227
былтыр үйленген үшінші әйелінің жанына, тері тулаққа тізе бүкті
(Ә.Н.).
Пысықтауышты айқындайтын оңашаланған мүшелер тілімізде
өте көп. Әсіресе, мезгіл, мекен пысықтауыштарды айқындау жиі
ұшырасады. Мысалы,
Қазір Құнанбай алдында, жастан бергі дағдыс
бойынша үндемей отырғанымен, бұл-ерен бүлік, сотқар адам (М.Ә).
Ақырында, 12-13 жастағы шамасы адам болу керек, тұрған бойынан
қашып дуанға барып, бір ноғайға жаз қызметке тұрып, қыс оқуға
барды (Б.М.).
Жоғарыдағы
талдаулардан
байқалғандай,
оңашаланған
айқындауыштар
айқындалатын
сөздің
түсініктемесі
ретінде
жұмсалатындықтан, олар оқшаулана, оңашалана айтылады.
Белгілі бір обьект айқындаушы сөз болады да, сол обьектінің
одан әрі екінші жағынан толықтыра түсуі - айқындауышты сөздердің
тобын құрайды. Тіліміздегі айқындауыштар құрылысына қарай жеке
сөздер, сөз тіркестері, кейде жеке сөйлемдер түрінде де кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: