242
жүзегеасады.
Сабақтас құрмалас сөйлем компоненттері арасындағы синтаксистік
қатынастар оның барлық түрлерін қамтитын болады. Бұл
синтаксистік қатынастар бағыныңқы мен басыңқы компоненттердің
аралық байланыс желісін көрсетіп, олардың бір-біріне деген өзаралық
ыңғайын танытып тұрады. Мұндай ыңғай, жоғарыда сөз болғандай
бір жақты, екі жақты, керісіндік және теңдестік қатынастарға
келіп отырады. Бұлардың ішінен бір жақты қатынас бағыныңқы
сөйлемдердің көпшілік түрін (адвербиалды түрі) қамтыса, өзгелері
жекеленген түрлеріне ғана тән болып келеді. Мәселен, екі жақты
қатынас қатыстық бағыныңқы сөйлемдердің құрылысында болса,
керісіндік қатынас түсіндірмелі сабақтас жасаса, теңдестік қатынас
ыңғайлас сабақтаста болады. Синтаксистік қатынас түрлерінің
осылайша әр сабақтас түріне икемделе келуі ондағы бағыныңқы және
басыңқы компоненттерінің бір-біріне өзаралық қарым-қатынастары
негізінен шығып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: