204
Сондықтан атаулы сөйлемдерді негізгі мүшенің грамматикалық түр-
тұрпатына қарай
: негізгі мүшесі атау тұлғалы зат есімнен болған
атаулы сөйлем, негізгі мүшесі сын есімнен болған атаулы сөйлем деп
бөлінеді:
Түннің қараңғысы-ай! Ту, қараңғысы-ай даланың! – деді
Әбиев (С.Мұрат).
Тіліңмен орақ орғышың-ай сенің (Ж.Е.).
Сонымен қатар негізгі мүшесі –ған, -ген, -тын, -тін тұлғалы
есімшеден болған атаулы сөйлем, негізгі мүшесі тұйық етістіктен
болған атаулы сөйлем, негізгі мүшесі табыс септіктегі сөзден (зат,
сын есім, есімше, тұйық етістік) болған атаулы сөйлем деп топталады.
Бұл атаулы сөйлемдер құбылысты, затты эмоциялы түрде атау
үшін жұмсалады.
Шіркіннің күлкісі-ай! (Б.М.).
Шіркін осы ауылдың
жастары-ай! Ойын-сауық десе жанып кетеді (С.Мұрат).
Негізгі мүше қызметіндегі сын есім тәуелді формада тұрады. Бұл
– субъектілік мағыналы сөз бен анықтауыштың байланысуы үшін
туған жағдай:
Менің оқығаным-ай! Сенің келгішің-ай!
Негізгі мүшесі
–ғыр, -гір, -қыр, -кір жұрнағы арқылы жасалған
сын есімнен болған атаулы сөйлемдер тілеу, сөгіс білдіру амалы
болып жұмсалады.
Оқымай кеткір! Көзі ашық қой, жөн сілтейді ғой
десем, жаудың табанына салып бермек (Б.М.).
Негізгі мүшесі
–ған, -ген, -қан, -кен, -тын, -тін тұлғалы
есімшеден болған атаулы сөйлемдер іс-әрекет туралы пікірді
эмоциямен білдіру үшін жұмсалады.
Күні бойы сарылып үйде отырғаны! Жай отырмайды, бірдемені
жазып отырады (Б.Т.).
Сенің-ақ сағына беретінің-ай (Б.М.).
Тоба-ай,
сенің түсінбейтінің-ай (Б.М.).
Негізгі мүшесі тұйық етістіктен болған атаулы сөйлемдер іс-
қимылды эмоциямен білдіру үшін жұмсалады.
Тіпті, мынаның шешенсіп сөйлеуі-ай (Б.М.).
Негізгі мүшесі табыс септіктегі сөзден (зат есім, сын есім,
есімше) болған атаулы сөйлемдер де пікірді эмоциямен білдіреді.
Мына жердің тауын-ай! Жүктің ауырын! Мүләйімсуін! Балаларға
қорған болған кісімсіп тұрғанын (М.Ә.).
Негізгі мүшесі атау септіктегі сөзден болған атаулы сөйлем мен
табыс сөзден болған атаулы сөйлемдердің жасалуында үлкен
алшақтық жоқ. Соңғы сөйлемдер – тарихи өзгерістің нәтижесі.
Бұл атаулы сөйлемдердің негізгі мүшесі кейде
–шы, ші жұрнағын
үстеген күйде жұмсалады.
Сұрының жаманыншы! (І.Ж.).
Атаулы сөйлемнің мүшесінің құрамына
-шы, ші жұрнағының
қатысуы оның басқа ұқсас формаларға еліктеуінен (аналогия заңы)
болған.
Достарыңызбен бөлісу: