10
грамматикалық мағына мен грамматикалық форма ұғыммен ұштасып
жатады, олар әрқашан тығыз байланыста болады. Оның мынадай
себептері бар:1) Грамматикалық мағына грамматикалық категориядан
тыс, оған байланыссыз өмір сүрмейді. Керісінше, грамматикалық
мағына категорияның элементі ретінде, оның құрамында өмір сүреді.
2) Грамматикалық категория грамматикалық формамен тығыз
байланысты. Қандай грамматикалық категория болмасын, тек
грамматикалық мағыналар арқылы білініп, кемінде екі түрлі формада
көрінуі қажет. Мысалы, салыстырмалы шырай тек жалғыз өзі шырай
категориясы бола алмайды. Ол үшін басқа да шырай түрі болуы
қажет.
Сонымен, грамматикалық категория дегеніміз не? Тілдегі өзіне
тән грамматикалық формасы, тәсілі бар грамматикалық мағынаны
грамматикалық категория деп атаймыз.
Грамматикалық категориялар жалпы сипатта болады. Олар
морфологиялық категориялар және
синтаксистік категориялар
болып екіге бөлінеді. Осыған сәйкес, морфология саласы
морфологиялық категориялардың, ал синтаксис саласы синтаксистік
категориялардың ерекшеліктерін тексереді. Тілден тыс ешбір
грамматикалық құбылыс болмайтыны секілді, тілдегі сөздерден тыс
грамматикалық
категориялар
өмір
сүрмейді.
Сондықтан,
грамматикалық категориялар тілде топ-топқа бөлініп, белгілі бір сөз
таптарына тән, телулі болады. Мысалы, септік, тәуелдік, көптік
категориялары зат есімге, шырай категориясы сын есімге, шақ, етіс,
болымды-болымсыздық, рай есімше, көсемше категориялары
етістікке тән болады.
Грамматикалық категориялардың өресі мен өрісі біркелкі
болмайды. Кейбір категориялар тым жалпы әрі өрісті, әрі қарымды
болып келсе, енді бірінің өрісі тым тайыз, қарымы аз, тіпті жалқы да
болып келуі мүмкін. Мысалы, тым жалпы категорияға сөз таптары
категориясы жатса, ол бөлшектеніп жалқы категорияларға (есімдер,
етістер, көмекші сөздер категориясына) бөлшектенеді.
Достарыңызбен бөлісу: