмастырылмайтын қоректік зат болып 
табылады. Көмірсулар əсіресе, бұлшықет қызметі жəне дене темпе-
ратурасын сақтаудағы энергия көзі есебінде аса маңызды. Ағзадағы 
зиянды заттардың детоксикациялық қызметін атқаратын бауыр-
да гликогеннің белгілі бір мөлшері болуы қажет, ал бұл гликоген 
мөлшері көмірсуларды тұтыну есебінен орны толтырылады жəне 
тұрақтандырылады. Көмірсулардың тағы бір маңызды қызметі бе-
лок жəне май алмасуын реттеу болып табылады.
Жеке дара төзбеушілікті атамағанда, көмірсуларды тұтыну 
барысындағы теріс əсер сирек байқалады. Тоқ ішектің кілегейлі 
қабығында лактозаны ыдырататын ферменттің жоқ болуына байла-
нысты лактозаға төзбеушілік аса кеңінен таралған. Жекелей алғанда 
сахарозаны шектен тыс мөлшерде қабылдаумен байланысты аурулар 
кездеседі (қант диабеті, семіздік, жүрек-қантамырлары аурулары).


38
Бұршақ тұқымдастарының табиғи компоненті болып табыла-
тын бірқатар олигосахаридтер, мысалы, раффиноза жəне стахиоза 
ыдырамаған күйде асқорыту жолы арқылы өте отырып, анаэробты 
микроағзалар ферменттерінің əсеріне ұшырау объектісіне айналады. 
Осы ферментативті реакциялар процесі нəтижесінде түзілетін газ-
дар күрделі диспепсиялық бұзылыстар жəне диарея шақырады.
Микроэлементтер уытты əсер көрсетеді, олардың уыттылық 
дең 
гейі түрлі факторларға тəуелді болады. Əрбір микроэле-
мент мөлшерінің қауіпсіз жəне уытты деңгейі бар. Қажетті мик-
роэлементтерді тұтыну деңгейі жəне созылмалы интоксикация-
ны шақыратын микроэлементтің минималды дозасы арасындағы 
айырмашылық бірнеше қатарды құрайды. Дегенмен, жеңіл сақталатын 
микроэлемент уақыт өте келе тіндерде жинақталады сондықтан уыт-
ты əсер тудыратын минималды доза төмендейді. Сондай-ақ мына 
жайтты да ескеру қажет, яғни кез келген өнімді дайындау, сақтау жəне 
сату барысында өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштері өзгеруі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет