ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
. Сіздерді Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында 2016 жылдың 24-
25 қараша күндері өтетін
«Үш тұғырлы тіл: Бәсекеге қабілетті ұлт болудың негізгі
сатысы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға
шақырамыз.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:
1 –секция: Үш тілділік жаһандану талабы: Тіл мен әдебиеттің өзекті мәселелері
2-секция: Білім беру мазмұнын жаңартудағы әдістемелік қызметті жетілдірудің жаңа
бағыттары
3-секция: Жаһандану жағдайындағы гуманитарлық білімнің негізгі мәселелері
4-секция: Білім беру мен қолданбалы зерттеулердегі жаңа ақпараттық – математикалық
және жаратылыстану ғылыми технологиялары.
5-секция: Мамандарды кәсіби-шығармашылық, спорт салаларында даярлау жүйесіндегі
инновациялық әдістер
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.
Конференцияға қатысу үшін өтініштің (тіркелген үлгі бойынша), баяндама мәтінінің
баспа түріндегі және электрондық нұсқалары (1 данадан), ұйымдастыру жарнасы (3000
теңге көлемінде) төленгені туралы түбіртектің көшірмесі электрондық поштамен немесе
төмендегі мекен-жайда 2016 жылдың 5-ші қарашаға дейін қабылданады: 160012, Қазақстан
Республикасы, Шымкент қ., Байтұрсынов көшесі, 13 үй, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
педагогикалық институты.
Баяндама дайындауға қойылатын талаптар:
Мақала көлемі - 5 бетке дейін, Times New Roman қарпінде терілуі тиіс;
А4 форматында, қаріп өлшемі – 14;
Жоларалық қашықтық – 1;
Азат жол – 1 см.;
Сол жағы – 2,5 мм, қалған жақтары – 20 мм.;
Бет саны 5 беттен аспауы тиіс;
Орыс тіліндегі баяндамалар үшін түйін және summary, қазақ тіліндегі баяндамалар
үшін резюме және summary, ағылшын тіліндегі баяндамалар үшін түйін және резюме келтіріледі.
Баяндама мәтіні мен өтініштің сапалы басылған бір дана (бет нөмірі көрсетілмей) баспа түрі
және электронды нұсқасы, ұйымдастыру жарнасы төленгені туралы түбіртектің
көшірмесімен бірге дискіде немесе электрондық поштамен ұсынылады (файлдың атауы
бірінші автордың фамилиясымен сай келуі қажет, баяндама мен өтініш бір файлда беріледі).
Баяндама авторларының саны 3 адамнан аспауы тиіс. Баяндама мәтіні түзетілмейді және
түпнұсқа болып саналады. Конференция еңбектерінің жинағы тікелей көшіру әдісімен
теріледі. Көрсетілген мерзімнен кеш түскен немесе талаптарға сай келмейтін материалдар
жарияланбайды.
Құрметті әріптестер! Сіздерден жоғарыда көрсетілген талаптарға сай дұрыс терілген
материалдарды жіберу сұралады.
Баяндаманы дайындау үлгісі:
ӘОЖ (12 пт.)
МИФТІҢ ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСЫ (14 пт.)
Бегдаулетова Қ.Д. (12 пт.)
ОҚМПИ, Шымкент, Қазақстан (12 пт.)
Резюме (11 пт.)
Summary (11 пт.)
Баяндаманың негізгі мәтіні (14 пт.)
--------------------------------------------------------------------------------------------
Әдебиеттер (12 пт.)
1. Ғабитханұлы Қ. Қазақ мифологиясының тілдегі көрінісі. – Алматы: Арыс, 2006. – 166 б.
Өтініш үлгісі:
Өтініш
1
Баяндамашының тегі, аты-жөні (толығымен)
2
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
3
Мекемесі, лауазымы
4
Мекенжайы (индексі көрсетілуі міндетті)
5
Телефон, факс (халықаралық байланыс кодымен)
6
Баяндаманың тақырыбы
7
Секцияның атауы
8.
Керекті техникалық құралдар
9.
Қонақ үй орындарын брондау қажеттігі (иә, жоқ)
Барлық
сұрақтар
бойынша
конференцияның
ұйымдастыру
комитетіне
хабарласуыңызды сұраймыз: Телефон: Ибрагимова Жанат Абуталипқызы +7701 338 14 33,
+7700 135 72 70
, Алдангорова Айман Дәулетбайқызы +7702 589 81 28. Эл. почта:
okmpi_nauka@mail.ru
.,
ibrcanat@mail.ru
.
Конференция жұмысына қатысу төлемі үшін реквизиттер:
АО «Казкоммерцбанк»
БИК-KZ К0 KZ KX
БИН-110740004288
КБЕ-16
ИИН- KZ 569260801159775000
Аудару кезінде «конференция үшін» белгісін қойып, тегі және өз аты мен әкесінің
атының бірінші
әріптерін жазу қажет . Ұйымдастыру комитеті