Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет27/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   196
Сөз  табы  деп  жалпы  лексика-грамматикалық  сипаттары  мен 
белгілері бәріне бірдей ортақ болып келетін сөздердің тобын айтамыз. 
Қазақ тіліндегі сөздердің тиісті сөз таптарына қатынасын анықтау 
процесінде  осы  үш  белгіні  іздеп  /яғни,  лексика-сематикалық, 
морфологиялық  және  синтаксистік/,  осы  жоғарыдағы  принципке 
үнемі сүйенудің қажеті жоқ. Себебі, кейбір сөздерден осы үш белгінің 
бәрі бірдей табыла бермейді. Сондықтан, осы екі принциптің немесе 
үш белгінің бірін ғана басшылыққа алып, өзгелерін көмекші принцип 
ретінде,  тіпті  кейде  қолдануға  да  болады.  Мысалы,  одағай  сөздерді 
анықтауда  оның  морфологиялық  белгісін  іздеудің  тіпті  қажеті  жоқ 
сияқты.  Немесе  көмекші  сөздерді,  соның  ішінде  шылауларды 
анықтауда  олардың  семантикасын,  сөзбен,  сөйлеммен  тіркесу 
ерекшеліктерін  ғана  негізге  алып,  морфологиялық  белгісін  іздеудің 


 
47 
қажеті жоқ секілді. Ал, кейде екі белгінің бірін ғана басшылыққа алу, 
яғни таңдау кезі де келіп қалатын уақыты  болды. Мысалы, тілімізде 
омоним  сөздер  көп  кездесіп  отыратыны  кім-кімге  де  белгілі  жәй. 
Ондай  кезде  сөзді  анықтайтын  басты  белгі  оның  мағынасы,  яғни 
семантикасы  болмақ.  Мысалы,  Қаратаудың  басынан  көш  келеді, 
көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Тойға барсаң тойып бар, деген 
халық  арасына  кең  тараған  екі  сөйлемді  алайық.  Осы  сөйлемдерде 
бір-бірімен омонимдес көш-көшкен, тойға-тойып сияқты сөздер бар. 
Әрқайсысы әр сөз табына жатады. Оны біз өте оңай ажырата аламыз. 
Себебі,  әр  сөз  тек  өзі  жататын  сөз  табының  грамматикалық 
категориясын қабылдап, түрленіп тұр. Екінші мысал, Бөлмеге жарық 
түсті.  Ол  жарық  бөлме.  Түйеге  ауыр  тең  буылған.  Тең  құрбының 
алды бол. Осы сөйлемдердегі тең, жарық сөздері бірде зат есім, енді 
бірде  сын  есім  болып  тұр.  Оны  біз  мағынасынан,  әсіресе, 
семантикалық белгісінен ажырата аламыз. 
Үшінші  мысал,  Хасеннің  басынан  қалпағы  ұшып  түсті. 
Қаратаудың  басынан  көш  келеді.  Жұмысты  басынан  осылай 
ұйымдастыруы керек еді. 
Осы  сөйлемдерде  үш  басынан  деген  сөз  бар.  Бір  жағынан, 
олардың  арасында  мағына  байланысы  бар  секілді.  Тереңірек  анализ 
жасап  көрелік.  1-  сөйлемде  басынан  сөзі  өзінің  тура  мағынасында 
қолданылып  тұр.  2-сөйлемде  мағынасы  солғылданып,  дербес  сөйлем 
мүшесі  болмай,  күрделі  мүшенің  сыңары  болып  тұр.  Яғни,  осы 
сөйлемдегі басынан сөзі зат есімнен көмекші есімге айналған. Ал, 3-
сөйлемдегі осы сөз лексикалық мағынасы жағынан, қызметі жағынан 
да өзгеріп, тіпті басқа сөз табына, үстеуге көшкен. Бұл жерде басынан 
сөзі әуелден, әуел бастан деген мағынаны беріп тұр. 
Мұндай процестерді қазақ тілінде өте жиі байқауға болады. 
Сонымен, сөз таптары бір-бірінен жалпы категориялы мағынасы, 
морфологиялық  және  синтаксистік  белгілері  арқылы  ажыратылады. 
Бұл  белгілердің  ара  салмағы  сөз  таптарының  барлығында  бірдей 
дәрежеде  болмауы  мүмкін  емес.  Мысалы,  түркі  тілдерінде  сын  есім 
мен  үстеу  морфологиялық  белгілерге  аса  бай  емес.  Сондықтан, 
оларды  синтаксистік  қызметі  барысында  ғана  ажыратуға  болатын 
кездер де болып тұрады. 
Көмекші  сөздердің  кейбіреулері  (шылаулар)  дыбыстық  жағынан 
тұрақсыз  болады  да,  әдетте,  өз  алдына  екпіні  болмайды.  Өзіне  ғана 
тән  дербес  мағынасы  болмағандықтан,  көмекші  сөздер  тек  атаушы 
сөздермен  тіркесіп  жұмсалады.  Әдетте,  көмекші  сөздерден  туынды 
жаңа сөздер жасалмайды. Көмекші сөздер қатарына әр түрлі тілдерде 
кездесетін  артикль,  предлог,  көмекші  есім,  көмекші  етістік, 
жалғаулық,  септеулік,  демеуліктер  жатады.  Одағай  сөздер  деп 


 
48 
адамның  әр  қилы  сезім  күйімен  байланысты  айтылатын  сөздерді 
атаймыз.  Өздерінің  шығу  ерекшеліктеріне  қарай  одағайлардың  өзге 
сөздермен  де  семантикалық  байланыс-қатысы  болмайды  және 
сондықтан, сөйлемнің мүшесі де болмайды. 
Сөздердің  бұл  үш  тобы  бір-бірімен  тығыз  байланыста  болып 
отырады.  Бұған  атаушы  сөздердің  кейбіреуінің  көмекші  сөздер  мен 
одағай сөздер қатарына толықтырылып отыратыны да дәлел болады. 
Мысалы, біресе, өйткені, шейін сияқты көмекші сөздердің о бастағы 
шыққан төркіні бір ерсе, олай еткені, шекейін сөздері екенін айыруға, 
анықтауға болады. Сондай-ақ, мәссаған, әттегенай, ойпырмай секілді 
одағайлар да міне саған, ойт деген ай, ой пірім ай деген тіркестерден 
қалыптасқанын анықтау қиын емес. 
Әрине,  бұлардың  арасындағы  тығыз  байланысты  айта  отырып, 
олардың тілде алатын орындарының бірдей еместігін көре аламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет