Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет44/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   196
 
 
 
 


 
77 
Бекіту тапсырмалары: 
1-тапсырма.  Мәтіндегі  зат  есім,  сын  есім,  сан  есім,  есімдік  сөз 
таптарын ажыратып, мағыналық, құрамдық түрлерін айқындаңыз. 
Ол  кеткен  соң  жирен  орыс  та  құшырланып,  күңкілдеп,  боқтаған 
іспетті болды. Өзге қостар да тұрса керек: далада шүлдірлеген сөздер 
молайып шыңылдай бастады. Кейбір орыстар Ақбілек отырған қосқа 
келіп:  «Ә,  кізімке...»  деп,  мойындарын  қисайта,  шағыр,  шегір, 
көздерімен  тесіп  жібергендей,  Ақбілекке  үңіле  қарасып,  ыржиысып, 
бірдеме  десіп  кетіп  қалды.  Ақбілек  олардың  бетіне  тура  қарай 
алмады, кіріп келгенде ғана немесе түртекенде ғана көзінің құйрығы 
түсті.  Қасындағы  біреуі  Ақбілекке  қаңылтыр  тостағанмен  шай 
ұсынып еді - алмады. Шайларын ішіп, шылымдарын тартысып болған 
соң, өзгелері  тысқа шықты. Жирен орыс беліндегі алтыатарын алып, 
құлағын  қайырып,  бірдемесін  басып,  бұрап,  шыртылдатып, 
айналдыра бастағанда, Ақбілек өзімді атып тастар ма екен деп жүрегі 
сескенейін  деді.  Қызды  алып  бұлар  шыққанын  көріп,  өзгелер  де 
қозғалып,  лек-лек  болып  тал  жаққа  қарай  аяңдады.  «  Енді  ажалым 
жетті  ғой,  -деп  Ақбілекте  зәре  жоқ.  –  Бәрі  жиылып  атып,  қалай 
өлгенімді  тамаша  қылғалы  жүр  ме?  Әлде  бұлардың  басқа  заңы  бар 
ма?  Япырым-ай,  мынаның  бәрі  жабылып...нетсе  не  жаным  қалады? 
Әлгі  өзінің  жирен  орысы  мен  манағы  қара  мұрт  біріне-бірі  таянып 
бірдеңе  десті  де,  аяқтарын  нығырлай  басып,  екеуі  екі  жаққа  қарай 
жөнелді:  сүзісетін  қошқарларша  екеуі  біріне-бірі  қарама-қарсы  тұра 
қалды.  Ақбілек  енді  не  болар  екен  деп,  ар  жағында  тұрғанда,  мына 
жағынан қара мұрт орыс жүгіріп келіп құшақтай алды. Өзіне таласып, 
екі орыс бірін-бірі өлтіргенін  Ақбілек сонда білді. (Ж.Аймауытов) 
Мың  сан  жұлдыз  тұңғиықтанған  түн  аспанында  алыстағы  оттай 
таласып  жылтылдап  тұр.  Июль  жұлдызының  аяғы  болғандықтан, 
жайлаудағы  шеткі  қоныстарға  өрістеп  барған  ел  енді  күзекке  таман 
қайта  көшуге  айналып  бір-бір  қоныс  кейін  шегініп  келіп  отырған. 
Қайтқан  елдің  бес-алты  аулы  Кеңөзекке  кешелер  қонған  болатын. 
Теріс аққанның елі жиылып көшкенде, кей кездерде Кеңөзекте он бес-
жиырма ауылдан ел сыйып кететін қоныс бар еді. Екі елдің руы да екі 
басқа,  бір-біріне  алыс  болатын.  Екеуі  де  малды,  кісілі,  жуансыған, 
соқтыққыш  ел  болатын.  Кеңөзекте  отырған  бес-алты  ауылдың 
ортадағысы сол Досболдың ауылы еді. (М.Әуезов)  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет