Келісемін: Бекітемін Директордың тәрбие ісі №81 «Astana English School»
жөніндегі құқық менеджері халықаралық мамандандырылған
_______Ш.К.Омирзакова гимназия директоры
__________ Г.Д.Садыкова
«ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІН БІЛЕМІЗ БЕ?»
Сынып жетекші: Сәтбай.А. С
Тәрбиеші: Ахмет.Д. А
Сынып: 3 «Г»
Астана 2023
Тақырыбы: «Жолда жүру ережесін білеміз бе?» Сынып: 3 «Г» Мақсаты: 1.Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру .
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің
белгілеріментаныстыру
3.Балаларды көшедедұрысжүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , жол
ережесіне арналған кітаптар.
1. Ұйымдастыру кезеңі : Кіріспе : «Абайлаңыз, балалар!» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.
Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулеріөмірлік мүгедекболыпқалады.
Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін заңын бұзбайды.
Тәрбиеші: – Арманға, алда күткен асығамыз, Біз қалай толқын атпай басыламыз. Жол жүру ережесін жақсы біліп, Сақтыққа тұра алатын жас
Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды ?
Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .
Тәрбиеші:Ал енді «Абайлаңыз балалар! » атты тәрбие сағатымызды ашық
деп жариялаймын .