228
дегеніміз- өз алдына жеке сөйлем емес, негізгі сөйлемде хабарланған
оқиға мазмұнына сәйкес айтушының өзіндік көзқаарасын білдірудегі
қосалқы түсініктемесі, жол-жөнекей алдын-ала қыстырмалы ойы.
Сондықтан олар тұлғалық ұқсастықтарына қарамастан, сабақтастың
компоненті бола алмайды. Мысалы,
Мейлің қысқа өлеңдеріңнен
айтсаң, қысқа өлеңдеріңнен айт. Мұнда қыстырма сөз де, қыстырма
сөйлем де қатар қолданып тұр. Осы екеуінің бірігуі арқылы сөйлем
бейтараптылық мәнге ие болған. Әрбір қыстырманы жеке айтсақ та
бұл мән жойылмайды. Ғалым Р.Әміров бұндай сөйлемдерді сабақтас
құрмалас деп таниды. Мысалы,
Қазір ән салып әуре болып не
қыласың, салғыш болсаң, кешке сал. Бұл алдыңғы оймен бірізділікті
білдіреді. Алсам, қызды еркіммен алдым. (Бір сөздің екі рет
қайталануы арқылы жасалған).
Қыстырма сөйлемдердің құрылысы:
1.
Айтуынша, айтқанда, айтайын, байқауымша, байланысты,
қарағанда, бойынша сөздерімен аяқталып, айтушының бір нәрсеге
көзі жеткендігін, өз сенімін, жорамалы, болу жағдайынан мәлімет
береді. Мысалы,
Бір-бірімізге сенгеннен кейін маған Хамзаның
айтуынша, Троцкий қаласынан Баймағамбет Зтулин большевиктерге
тілектес болып қайтқан.
2.
Алдын-ала айта кетуіміз қажет, құдай біледі деп айтайын,
турасын айтқанда, алып-қашпа сөзге қарағанда, күзгі әдеті
бойынша сияқты тұлғада келеді.
3. Қыстырма сөйлемдердің енді бір тобы баяндалған оқиға
барысындағы қимылдың себебін жормалдап білдіреді. Оның
құрылысы
ма, ме, ба, бе, па, пе демеуліктерінің тіркесуі арқылы
қыстырма сөйлем жасайды. Мысалы,
Кітаптың қызығына
түскендіктен бе, немесе, әкесін күткендіктен бе, оның отырысы
күндегіден бүгінге ұзаққа созылды.
4. Айтушының көзқарасындағы топшылау, жорамал
кім біледі,
ойлады білем, болу керек, неге екені белгісіз, неге екенін білмеймін
тәріздес модаль сөздер арқылы жасалады.
Сөйтіп, қыстырма сөйлемдер негізігі сөйлемде баяндалған оқиға
желісіне байланысты айтушы адамның әр түрлі модальдық мәндегі
көзқарасын білдіріп тұрады. Қыстырма сөйлемді айтпасақ та, негізгі
сөйлем өз мазмұн желісін үзе алмайды. Алайда онда баяндалған ой
жадағайланып, өзіне қатысты кейбір қосалқы мәліметтерден ойсырап
қалады. Мұның өзі қыстырмалардың кездейсоқ емес, табиғи процесс
екенін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: