Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі мардан сапарбаев институты мунашова Жамиля Балқыбекқызы


Педагогикалық шеберліктің элементтері



бет3/91
Дата21.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#69755
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
2. Педагогикалық шеберліктің элементтері.
Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - мұғалімнің оқу-тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы.
Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық іс-әрекетті жоғарғы педагогикалық мамандық негізінде басқара білу.
Педагогикалық іс-әрекеттер мынадай құрылымдардан тұрады:
іс-әрекет мақсаты, іс-әрекет объектісі, іс-әрекет субъектісі, іс-әрекет құралы.
Аталған іс-әрекет құрылымдары бір-бірімен байланысты, кешенді жүзеге асырылып, іс-әрекеттің компоненттері болады.Осы аталған іс-әрекеттер компоненттері де болып табылатын іс-әрекет мақсаты, объектісі, субъектісі және іс-әрекет құралдарын жеке-жеке алып қарайтын болсақ: іс-әрекет мақсаты – жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуді көздейді. Жан-жақты тәрбиелеу тәрбие жұмысын жүйелі жүзеге асыруды қажет етеді.Кешенді жүргізу адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене, экономикалық экология, ақыл-ой тәрбиелерін тұтас бір-бірімен ұштастыра жүргізу болып табылады.
Тәрбие жұмысын комплексті жүргізу тәрбиеленушілердің санасына да, мінез-құлқына да, олардың тіршілік қызметше де бір мерзімде ықпал жасауға мүмкіндік береді.
Жеке адамды жан-жақты дамыту жас ұрпақтың тіршілік қызметінің алуан түрлі: өндірістік, қоғамдық саяси, руханиадамгершілік салаларында барлық қабілет дарындарын дамытуды қарастырады.
Іс-әрекет объектісі – адамдардың қалыптасуынын, объективтік негізін қоғамның материалдық-техникалық базасы, қоғамдық қатынастар, тұрмыс салалары, табиғи орта және адамның туа біткен қасиет-нышандары сияқты адамдардың еркі мен санасына тәуелді емес факторлар құрайды. Адам жанасқан нәрселерінің бәрі - адамдар, заттар, табиғаттың және айнала қоршаған қоғамдық өмірдің құбылыстары осының барлығы оның санасы мен мінез-құлқына, оның рухани әлпетіне ізін қалдырады. Адам коғамның белсеңді мүшесі ретінде қалыптасады. Сөйтіп, адам қайталанбайтын дара ерекшеліктерімен көзге түседі. Сондықтан тұлғаға арналған педагогикалық ісәрекетті шығармашылық негізінде ұйымдастыра білуді қажет етеді. Баланың тәрбиесіне педагогтік іс-әрекеттің объективтік жағдайлары, қоршаған өмірде әсер етеді. Сондықтан тәрбие жұмысында өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстарын айналадағы объективті өмірмен байланысты үйлестіре жүрізген жөн.
Іс-әрекет субъектісі - тәрбиеленуші және жас жеткіншектерге тәрбие жөнінен әсер етушілер: педагогтер, жанұя, педагогикалық ұжым және орта болып табылады.Мектеп ішінде балаларға тәрбие және оқу жұмысын ұйымдастыратын негізгі тұлға мұғалімдер. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеттері, оның білімі, білгірлігі, оқыту және тәрбие әдіс-тәсілдері үлкен әсер етеді. Нағыз балаларға лайықты, ұтымды, нәтижелі тәрбие беретін педагогтарды өзін-өзі жетілдірумен шұғылданатын, адамгершілік-ізгілік қасиеттері мол тәжірибелі шебер педагогтер деп айта аламыз.
Педагогикалық іс-әрекет құралдарына: оқу, еңбек, ойын, қарымқатынастар жатады.Әрбір педагог өзінің қалауынша осы аталған құралдарды тәрбие жұмысында басшылыққа алады. Мысалы, А.С.Макаренко өзінің іс-әрекетінде тәрбие құралы етіп «еңбекті» қолдануы. Қазақстанда Макаренконың тәжірибесін басшылыққа алушы, өзінің қиын балалармен жұмыс ұйымдастыруда Архимед Мыңбаев тәрбие жұмысының құралы етіп еңбек процесін адды. Әр оқушының ерекшелігін біле отырып, еңбекке баулаудың нәтижесін олардың жүрегінен жол тауып, «қиын» оқушыларды дұрыс жолға сала білді. Еңбекке деген олардың сүйіспеншілігін арттырды.
Кейбір педагогтар іс-әрекет құралдары ретінде, бірлескен ұжымдық оқуды, басқа да бірлескен іс-әрекеттерді ұйымдастыруды құрал етіп пайдалана білді. Мысалы, ресейлік мұғалімдер В.А.Караковский, В.Н.Сорока-Россинский тәрбие жұмыстарының құралы етіп ұжымдық оқуды ұйымдастыруды негізге алған. Мұндай тандау олардың шеберлік және мүмкіндік ыңғайына байланысты жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет