Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет26/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   196
3. СӨЗ ТОПТАРЫ 
 
3.1 Сөзді топтастыру мәселесі 
 
Тіл  білімінде  ерте  кезден  бастап  сөздерді  атаушы  немесе  негізгі 
сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп әр түрлі топтарға бөлу 
дағдысы қалыптасқан. 
Сөз  таптарын  анықтау  әрі  тілдің  құрылымының,  әрі  сөздің 
құрылымының теориялық та, практикалық та мәселелерін терең, жете 
зерттеу  үшін  өте  керек.  Сондықтан  сөздерді  лексика-грамматикалық 
сыр-сипатын  айқындау  грамматиканың  ең  негізгі  мәселесі  болып 
табылады. 
Атаушы  сөздер  қатарына  заттар  мен  құбылыстардың,  сапа 
белгілердің,  іс-әрекеттің  атаулары  болатын  толық  лексикалық 
мағынасы  бар  сөздер  жатады.  Атаушы  сөздер,  өздеріне  тән  дербес 
мағыналары  болатындықтан,  адамның  қатынас  құралына  негізгі 
арқау,  яғни  тіреу  есебінде  қызмет  етеді.  Сондықтан  оларды  кейде 
негізгі сөздер деп те атайды. 
Көмекші  сөздерде  атаушы  сөздердегідей  дербестік  болмайды. 
Лексикалық  мағыналарының  әлсіреп  күңгірттенуі  және  ондай 
мағынаның грамматикалық мағынамен ұласып кетуі, сөйлемде дербес 
мүше  бола  алмауы  көмекші  сөздерді  сипаттайтын  және  оларды 
атаушы  сөздерден  ажырататын  белгілер  болып  табылады.  Тіл 
білімінің  тарихында  сөз  таптарының  табиғаты  туралы  әр  түрлі 
көзқарастар  мен  байымдаулар  бар.  Олардың  бірі  бойынша,  сөз 


 
45 
таптары  лексика-грамматикалық  категория  болып  саналса,  екіншісі 
бойынша  сөз  таптары  формальды  грамматикалық  категория,  ал 
үшінші  бір  көзқарас  бойынша,  сөз  таптары  сөздердің  таза 
грамматикалық топтары болып саналады. 
Сөз 
таптарын 
лексика-грамматикалық 
категорияға 
жатқызатындар,  сөздер  өзіне  тән  белгілері,  атап  айтқанда, 
семантикалық,  морфологиялық,  синтаксистік  белгілері  бойынша 
топталып, соған сәйкес белгілі бір сөз табына телінеді деп түсіндіреді. 
Бұл  пікірді  көпшілік  белгілі  ғалымдар  мақұлдайды.  Мысалы: 
орыс  тілінің  көрнекті  маманы  А.А.Шахматовтың  пікірі  бойынша, 
әрбір сөз табы сөздің негізгі лексикалық мағынасымен қоса қосымша 
грамматикалық  ұғымдардың,  граммматикалық  категориялардың 
жиынтығынан құралады. Зат  есімдерге заттың атауы мағынасы және 
жекеше-көпшелік,  септік,  тәуелдік  мағыналары  тән.  Ал,  етістіктерге 
қимылдың  атауы  болатын  лексикалық  мағына  мен  грамматикалық 
мағына болып саналатын болымсыздық, етіс, шақ, жақ т.б. мағыналар 
тән болып келеді. 
Орыс  тіл  білімінде  сөз  таптарын  формальды-грамматикалық 
категория  деп  санайтын  пікірді  қуаттайтын  ғалымдар  қатарында 
академик В.В.Виноградов та бар. Бұл ғалымдардың осы пікірі, сайып 
келгенде,  И.А.Бодуен  де  Куртенэ  мен  Л.В.Щербаның  сөз  таптары 
туралы көзқарасына барып тіреледі. 
Академик  И.И.Мещанинов  та  сөз  табын  сөздердің  мағыналары 
мен  формаларының  өзара  ұштасуы  деп  қарайды.  Осы  пікірді 
Н.С.Поспелов та қолданды. 
Сөз  таптарын  грамматикалық  категория  деп  қарайтын  ғалымдар 
да  бар.  Олардың  қатарына  О.П.Суникті,  А.А.Реформатскийді 
жатқыызуға  болады.  О.П.Суник  сөз  таптарын  ажыратуда  негізге 
алынатын  белгі  лексикалық  мағына  емес,  әр  сөз  табына  тән  жалпы 
грамматикалық  мағына  деп  санайды.  Оның  пікірінше,  заттылық  зат 
есімге  тән,  оны  басқа  сөз  таптарынан  ажырататын  басты,  жалпы 
грамматикалық  мағына  болып  саналады.  Ал  жалпы  грамматикалық 
мағына сол сөз табының лексикалық мағыналарында да, синтаксистік 
қызметінде де көрінеді дейді. 
Осындай  пікір  А.А.Реформатскийдің  еңбектерінде  де  көрініс 
табады. 
Біздің  байқауымызша,  сөз  таптарын  лексика-грамматикалық 
категория  деп  санайтын  пікір,  ғылыми  жағынан  құнды  сияқты 
көрінеді. 
Сонымен,  сөз  таптарын  бір-бірінен  тек  грамматикалық 
ерекшеліктері  жағынан  емес,  сондай-ақ  лексикалық  мағынасы 
жағынан ерекшеліктерін ескере отырып ажырату керек деген бір топ 


 
46 
ғалымдардың  /басым  көпшілігінің/  пікірін  дұрыс  деп  есептеуге 
болады. 
Осы  пікірдің  негізінде,  қазақ  тіліндегі  сөздерді  топтастырудың 
принциптері туралы мәселеге көшуге болады. Тілдегі барлық сөздерді 
атаушы  сөздер,  көмекші  сөздер  және  одағай  сөздер  деп  бөлуде  бір-
біріне  таяныш  болатын  тірек  -  семантикалық  белгі.  Осы 
семантиккалық  белгі  сол  сөздерді  одан  әрі  іштей  топтастыруға  да 
бірден-бір сенімді тірек болады. 
Тілдегі  барлық  сөздерді  топтастырғанда  мынадай  екі  принципті 
басшылыққа аламыз: 
1.  Барлық  топтастыратын  сөздер  сөздік  құрамға  енеді.  Қай  сөз 
табына  енсе  де,  сөздердің  лексикалық  жағы  ескерілуі  керек.  Ал, 
сөздің  лексикалық  жағын  ескеру  деген  сөз  олардың  семантикалық 
жақтарын  еске  алу  дегенмен  бірдей.  Сондықтан,  әрбір  сөз  табына 
енетін сөз лексика-семантикалық тұрғыдан қарастырылуы тиіс. 
2.  Сөздерді  грамматикалық  жағынан  топтастыру,  олардың 
түрлену,  өзгеру  жүйесін,  сөздердің  тіркесу  мүмкіншіліктерін, 
сөйлемдегі синтаксистік қызметін, тағы басқа осы сияқты мәселелерді 
анықтау  тәрізді  міндетке  бағытталу  керек.  Бұл  принциптер  тікелей 
грамматикада қарастырылатын мәселелер. Ендеше, қандай болмасын 
сөздің,  сөз  табына  топтастырылғанда,  грамматикалық  жақтары 
ескерілуі керек. 
Міне,  сөздерді  топтастыру  принциптері  дегеніміз  осылар.  Яғни, 
тілдегі  сөздер  сөз  табына  топтастырылғанда  екі  белгісіне  қарай 
басшылыққа  алынып  айырылады:  лексика-семантикалық  жағы  және 
грамматикалық /морфологиялық және синтаксистік/ жағы. 
Осы  принциптен  сөз  табы  деген  ұғым  лексика-грамматикалық 
деген  қосарланған  компоненттердің  жиынтығы  деген  түсінікке  алып 
келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет