271
келгеннен кейін дегендерде есімшелер жатыс, шығыс, көмектес
септіктерінде меңгеріле байланысқан бағыныңқы сыңар жасауы
негізгі фактор болса, есімшелердің септік жалғауы мен оларға
түйдектелген шылаулар арқылы да бағыныңқы сыңарда жұмсалады
екен.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауышы қызметінде
есімшенің
ар/-ер/-р жұрнағы қатыспайды. Кейде
Жұрт өсектеп жүрер деп,
хатшының үйінің маңына жолатпады сияқты сөйлемнің
баяндауышы -
жүрер деп. Бұл баяндауыш -ер жұрнақты жүр етістігі.
Жүрер етістігі осы қалпында сабақтас құрмалас сөйлем құрай
алмайды. Оны баяңдауыш етуге көсемше тұлғалы
деп көмекші
етістігі атқарып тұр. Осының негізінде көсемшелі сабақтас құрмалас
сөйлем жасалуда.
Кейде қабыса байланысқан бағыныңқы сөйлем
жоқ сөзіне -тық/-
тік жұрнағы және оның тәуелденген түріне
себепті шылауының
қосылуы арқылы
жоқтығы себепті баяндауышы жасалады:
Бірақ
жолдың жоқтығы себепті, бұл жайылымды пайдалану қиын («Жас
алаш»). Осы сөйлемнің баяндауышы
жоқ сөзі болуы тиіс. Бұл
құрамда баяндауыш тиянақсызданып сабақтас құрмалас сөйлемнің
бағыныңқы сөйлемін құрайды.
Қимыл есімі. Қимыл есімдері де сабақтас құрмалас сөйлемнің
баяндауышы ретінде жұмсалады. Бірақ қимыл есімдері есімше
сияқты сол тұлғада бағыныңқы сыңарда жұмсалмайды. Қимыл
есімдері бағыныңқы сыңарда үшін, себепті шылаулары арқылы ғана
келеді:
Жол қысқару үшін, жолдасымен сөйлесуді мен өзім де тілеп
келе жатыр едім (Б.Майлин).
Бірде-бір дән жерге төгілмеу үшін,
Достарыңызбен бөлісу: