253
Бұл келтірілген шумақ — сегіз компоненттен құралған бір ғана
сабақтас құрмалас сөйлем.
Құрмалас сөйлем синтаксисін зерттеуге арналған әдебиеттерде
құрмалас сөйлемді ашық құрылымды құрмалас сөйлемнің жабық
құрылымды құрмалас сөйлем деп бөлушілік те бар. Ашық
құрылымды дегенге баяндалып отырған оқиға немесе көрініс бір-екі
компонент (сөйлеммен) тиянақталмай, ой жалғасы барлығы білініп,
әрі қарай тағы да сөйлемдер қосып жалғастыра беруге болатындығы
байқалып тұратын сөйлемдер тізбегі синтаксистік күрделі бірлікке
жатқызылады. М ы с а л ы:
Дәл осы кездің көрінісі қызық: көкжиекте
қызыл жалын сәуле пайда болды, қоюлана бастаған көгілдір аспан бетінде
селдір бұлттар көрінді, баяу соққан самал жел де тынып, дүниені
таңғажайып мүлгіген бір тыныштық биледі (I. Есенберлин). Мұнымен
тағы да бір көріністерді сөз етіп, соза беруге болады.
Ашық құрылымды құрмалас сөйлемнің дейтіндер көп жағдайда
синтаксистік күрделі бірлік ретінде қаралады.
Жабық құрылымды сөйлем дегенге алдыңғыдай ой жалғасы
барлығы, тағы да әрі қарай сөйлемдер қосуды қажет етпей
тұйықталып тұратын сөйлемді айтады. Мұндай құрмаластар
негізінде, екі-үш компонентті ғана болып келеді. М ы с а л ы:
Күн де
батты, қоналқалы жерге біз де жеттік. Олар келіпті, бірақ мен
жолыға алмадым т.б.
Достарыңызбен бөлісу: