Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет14/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   196
2.  Қойыңдаршы енді, - деп келте мұрын келіншек отырғандардың 
кеудесіне  соқтыра  серпіп,  кең  көк  шұбар  дастарханды  жайып  та 
жіберді    (Ғ.Мүсірепов).  Бұл  мысалда  табыс  септіктің  қосымшалы 
формасы қолданылған. Оның қосымшалы формада тұруына не себеп 
барын  байқау  үшін,  сөйлемді  түрлендіріп  қарайық:  «Кең  көк  шұбар 
дастархан  жайып  та  жіберді»  деп  өзгертуге  келмейді,  ал  «кең  көк 
шұбар  дастархан  жайды»  деуге  әбден  болады.  Бұған  қарағанда, 
септіктің қосымшалы формасын аналитикалық формалы етістік керек 
етіп тұрғаны байқалады және оның құрамындағы шылаудың да әсері 
бар.  Ол  етістіктің  екпінін  күшейтіп,  оны  объекті  сөзден  бөліңкіреп 
тұр.  Ал  объекті  сөз  дара  етістікпен  тіркескенде,  олардың  арасында 
жақындық  күшейеді,  рас,  дара  етістік  өзімен  қосымшалы, 
қосымшасыз формалы сөздердің тіркесіне немқұрайлы қарайды. Бірақ 
күрделі  етістік,  аналитикалық  формалы  етістік  көбіне  табыстың 
қосымшалы  формасын  қалайды.  Дара  етістіктердің  объекті  сөзбен 


 
28 
жақындауға,  жымдасуға  бейімділігі  тіліміздегі  құранды  етістіктердің 
қалыптасуына  әсер  еткен,  өйткені  құранды,  күрделі  етістіктер 
сөйлемдегі  еркін  сөз  тіркесінен  қалыптасқанын  ескерсек,  онда 
құранды  етістіктердің  құрамында  тек  қана  дара  етістіктердің  болуы 
жоғарыдағы пікірді растайды. 
3.  Қалада  бұл  кезде  күзем  жүні  мен  киіз,  тері  –  терсегімен 
базаршылай  келген  ел  жолаушысы  көп  болатын  (М.Әуезов).  Тілде 
«мен»  шылауы  арқылы  байланысқан  екі  бірыңғай  мүшенің  соңғысы 
үнемі  қосымшалы  формада  тұрады.  Бұл  сөйлемде  ондай  сөз  (киіз) 
нөлдік формада қолданылған. Бұл стильдік қажеттен болған, өйткені 
жазушы  мұнда  екі  жайды  ескергені  байқалады:  1)  Егер  сөйлемдегі 
нөлдік  формадағы  сөз  (киіз)  қосымшамен  қолданылса,  сөйлемде 
«мен»  морфемасы  қатарынан  3  рет  қайталанады  және  олардың 
мағыналары  бір  емес,  біреуі  –  шылау,  екеуі  –  көмектес  септіктің 
жалғауы.  Ол  стильді  ауырлатар  еді.  2)  Бұл  сөз  осы  сөйлемде 
қосымшалы  формада  қолданылса,  «мен»  шылауының  мәні 
көмескіленіп, оны көмектес септігінен ажырату қиындайды. Мысалы: 
Қалада  бұл  кезде  күзем  жүні  мен  кигізімен,  тері–терсегімен 
базаршылай  келген  ел  жолаушысы    көп....  Көркем  сөздің  атасы 
Мұхтар  Әуезов  бұндай  мағына  түсініксіздігіне  бармайтыны  белгілі. 
Ол сөйлемдегі әр сөздің, әр морфеманың өз орнында және мағынасы 
анық  болуын  үнемі  қадағалап  отырады.  Сондықтан  бұл  нөлдік 
форманың  қолданылуы  стильмен  байланысты  деп  санаймыз.  Осы 
жағдай  тілде  септіктің  нөлдік  формасының  стильдік  қажеттіктен 
қолданылуы  барын  дәлелдейді.  3)  Көрпе  –  жастық,  асжаулық, 
тегене,  тостаған,  самауырлар  тасыған  жас  әйелдер,  еркектер 
қарбаласады (М.Әуезов). Осы  сөйлемдегі бес бірыңғай мүшенің бәрі 
де  табыс  септіктің  нөлдік  формасында  тұр.  Бұларда  нөлдік  форма 
ықшамдау  мақсатымен  қолданылған.  4)  Базардан  ұн,  шайын,  бұл  – 
бұйымдарын  және  де  асықпай  алып  жатқан  кездері  (М.Әуезов).  Бұл 
сөйлемдегі  ұн деген сөздің нөлдік  формада қолданылуы оның  келесі 
қосымшалы формалы сөзбен үндесу, бір ырғаққа келтіру мақсатымен 
байланысты. Бұл жазушы арсеналындағы тіл көркемдігінің бір тәсілі 
ретінде көрінеді.  
Бұл  аталған  жағдайларды  қорытқанда,  нөлдік  морфеманың 
қолданылуы  екі  мәселеге  саяды:  1)  стильдік  мақсат,  2)  тілдің 
ықшамдау принципінің әсері. Осы екі себепке тілдегі көпшілік нөлдік 
формалардың  қолданылуы  жатады.  Мысалға  жекешелік  пен 
болымдылық мағыналардың нөлдік морфема арқылы берілуі. Бұл екі 
мағынаның  тілдің  грамматикалық  құрылысында  нөлдік  морфема 
арқылы  берілуі    қалыптасқан  және  ол  кейіннен  пайда  болған 
құбылысқа    жатпайды.  Ол  –  дүние  жүзіндегі  тілдердің  көбіне  тән 


 
29 
құбылыс.  Жекешелік  пен  болымдылық  мағынаның  тілде  қосымша 
арқылы  берілуі  тілдің  табиғатында  ықшамдылық  принциптің 
болғанын  көрсетеді.  Осы  мағыналардың  нөлдік  морфема  арқылы 
берілуі тілдік белгілерді ықшамдаған. 
Бірақ  тілде  нөлдік  морфеманың  болуы  аталған  екі  себеппен 
шектелмейді.  Мәселен,  Көне  жазба  ескерткіштер  тілінде  тәуелділік 
мағына изафеттің бірінші түрімен берілуі бар. Ол ілік септіктің нөлдік 
формасы  тілде  қосымшалы  формадан  бұрын  шыққанын  дәлелдейді. 
Ал көне жазба ескерткіштер тілінде ілік септіктің нөлдік формасының 
қосымшалы  формадан  жиі  кездесуі  осы  пікірді  дәлелдей  түседі.  Ол 
кезде ілік септіктің қосымшалы формасы тәуелді заттың иесін, нөлдік 
формасы заттардың арасындағы қатысты білдіруге бейімделген, одан 
осы  екі  форманың  мағынасы  бөлінген.  Міне,  бұл  ілік  септіктің  екі 
формасының  да  тілде  сақталуына  жол  ашқан.  Бұған  стильдік  мақсат 
қосылып, ілік септіктің нөлдік формасын тілде әбден бекіткен. 
Объекті  мағынасы  алғаш  нөлдік  форма  арқылы,  яғни  объектінің 
сабақты  етістіктің  алдынан  тікелей  қосымшасыз  тіркесуі  арқылы 
берілген.  Көне  тілде  әр  объектінің  белгілі  ғана  қимылы  болған, 
сондықтан  әр  объекті  өзіне  қатысты  қимылдың  алдынан  тұрып,  сол 
қимылға  түсетін  объектіні  білдірген.  Қимылға  түсетін  объекті 
негізінен жалпы есімге жататын заттар. Сондықтан күні бүгінге дейін  
табыс  септіктің  нөлдік  формасында,  алдымен,  жалпы  есімдер 
қолданылады.  Тілдің  кейінгі  дамуында  аталған  объектіден  басқа 
сөздердің  де  объектілік  қызметте  қолданылуы  шығады  (үлкенді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет