3.4. Тағам өнімдерінің контаминанттары ретіндегі
диоксиндер, полихлорланған бифенилдер жəне басқа
да полигалогенделген көмірсутегілер
Полигалогенделген көмірсутегілер (ПГК) туралы бірінші ха-
барлама XIX ғасырдың аяғында пайда болды. Калий хлоридінің
электролизімен алынатын калий гидроксиді өндірісінде жұмыс
істейтін жұмысшыларда дерматиттердің пайда болу себебін зерт-
теу барысында хлордың шайырмен өзара əрекеттесуі нəтижесінде
электролитикалық ұяшықтарда түзілетін заттар тобы бөлінді. Бірақ
дерматиттің шығу себебін электролиз нəтижесінде бөлінетін хлор-
дан пайда болады деп есептеді. Кешірек, Бірінші Дүниежүзілік соғыс
уақытында полихлорланған көмірсутегілер класының қосылыстары
синтезделді, оларды газдан қорғайтын құралдың резеңкесіне пай-
даланды. 1949 жылы АҚШ-та 2,4,5 -үшхлорлыфенол (ҮХФ) жəне
2,4,5-үшхлорфеноксисірке қышқылы өндірісінде жұмыс істейтін
жұмысшылар ауыр уланған, олардың май бездерінің қабынуы,
порфириттік алмасудың бұзылуы, бауыр, асқазан, жүйке жүйесінің
зақымдалуы, жұқпалы ауруларға бейімділігі анықталған. Жоғарыда
аталған симптомдар қосылған ауру «хлоракне» деген атауға ие бол-
ды. Сол уақытта хлоракне ҮХФ-мен байланысқаннан пайда болады
деп қате ойлаған, ҮХФ Батыстың бірқатар елдерінің қоршаған орта-
сында 50-60- жылдарда, сонымен қатар 1961 жылдан бастап, 1972
жылдар кезеңінде АҚШ-тың Оңтүстік Вьетнамға бастаған химиялық
соғыс уақытында пайда болған. Америка əскерлері партизандық
қозғалысты басуға тырысып, agent orange (қызғылт сары) деп атала-
тын дефолиантты кеңінен қолданды, ол ағаш жапырақтарының тез-
деп түсуін туындатқан. Содан бері осы аурудың көптеген жағдайлары
103
тіркелген, тек XX ғасырдың 70-жылдарының аяғында оның себебі
ҮХФ-ды алу кезінде микроқоспа түрінде түзілетін диоксиндер
жəне диоксинге ұқсас қосылыстардан туындайтыны анықталды,
ал бұл қосылыстар мұнай-химия өнеркəсібінің кəсіпорындарында
өндіріледі.Құрамында ПГК бар материалдардың, адам ағзасына жəне
қоршаған ортаға жедел жəне созылмалы əсері, яғни айқын кемшілігі
анықталғаннан кейін, ауылшаруашылығы жəне басқа өнеркəсіп
салаларында полигалогенделген көмірсутегілерді қолданудың
бастапқы артықшылықтары сызып тасталды. Диоксиндердің
су экожүйесінде жинақталғаны туралы, олардың ауамен үлкен
қашықтықтарға таралуы туралы хабарламалар пайда болды. Диок-
синдер автомобильдердің пайдаланылған газында (1980 ж.), күл-
қоқыс жанғаннан кейінгі өнімдерде, бала емізетін əйелдердің сүтінде
(1984 ж.), целлюлоза-қағаз өнеркəсібінің қалдықтарында (1985 ж.,
АҚШ, Швеция) табылған.
3.1-кестесінде адам денсаулығына қауіп төндіретін, тағам
өнімдерінің контаминанттары болып табылатын полигалогенделген
көмірсутегілердің топтары берілген. Экологтар олардың қоршаған
ортаны ластауының ғаламдық сипатын, жоғары тұрақтылығына
жəне уыттылығына назар аудара отырып, көрсетілген қосылыстарды
жоғарыда қарастырылған хлорорганикалық пестицидтермен бірге,
суперэкотоксиканттар тобына жатқызады.
|