Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет15/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   196
сыйла;  онды  екіге  бөл;  Асанды  көрдім  т.б.).  Объекті  мен  сабақты 
етістіктің арасына сөз түсіп, олардың алшақ қолданылуы да тілде бар. 
Мұндай  жағдайда  объектінің  танылуы  қиындайды,  сондықтан 
олардың  объекті  екенін  көрсету  қажеттігі  туады,  ол  табыс  септіктің 
қосымшалы  формасының  шығуына  әкеледі.  Табыс  септіктің 
қосымшалы  формасының  аталған  және  сол  сияқты  жағдайларда 
міндетті түрде қолданылуы осыған байланысты.  
Табыс  септіктің  нөлдік  формасы  қазір  де  өзінің  алғашқы 
қолданылатын  орнын,  жүйесін  сақтап  қалған,  ол:  жалпы  есім  + 
сабақты  етістік.  Бұл  жүйе  тілде  сақталмаған,  бұзылған  жерде  табыс 
септіктің 
қосымшалы 
формасы 
қолданылады. 
Бұлардың 
қолданылуында стильдің рөлі күшті.  
Тәуелділіктің  нөлдік  формасы.  Тілімізде  өте  ерте  замандардан 
бері  қарай  қолданылып  келе  жатқан  меншіктілікті  білдіретін 
морфемалар  барына  қарамастан,  осы  мағынаның  нөлдік  морфема 
арқылы  берілуі  де  тілден  орын  алады.  Мысалы:  Ие,  ол  соңғы  кезде 
оны–мұныны  сылтауратып,  біздің  үйге  келгіштеп  жүруші  еді, 
сөйтсем,  текке  жүрмеген  екен  (І.Есенберлин).  Осы  сөйлемдегі  біздің 


 
30 
үйге  тіркесі,  біздің  үйімізге  түрінде  де  қолданылады.  Тілде  бұл  екі 
форманың  екеуінің  де  орны  бар.  Мұнда  әңгіме  1-жақ  тәуелдіктің 
көпше түрінің формалары туралы болып тұр, оның тілде қосымшалы 
формасы мен нөлдік формасы қатар қолданылатыны көрініп тұр. Енді 
мына  мысалды  алып  қарайық:  Еңбек  те,  жол  да  өзіңдікі  (М.Әуезов). 
Мұндағы  өзіңдікі  –  меншікті  заттың  иесін,  еңбек,  жол  соған  тәуелді 
заттарды білдіреді, бірақ бұл сөзде оның тәуелділігін көрсетіп тұрған 
нақтылы  көрсеткіш  жоқ,  ал  тәуелдік  мағына  бар.  Ол  мағына  иелік 
мағыналы  сөзбен  синтагмалық  қатынаста  көрінеді.  Олай  болса,  бұл 
сөздер  нөлдік  морфема  арқылы  тәуелділік  мағынаны  беріп, 
тәуелдіктің  нөлдік  формасында  тұр.  Бұл  сөздердің  синтагмалық 
қатысынсыз  тәуелділік  мағына  көрінбейтініне  сүйеніп,  тәуелділіктің 
бұл  түрін  Н.К.Дмитриев  (абстрактная  принадлежность)  дерексіз 
тәуелділік  атаған.  Н.К.Дмитриевтің  бұлай  бағалауына  тәуелділіктің 
нөлдік морфема арқылы берілуі себеп болып тұр. Алғашқы мысал мен 
соңғы  мысалдардағы  тәуелділіктің  нөлдік  формаларының  басқа  да 
айырмасы  бар,  алғашқы  мысалда  нөлдік  формамен  қатар  оның 
қосымшалы  формасы  айтылды,  соңғы  мысалдағы  нөлдік  форма 
туралы оны айта алмаймыз. 
Тәуелдіктің  нөлдік  формасына  оның  жұрнақ  арқылы  берілуі  де 
жатады.  Ол  үнемі  нөлдік  формада  қолданылады,  оның  қосымшалы 
варианты  жоқ.    Бұл    жұрнақ  бойынша    меншікті    заттың  иесін 
білдіретін  сөзге  -нікі,  -дікі,  -тікі  жұрнағы  жалғанады,  меншікті, 
тәуелді  заттың  өзін  білдіретін  сөз  оның  алдынан  нөлдік  формада 
тіркеседі:  кітап  менікі,  қалам  сенікі  т.б.  Тәуелділіктің  нөлдік 
формасындағы  сөз  меншікті,  тәуелді  затты  білдіреді,  бірақ 
синтагмасыз оны білдіре алмайды, ол –нікі жұрнағымен келген иелік 
мағынадағы  сөзбен  синтагмалық  қатыста  тұрып  білдіреді.  Нөлдік 
формада  иелік  мағыналы  сөздің  алдына  тіркесіп,  меншікті  затты 
білдіреді (кітап Ø менікі). 
Тәуелдіктің  нөлдік  формасы  тәуелдік  жалғау  системасына  да 
байланысты. Тәуелдік жалғауы үш жаққа қатысты, әр жақтың өзінше 
морфемасы бар. Солай бола тұра, бірінші жақтың көпше түрі  мен 2-
жақтың  сыпайы  түрінің  қосымшалы  формасымен  қатар  тілде  оның 
нөлдік  формасы  да  бар.  Мысалы:  Біздің  ауылдың  балалары  көрікті 
келеді  (І.Есенберлин).  Мұндағы  біздің  деген  сөзден  меншікті  заттың 
иесін  түсінсек,  ауылдың  деген  сөзден  оның  көпше  1-жаққа 
тәуелділігін  түсінеміз,  бірақ  сол  тәуелділікті  білдіретін  мұнда  1-жақ 
көпше  түрдің  –ымыз  жалғауы  жоқ,  ол  жалғау  сөзде  болмағанымен 
оның  мағынасы  контексте  берілген.  Ол  мағынаның  нақтылы 
морфемасыз  берілуін  нөлдік  морфема  арқылы  берілуі  деп,  нөлдік 
морфемамен  келген  сөзді  тәуелдіктің  1-жақ  көпше  түрінің  нөлдік 


 
31 
формасы деп танимыз. Бұл мағына тек 1-жақ көпше жіктеу есімдігінің 
ілік  септіктегі  формасымен тіркесте ғана беріледі, заттың қай жаққа, 
кімге тәуелді екені жіктеу есімдігінен көрінеді, сондықтан тәуелдіктің 
нөлдік  формасының  мағынасы  синтагмамен  тікелей  байланысты. 
Тәуелдіктің 1-жақ көпше түрінің әрі қосымшалы формасы, әрі нөлдік 
формасы бар. 
Тәуелдіктің  нөлдік  формасының  тілде  пайда  болуы  мағынаға 
ешбір  әсер    етпейді  деу  қиын.  Бұл  формада  категорияның  негізгі 
мағынасы  сақталуымен  бірге,  оның  өзіндік  мағыналық  реңкі  бары 
байқалады.  Мысалы:  -  Қабеке,  жұрттың  бәрін  өзіңізге  теңемеңіз,  - 
деді  жігіт  те  жақтырмай,  -  сіздің  заманыңыз  қой  бағу  болса,  біздің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет