289
Адам сөйлегенде немесе жазғанда өзі баяндап отырған
мәселелерге байланысты басқа біреулердің сөзін, пікірін келтіретіні
болады. Ондай сөздер автор үшін басқа біреудің сөзі, яғни,
бөгде сөз
болып табылады.
Бөгде сөзге әрдайым басқа біреулердің айтқанынан алынған
сөздер ғана жатпайды, сонымен бірге, автордың басқа бір жағдайда,
басқа бір еңбектерінде айтқан өзінің сөзінен алынған келтірінділері де
жатады.
Бөгде сөздерді қолдану тәсілі түрлі-түрлі болуы мүмкін. Бір
жағдайда бөтен біреудің сөзі ешқандай өзгеріссіз, түп нұсқасы
бұлжытылмай қолданылса, екінші бір жағдайда ол азды-көпті болса
да өзгертіліп, тың сөздер, грамматикалық тың формалар қосылып
немесе жеке сөздері, грамматикалық жеке формалары түсіріліп
айтылуы да, болмаса біреудің тек пікірі ғана алынып, ол түгелдей
автордың өз сөзімен берілуі мүмкін. Соған қарай бөгде сөз
төл сөз,
төлеу сөз болып екі топқа бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: