Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет194/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   196
     ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.Әбілқаев А.Қазақ тіліндегі төл сөз бен төлеу сөз.–Алматы, 1956.                  
2.Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. 
 Бекіту тапсырмалары: 
  1-тапсырма. Төлеу сөзді төл сөзге айналдырып, құрылысындағы 
өзгерістерге тоқталыңы, тыныс белгісін  қойыңыз.. 
       1.  Бас  болмақ  оңай  -  бастамақ  қиын.  (Мақал.)  2.  Аманатты 
орындамайтын адамда иман болмайды, сөзінде тұрмайтын адамда дін 
болмайды.  (Пайғамбар  хадистерінен.)    3.  Екпей,  егін  бітпес, 


 
293 
Үйренбей, білім бітпес. (Мақал.) 4.Өз халқын ұйқыдан оянуға түсіріп, 
асқақ  есімін,  жоғалған  абыройын  қайтару  үшін,  тізерлемей  түрегелу 
қажет.  («Парасат»  журн.)  5.  Көз  жасын  Досмағамбет  деп  төкті.  Ел 
тыныш  емес  -  жарық  кезде  Есіл  азаматқа  қол  созым  келіп  тұрып 
сырын  ақтара  алмағандығына,  қол  созым  келіп  тұрып  бақыты  үшін 
кіммен болсын шайнаспағанына опынды. (Жұлдыз) 6. Абайдың өлген 
күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. (М.Дулатов.) 
7. Оны қадірлеп, көзінің қарашығындай сақтап, ұрпақтан ұрпаққа 
жеткізе  беру  -  әрбір  азаматтың  ұлт  алдындағы,  халық  алдындағы  - 
асыл парызы. 8. Өткеннің бәрі секундін қайта қайырып әкелу мүмкін 
емес болса, ылдилап аққан судың да бір тамшысын қайта ағызып бір 
жағадан екі өткізетін табиғаттың дағдысы жоқ. (Газеттен.) 9. Өзектің 
жалғыз  аяқ  жолы  кейде  шалғын  шетімен  жүріп,  кейде  тастақ 
төбелердің  тұмсығымен  сайлы  көлеңкелі  тоғайдың  түбімен  өзенше 
бұрылып,  иіріліп  өтетін.  (Газеттен.)  10.Киіз  үйлерде,  шатырларда 
өмір  сүреді,  шөптің  шығымына  суға  қарай  көшіп-қонып  жүреді,  мал 
шаруашылығымен  аң  аулаумен  айналысады,  жейтіні  ет,  ішетіні-
қымыз, теріден, жүннен жасалған киімді киеді.     
      2-тапсырма. 
Төл  сөздерді  төлеу  сөзге  айналдырып,  
құрылысындағы  өзгерістерді  түсіндіріңіз. 
      1. Ел үшін аянба – ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба – жігіттігіңе 
сын.  (Бауыржан  Момышұлы.)  2.  Өмір  де  мысал  өлең  секілді: 
ұзақтығымен 
өлшенбейді, 
мазмұнымен 
өлшенеді. 
(Сенека.) 
3.Адамдардың  бір—бірінен    айырмашылығы  мынада:  біреулері  нені 
айтуға,  не  істеуге  әуелі  ойлап  алады,  енді  біреулері  айтарын  айтып, 
істерін  істеп  алғаннан  кейін  барып  ойланады.    (Горький.)  5.  Адамда 
екі түрлі қылықтың жолы бар: бірі - тіршілік қамы, бірі- адамшылық 
қамы.  (М.Әуезов.)  6.  Жалған  намыс  қасиет  емес,  ар  сақтаған  қасиет 
(М  Әуезов.)  7. Дүниеге  сәби келді.  Неге екенін кім білсін,  сол арада 
қас қағым сәт өтті ме, өтпеді ме, ол әлжуаз жанары өзі келген осынау 
жап-жарық  әлемді,  шеті мен шегіне  көз жетпейтін  көк аспанды көре 
сала  қолды-аяққа  тұрмай  шырқырап  жылай  жөнелді.  Біресе 
соншалықты  нәзік,  соншалықты  дәрменсіз,  титімдей  аяқ-қолын 
ербеңдетіп, 
біресе 
шалқалақтап, 
шегі 
үзілердей 
ұзақ-ұзақ 
шырылдайды да, енді бірде тағдырына, шарасыздығына мойынсұнған 
кейіппен солығын басып, жұдырықтай ғана қызыл шақа көкірегі баяу 
солқылдап  тып-тыныш  бола  қалды    Сосын  әлгі  бір  аянышты 
дауыспен тағы да,  қайта-қайта шырылдап келіп жылай бастайды. О, 
Құдірет-ай десеңші, сол сәби сонда күні ертең алдында күтіп жатқан 
өмірдің  қиқалаңы  мен  бұралңын,  кесапаты  мен  шарапатын,  удай 
ащысы мен бал татыған шырын шағын кезек тартып, тіпті кей-кейде 
оп-оңай  келе  қалған  болмашы  бақытқа  да  жылата  салатын 


 
294 
опасыздығын  білгендей-ақ  екен-ау.  Ол,  соған  қарамастан  ақиретке 
аттанарда да сол опасыз  жалғанда  әлі  де алажағы бардай қимай, қия 
алмай,  тағы  да  көп  қиналып  оңашада  өксіп-өксіп  жылап  алатын 
болды.  Құнекеңнің  ақын  баласы  адам  баласының  осынау  тұтас  бар 
өмірін данышпандықпен: «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен 
жер  қойнына  кірер  денең»,  -  деп,  екі-ақ  жолға  сыйғызып  суреттеп 
беріпті. (М.Кенжебай.) 
        3-тапсырма. Бекіту сұрағы 
1. 
Бөгде сөз және оның түрлері 
2. 
Төл сөз дегеніміз не? 
3. 
Төлеу сөз дегеніміз не? 
4. 
Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары?  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет