200
18.
-Ып, -іп формалы көсемшенің болымсыз түрінен жасалған
баяндауыш істеген істі, әрекетті өкінішпен атау үшін қызмет етеді:
Әрнәрсеге ренжітіп!
19. Ашық рай болымды баяндауыштарға эмоциялы сыңар форма
ретінде мына ретпен құрылған баяндауыш жұмсалады:
уға, ғанға
дейін барды формалы етістік –
Ұрысуға дейін барды, ұрысқанға дейін
барды.
20. Ашық райлы болымсыз баяндауышқа эмоциялы сыңар ретінде
жұмсалған
зат есім – құрлы – көрмейді, зат есім – құрлы – болмады,
есімше – құрлы – болмадым, (Күркее құрлы болмады, алған құрлы
болмады) болып құрылған баяндауыштар бар.
Эмоциялы баяндауыштар тек болымсыз формада жұмсалады.
Реплика ретіндегі лепті сөйлемдер. Тілімізде құрылысы жағынан
оқшау келетін, құрамындағы сөздерді мүшелік қатынасқа анық
даралауға келмейтін сөйлемдер бар. Мысалы,
Келгенде қандай, Ол ол
ма! Бұл сөйлемдер лексикалық құрамы жағынан мүлде еркін бола
алмайды, олардың бір тобы ылғи тұрақты бір сөздерді ғана
қатыстырып құралады:
О несі екен! Алғанда қанадй! Айтқанда
қандай! Осы ретпен құралған сөйлемдер фразеологизмге тән сипат
береді. Өйткені, сөйлемнің құрамындағы сөздер еркін тіркеспейді,
орнықты болған үлгі бойынша біріктіріледі. Мұндай сөйлемдер
реплика ретіндегі лепті сөйлемдер деп аталады.
Реплика сөйлемдердің бір ғана сөзден құралатыны да болады:
Осыған жалғыз барасың ба? – Бармай!
Реплика сөйлемдердің құрылысы: 1. Алдыңғы репликаның бір
сөзін қайталау негізінде құрылады. Сөз
болымсыз көсемше немесе –
ғанда тұлғалы есміше түрінде келеді.
-Айтпағанда! (Қ.Ж)
2. Алдыңғы репликадан қайталанған сөз бен тұрақты компонент
ретіндегі сөзден құралатын сөйлемдер: А)
Қайдағы – қайталанған сөз
(есім, есімше) болып құралады.
- Ал жүрейік, шешей.Қайдағы шешей!
Достарыңызбен бөлісу: