272
дәнекерлік қызметке ие болады. Қорытындылай келгенде, сабақтас
құрмалас сөйлемде бағыныңқы мен басыңқыны байланыстыруда
есімше, көсемше, шартты райлы, қимыл есімді етістіктер
қатысатыны анық. Сонымен бірге құрама баяндауышты құрайтын
көмекші етістіктер де жұмсалады екен.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық топтары:
1. Мезгіл
бағыныңқы сабақтас,
2. Шартты бағыныңқы сабақтас,
3. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас,
4. Салыстырмалы бағыныңқы сабақтас,
5. Себеп бағыныңқы сабақтас,
6. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас,
7. Мақсат бағыныңқы сабақтас.
8. Түсіндірмелі сабақтас;
9. Көп бағыныңқылы сабақтас.
Мезгіл
бағыныңқы
сабақтас. Жасалу
жолы
жағынан
сабақтастардың ішіндегі ең күрделісі - мезгіл бағыныңқы сабақтас.
Бұл сөйлемнің бағыныңқы сыңары басыңқы сыңарда айтылған іс-
әрекеттің болу уақытын көрсетеді. Мезгіл бағыныңқы сабақтастың
басыңқысынан бағыныңқы сыңарына
қашан? қашанға шейін?
қашаннан бері? қай кезде? қай мезгілде? деген сұрақтар қойылады.
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің тиянақсыз
баяндауышының жасалу жолдары:
- қалы (-келі), -ғалы (-гелі) жұрнақты көсемше:
Мұнда қызу
жұмыс басталғалы, жастар да тыным таппады («Лениншіл
жас»).
Базарәлі елге келгелі, айдай уақыт өтті (М.Әуезов).
-ып-іп-п жұрнақты көсемше:
Мұрат шығып үлгірмей жатып,
Вагонга Ержан кірді (Т.Ахтанов).
Түнде жылқышы ұйықтап қап,
қалың жылқы егінге түсіп кетеді (М.Әуезов).
-са, се, жұрнақты шартты райлы етістік: Мысалы:
Үлкен алаңға
келсек, көп елдің спортшылары сапқа тұрып қалған екен («Лениншіл
жас»),
Жампейістің үйіне барсам, Абылайдан басқа қонақ жоқ екен
(С.Мұқанов). Әрине, ондайда контекстік талдам көмекке келеді.
Себебі шартты райлы етістіктің басқа да мағыналық қызметі бар.
Мұндайда сыңараралық сұрақ қоюдың мәні зор.
- Етістіктің есімшелі түрі де мезгіл мәнін береді. Бағыныңқы
сыңардағы есімшелер әр алуан септік жалғауларымен тіркесіп,
бағыныңқының баяндауышы болады: әсіресе, жатыс жалғауы
икемдірек келеді:
Станциядағы екі жылдық училищеге оқуға
бергенде, мен он жаста едім (З.Шашкин).
Құсы да, иесі де
қоразданар, алпыс екі салалы түлкі алғанда (Абай).
273
- Мезгіл бағыныңқы сөйлем барыс жалғаулы есімшеге
шейін,
Достарыңызбен бөлісу: