209
5. Бастауыш мүшелер құрамы жағынан дара, күрделі, үйірлі
болып болып бөлінеді.
Қара кер озып келді. Үйдің іші қараңғы.Білегі
жуан бірді жығады, білімі жуан мыңды жығады. (мақал)
Күрделі, үйірлі бастауыштар мына түрде құралады:
1)
Күрделі сын есім, сан есім, есімшелер бастауыш ретінде
жұмсалады.
Қара кер озып келді.
2)
Зат есім мен көмекші есімдер (алды, жаны, кіші, маңы т.т)
матаса бірігіп күрделі бастауыш ретінде жұмсалады:
Қораның іші.
Есімбектің аулының сырты ызың-шу, қым-қуат (Б.М.).
3)
Зат есім, жіктеу есімдіктері мен өз есімдігі матаса бірігіп
күрделі бастауыш ретінде жұмсалады:
Інімнің өзі (інім өзі), сен өзің.
Бұндай құрамдағы бастауыш екі түрлі мағынада жұмсалады:
а) субъектінің предикативтік іске қатысын айқындап білдіру үшін
–
інімнің өзі айтты.
ә) Субъектіні ерекшелеп, екпін түсіріп атау үшін:
Далада қалған
шөптің өзі бір әкелуге жетер ме екен (С.Ж.).
Бұл қызметте бастауыш ретінде
өзі болып та құрала береді:
Сүйтіп келгенше, көзіңді біржолата жоғалтқаныңның өзі жақсы еді
ғой (А.Ш.).
4) Зат есім есімдік және жинақтау сан есімдер
(Сен екеуміз,
жолдасым екеуміз) немесе зат есім мен
деген сөзінің тіркесуі арқылы
күрделі бастауыш жасалады.
Айнабай деген бірді-бірге соғып…
жүретін бір қызыл көзді бәле (Б.М.). Ой деген таусылмайтын ораулы
жік сияқты (С.Мұрат.).
5) Күрделі мекеме атаулары күрделі бастауыш ретінде
жұмсалады.
Қазақ ССР Министрлер Советі қаулы шығарды.
Баяндауыш. Предикативтік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем
мүшесін баяндауыш дейміз. Баяндауыш-грамматикалық формасы
жағынан бастауышқа бағынышты мүше. Сөйлемді қалыптастыратын
предикативтік форма осы баяндауыш бойынан табылады.
Сөздің баяндауыш қызметі ең алдымен оның предикативтік
қатынасынан көрінеді. Мысалы
: Кісі кеше келген - Кеше келген кісі
(осында отыр). Келген бірінші сөйлемде баяндауыш ретінде
жұмсалып тұрса, екінші сөйлемде-анықтауыш.
Сөздің баяндауыштық қызметін анық танытатын аффикстер-
жіктік жалғаулар.
Достарыңызбен бөлісу: