248
Профессор Қ.Жұбанов құрмалас сөйлем болу үшін ең негізгі
белгі, критерий — әр компонент құрамында бастауыш, баяндауыш
боларлық сөздер қажет деп есептейді. Ол құрмалас сөйлем
компоненттері арасында интонацияның болу-болмауына мән
бермейді. Өйткені бұл ғалым құрмалас сөйлем компонентін
сөйлемнің жайылма мүшесінің бір түрі деп санайды.
Сондықтан да кейініректе үйірлі мүше деген атқа ие болған
тіркестердің барлығы да Қ.Жұбанов еңбегінде құрмаластың
компоненті деп есептелген.
Академик
Н.Сауранбаев 1954 жылы жарық көрген «Құрмалас
сөйлемнің синтаксисі» атты еңбегінде қазақ тіліндегі құрмалас
сөйлемдердің негізгі критерийі деп «Құрмаластағы әрбір
компоненттердің интонациялық жігі айқын болу керек» дей тұра,
Қ.Жұбанов, С.Жиенбаевтардың ізімен үйірлі мүшелі жай сөйлемдерді
де сабақтас құрмаластың бір түрі деп есептейді.
Құрмалас сөйлемнің өзіндік сипатын анықтауда мұндай ала-
құлалықтардың болуы кездейсоқ нәрсе емес. Құрмалас сөйлем
жасауға дәнекер болатын белгілі бір тәсіл бір жағдайда
компоненттерді салаластыра байланыстырса
(Әуеде жаршы құстар
өлең айтып, қиқу салар көлдегі қаз бенен қу. Үй тігіп жатса, жүк
жиналып жатыр), екінші бір жағдайда олардың бірін грамматикалық
жақтан екіншісіне меңгерте, теңсіздік қатынаста байланыстырады.
Қазіргі қазақ тілінде құрмалас сөйлемдерді ажыратуға қажетті
критерийлер тегіс ашылды деуге болады. Олар:
1. Құрмалас сөйлемнің әрбір компоненті мейлі ол тиянақты
болсын, мейлі тиянақсыз болсын бәрі бір сөйлемдік мағынаға ие
болуы, бір ойды қамтуы керек. М ы с а л ы :
Бұл — өзендер тасып,
көлдер арнасынан асып, агаштар гүлатып, табиғаттың жадыраған да,
жайнаған бір шағы еді. (С. Хайдаров).
Мысалдың алдыңғы сөйлемі
төрт компоненттен құралған, төртеуінде төрт түрлі ой бар:
біріншісінде өзендердің, екіншіде көлдердің, үшіншіде ағаштардың
әрекеттері, ал төртінші компонент табиғат көрінісін сөз етеді.
Алдыңғы үш компоненттің үшеуі де тиянақсыз, бірақ соған
қарамастан әрқайсысы бір мезгіл ішіндегі әр түрлі әрекетті, үш түрлі
ойды баяндайды.
2.
Құрмалас сөйлем компоненттерінің білдіретін
мағ ыналары бір-біріне жақ ын, қ андай да болмасын, белгілі
бір дәнекерлер арқ ылы ұштасып жататын желілес, күрделі
ой
болады.
Қомпоненттерді
ұштастыратын
дәнекер
мағ ыналық болуы да, тұлғ алық болуы да мүмкін.
Сол жылы
Достарыңызбен бөлісу: