Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет52/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   196
Ә) Етістік негізді етістіктер 
I. Есімдерден етістік тудыратын қосымшалар: 
-ла,  -ле,  -да,  -де,  -та,  -те  жұрнақтары.  (Қысқаша  –ла  жұрнағы, 
қалғаны  варианттары).  Етістік  тудыратын  жұрнақтардың  ішіндегі  ең 
өнімді,  өрісі  кең  қосымша  болып  табылады.  Тек  есімдерден  ғана 
етістік тудырмай, сондай-ақ етістіктерден де, басқа сөз таптарынан да 
етістікті  мол  жасай  алатын  форма.  Бұл  қосымша  көне  тілімізде  де 
кездеседі. 
Етістік жасау процесінде байқалатын кейбір ерекшеліктер де бар: 
а)  ұйқы,  қозы,  ұры,  жетек  секілді  есімдерге  жалғанғанда  соңғы 
дыбысына барып қосылады: ұйық-та, қоз-да (қозы-ла), ұр-ла, жете-ле 
(жетек-те). 
ә)  сөз,  саз,  жаз,  бау  сиқты  –з,  -у  фонемаларына  аяқталатын 
сөздерге  жалғанғанда,  соңғы  фонемалар  –й  дыбысына  айналып 
кететін түрі де кездеседі: бау - бай-ла, сөз - сөй-ле, жаз - жай-ла, сөз - 
сай-ра. 
б) керісінше, кейде бұл жұрнақтар түбірге дәнекер дыбыс арқылы 
жалғанатын кезі де кездеседі. Мысалы, ер-т-те, зер-т-те, акт-і-ле т.б. 
-Ла  жұрнағы  өнімді  жұрнақ  деп  айтқанымызға  қарамастан,  ол 
жұрнақтың  да  белгілі  бір  қолданылу  орны  мен  шегі  бар.  Олар  зат 
есімге жалғанған кезде мынадай мағыналар бере алады: 
а)  уақыт  атауларынан,  мерзім  атауларынан  қалыптасқан 
етістіктер: жыл-да-п, сағат-та-п, ай-ла-п. 
ә) Адамның дене мүшелері атауларынан жасалған етістіктер: аяқ-
та-й, қол-да, арқа-ла, өкпе-ле, жұдырық-та, уыс-та (ұс-та), шынтақ-та, 
жамбас-та,  білек-те,  езу-ле,  иық-та,  қолтық-та.  Бұл  етістіктер 


 
87 
көбінесе,  өзінің  тура  мағынасынан  гөрі  ауыспалы  мағынада  жиі 
беріледі. 
б) Мекен, орын атауларынан қалыптасқан етістіктер: базар-ла, өр-
ле, аспан-да, мекен-де, тұрақ-та. 
г) Өлшем атауларынан қалыптасқан етістіктер: тонна-ла, метр-ле, 
литр-ле, адым-да, құлаш-та, аршын-да. 
ғ) Мал, жан-жануар балаларының атауларынан, өнім атауларынан 
қалыптасқан  етістіктер:  қозы-ла,  құлын-да,  бұзау-ла,  лақ-та,  гүл-де, 
жапырақ-та. 
д) Іс-әрекетті жүзеге асыруға объект болатын зат, мағына, бұйым, 
материал  атауларынан  пайда  болған  етістіктер:  тұз-да,  бұрыш-та, 
үңгір-ле, мая-ла, шыны-ла, сабын-да т.б. 
ж)  Қаратпа  сөз  қызметін  атқарып  тұрған  зат  есімдерден:  апа-ла, 
мама-ла-п, көке-ле-п. 
з)  Дыбыс  атауларынан:  мияу-ла,  шәуіл-де,  шиқыл-да,  шіңкіл-де, 
ысыл-да, шу-ла, гүрсіл-де. 
Осы атап көрсеткен топтан басқа да зат  есімдерден қалыптасқан 
етістіктердің тобы көп. Олардың мағыналары да әр түрлі болып келе 
береді.  –Ла  жұрнағы  арқылы  қазіргі  қазақ  тілінде  зат  есімнен 
етістіктер мол туындайды. 
Сын есімнен қалыптасқан етістіктер: әдемі-ле, уақ-та, қара-ла, ақ-
та, арық-та, көңілсіз-де-н, т.б. 
Сан  есімнен  қалыптасқан  етістіктер:  мың-да-п,  жүз-де-п,  он-да-
ған, екі-ле-н-іп, жетеу-ле, т.б. 
Үстеулерден қалыптасқан етістіктер: жоғары-ла, төмен-де, ілгері-
ле, жылдам-да-п, жай-ла, орысша-ла. 
-Ла  жұрнағы  еліктеу  сөздерден  де  (елп-іл-де,  емпең-де,  жалтақ-
та), одағай сөздерден де (ойбай-ла, аһ-ла, үһ-ле), модаль сөздерден де 
(бар-ла, жоқ-та) етістік тудыра алады. 
2. –А, -е жұрнақтары. Көне қосымшаның бірі. Бұл жұрнақ арқылы 
сабақты  да,  салт  та  етістіктер  туындай  береді.  Бүгінгі  таңда  сөз 
тудыру қызметі самарқауланған аффикс: ат-а, ас-а, жас-а, сан-а, мін-е, 
дем-е, ойн-а, сын-а т.б. 
3.  –Ы,  -і  аффиксі.  Бұл  қосымшалар  кей  жағдайда  түбірден  бөліп 
алуға  болмайтындай  болып  кірігіп  кететіндей  жері  де  болады. 
Мысалы,  қалқы  (қалық-та  сөзімен  түбірлес).  Түбірі  қалық  болуы 
керек.  Ренжі  (түбірі-реніш).  Ш  дыбысы  Ж  дыбысына  айналған. 
Ғалымдар  аффикстің  обастағы  төркіні  –а,  -е  болуы  керек  деп 
топшылайды. Мысалы, бай-ы, жуас-ы, кем-і, кең-і т.б. 
4.  –Ра,  -ре  аффиксі.  Күй-ре,  жай-ра,  түй-ре,  сай-ра.  Бұл  жұрнақ 
күрделіленіп –ыра, -іре түрінде жалғанады: барқ-ыра, бұрқ-ыра. 


 
88 
5.  –Лан,  -лен,  -дан,  -ден,  -тан,  -тен  жұрнағы.  –ла  және  –н 
қосымшаларының  бірігуі  арқылы  пайда  болған  құранды  қосымша. 
Сондықтан –ла жұрнағы және ырықсыз етістің –н жұрнағы жалғанған 
туынды  етістіктермен  түрлес  болып  келеді:  ой-ла-н,  таза-ла-н,  арқа-
ла-н. Кейбір сөздерге бұл жұрнақ бөлшектенбей жалғанады: ашу-лан 
(ашу-ла-н емес), ар-лан (ар-ла-н емес), борыш-тан, ие-лен, күдік-тен, 
мал-дан. 
6. –Лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес жұрнағы. Бұл жұрнақ та о баста 
–ла жұрнағы мен –с жұрнағының бірігуінен қалыптасқан. Сондықтан 
сөй-ле-с,  сыбыр-ла-с  сияқты  екі  жұрнақ  арқылы  жасалған  туынды 
формалармен  түрлес  болып  келеді.  Тек  бір  форма  есебінде  қызмет 
атқарып, бөлшектенбейтіндері ғана құранды жұрнақ болады: бір-лес, 
көмек-тес, бәс-тес т.б. 
7. –Лат, -лет, -дат, -дет жұрнағы. Бұл да –ла және –т формасынан 
біріккен өнімсіз жұрнақ. Мысалы, тез-дет, дауыл-дат, боран-дат, сел-
дет. 
8.  –Ай,  -ей,  -й  жұрнағы.  Мысалы,  күш-ей,  мұң-ай,  қарт-ай, 
көр(і)к-ей т.б. 
9.  –Қар,  -кер,-ғар,  -гер  жұрнағы.  Аса  көне  өнімсіз  жұрнақ:  бас-
қар, ес-кер, аң-ғар, оң-ғар, тең-гер т.б. 
10. –Ар, -ер, -р жұрнағы. Көне мардымсыз жұрнақ: жаңа-р, жақс-
ар, ескі-р т.б. 
11. –Ал, -ел, -ыл, -іл, -л жұрнағы. Аз ғана сөзде ұшырасатын көне 
қосымша: жоғ-ал, су-ал, сұй-ыл, ұя-л, тең-ел. 
12. –Ық, -ік жұрнағы. Көне жұрнақ: аш-тық, бір-лік, жол-ық, зар-
ық, дем-ік, кез-ік, мол-ық, құн-ық, өш-ік т.б. 
13. –Шы, -ші жұрнағы. Бұл да өнімсіз жұрнақ: тер-ші, тықыр-шы, 
шап-шы. 
14. –Сы, -сі, -ымсы, -імсі жұрнағы. Бұл көне жұрнақтар, бірақ әлі 
де  өнімді  қызмет  атқарып  жүрген  жұрнақтар:  пысық-сы,  ширақ-сы, 
қамқор-сы, мықт-ымсы т.б. 
15. –Сын, -сін жұрнағы. –сы және –н жұрнағынан құралған өнімді 
жұрнақ: өзіс-сін, жат-сын, көп-сін, аз-сын, кәрі-сін, мықты-сын т.б. 
16.  –Сыра,  -сіре  қосымшасы.  –сы  және  –ра  жұрнақтарының 
бірігуі арқылы құралған қосымша: әл-сі-ре, жетім-сіре, ой-сыра т.б. 
17. –Са, -се жұрнағы. Өнімсіз жұрнақ: бу-са, су-са. 
18.  –Сан,  -сен  жұрнағы.  –са  және  –н  жұрнағынан  құралған 
құранды, өнімсіз жұрнақ. Тек кейбір сөздерде ғана кездеседі: құр-сан, 
бұр-сан. Мысалы, буырқанды, бұрсанды, мұздай темір құрсанды. 
19. –Ырай, -ірей жұрнағы. –ыр және –ай формаларынан құрылған 
көне  қосымша.  Бұл  аффикс  сын  есімдер  мен  еліктеуіш  сөздерге 
жалғанады: кіші-рей, тік-ірей, тыс-ырай, аж-ырай, бад-ырай т.б. 


 
89 
20. –Ғы, -гі, -қы, -кі жұрнағы. Өнімсіз жұрнақ: ор-ғы, көл-кі, сор-
ғы. 
21.  –Т,  -ыт,  -іт  жұрнағы.  Бұл  аффикс  өзгелік  етістің  –т 
жұрнағымен  омонимдес.  Оларды  тек  сөз  жасам  процесінде  айыра 
аламыз: құнар-т, Тұман-ыт, шаң-ыт, күрең-іт т.б. 
22. –Пы, -пі жұрнағы. Өнімсіз жұрнақ: жел-пі, шар-пы т.б. 
23. –Си, -жи, -ши, -ди, -ти, -би, -ми, -пи, -ки, -қи жұрнақтары. Бұл 
аффикстер  тіліміздегі  санаулы  ғана  сөздермен  тіркесіп  етістік 
жасайтын  көне,  өнімсіз  жұрнақтар.  Бұлардың  кейбірін  бүгінгі 
түбірден ажыратудың өзі қиын: ақ-си, түк-си, бүк-ши, бағ-жи, қаз-ди, 
бат-ти, ар-би, іл-ми, тым-пи, дөң-ки, тың-қи т.б. 
24.  –Қа,  -ке,  -ға,  -ге  жұрнақтары.  Бұл  да  өнімсіз  жұрнақ:  иіс-ке, 
шыр-қа т.б. 
25.  –Қан,  -кен,  -ан,  -ен  жұрнақтары.  Соңғысынан  алғашқылары 
пайда  болған,  олар  құранды  аффикстер.  Есімшенің  формасымен 
сәйкес: сес-кен, тітір-кен, күш-ен, емір-ен т.б. 
26. –Ырқа,  -ірке,  -ырқан,  -іркен  жұрнақтары.  Соңғы  варианттары 
құранды  түрі:  ес-ірке,  мүс-ірке,  тос-ырқа,  аз-ырқан,  аш-ырқан,  шөл-
іркен. Бұл форма біздің тілімізде өнімсіз форма болса, туыстас хакас 
тілінде –рха, -ырха, -рке, -арха, -орха, -орке түрінде өте өнімді форма. 
27.  –Қыр,  -кір,  -ғыр,  -гір:  ө-кір,  а-қыр,  шыңғ-ыр  (шыңқ),  бақ-ыр 
(бақ ету) 
II Етістіктен етістік тудыратын қосымшалар: 
-ла,  -ле,  -да,  -де,  -та,  -те  жұрнағы.  Бұл  жұрнақтың  актив  қызметі 
туралы  біз  жоғарыда  айтып  кеткенбіз.  Бұл  жұрнақ  етістіктерге 
жалғанып,  жаңа  сөз  жасаған  кезде  оған  қимылдың  жиілену,  үсті-
үстіне еселену мағынасын береді: саба-ла, төпе-ле, түйре-ле, қама-ла, 
тісте-ле, тырна-ла. 
Жоғары  оқу  орындарына  арналған  Қазіргі  қазақ  тілінің 
оқулығында осы жұрнақтардан құралған бірнеше жұрнақтар берілген. 
Кейбір еңбектерде ол құранды жұрнақтар бөлек түрде беріледі: 
–қыла, -кіле, -ғыла, -гіле жұрнағы: ат-қыла, кес-кіле, соз-ғыла, үр-
гіле, түрт-кіле т.б. 
-мала,  -меле,  -бала,  -беле,  -пала,  -пеле  жұрнағы.  Бұл  да  құранды 
жұрнақ: қаз-бала, бастыр-мала, тіз-беле, қақ-пала т.б. 
–қышта,  -кіште,  -ғышта,  -гіште  жұрнағы:  ал-ғышта,  бар-ғыш-та, 
кел-гіште, айт-қышта т.б. 
Бұл  құранды  жұрнақтар  да  етістіктің  түбіріне  жалғанғанда  –да 
жұрнағы 
секілді үстемелеу мағынасын береді. 
–ыңқыра,  -іңкіре,  -ңқыра,  -ңкіре  жұрнақтары.  Күрделі,  құранды 
жұрнақ, құрамында –ың. –ің, -ң көрсеткіштері бар. Осы көрсеткіштер 


 
90 
туралы  Ы.А.Мамановтың  құнды  пікірлері  бар.  Көптеген  ғалымдар 
етістіктің  негізі  мен  бұйрық  райдың  ІІ  жағының  жекеше  түрінде 
қосымша  көрсеткіш  болмайды  деп  есептейді.  Сондықтан,  етістіктің 
негізі  -  бұйрық  райдың  жекеше  түрінің  ІІ  жағы  деген  көзқарасты 
қолдайды.  Ы.Маманов  бұл  пікірді  қолдамайды.  Бұл    категорияның 
көне  формсы  бар.  Тек  қазақ  тілінде  қазір  қолданыста  қалған,  алайда 
басқа  туыс  түркі  тілінде  әлі  де  бар  деп  санап,  ол  формаға  өзбек 
тіліндегі  –ың,  -ң  жұрнағының  бұйрық  райдың  ІІ  жағының  жекеше 
түрінде келуін айтады: кел-ің, ал-ың т.с. 
 Бұл  құранды  жұрнақ  қазақ  тілінде  қимылдың  үдей  түскенін 
аңғартады: 
бар-ыңқыра, көр-іңкіре, байқа-ңқыра, бер-іңкіре. 
–ымсыра,  -імсіре,  -мсыра,  -мсіре  жұрнағы,  қимыл  мен  амалдың 
толымсыз екенін білдіретін форма: жыла-мсыра, күл-імсіре т.б. 
–лық, -лік, -дық, -дік жұрнағы: и-лік, шай-лық, бу-лық т.б. 
–ғы, -гі, -ғыт, -гіт жұрнағы: кер-гі, ат-қы, құй-ғыт, ора-ғыт т.б. 
–ыс, -іс, -і жұрнағы: таны-с, айт-ыс, көр-іс, арала-с т.б. 
–ырай, -ірей жұрнағы: бүк-ірей, сығ-ырай, бақ-ырай т.б. 
–сын, -сін жұрнағы: сүй-сін, түй-сін т.б. 
–шы, -ші жұрнағы: көн-ші, шап-шы, көпір-ші т.б. 
Етістіктердің жасалуын тіл білімінде екіге бөледі: 
А) морфологиялық тәсіл арқылы жасалған етістіктер. 
Ә) синтаксистік тәсіл арқылы жасалған етістіктер. 
Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған етістіктер: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет