Ат бапкері – шабандоз
«Қазақ үшін атқа міну – аспанда құс боп самғау. Батареяға берілген көп жылқының ішінен мен өзіме сүттей әппақ, сүліктей жіңішке, екі құлағы тас төбесіне шаншылған, қаракөз атты таңдап алдым. Бала күнінде өзіне арналған тайының жүгенін таңертең көйлегінің сыртынан қоса киіп, жылқыға қарай жүгірген қазақ баласы Қамбар атаның тұлпарын қалай таңдауды біледі ғой. Ақбоз атым айтулы жылқы болды. Ол желгенде желге мініп келе жатқандай желпінесің» («Аңыз бен ақиқат» 162-бет)
Бауыржан жылқы жануарына арнап лирикалық өлең де жазды. Батыр-дың «Әскер аты» өлеңінен аттың сынын өте жақсы білетіндігін көреміз.
Тік аяқ, бура санды, құйма тұяқ,
Кең маңдай, етсіз жақты, қамыс құлақ.
Омыраулы, жібек жалды, сағақ мойын,
Бұлшық етті, сауырсын, артық талмақ.
Соғыс жылдарында мінген Лысанка аты да батырдың сенімді серігі болды. Соның барлығында да Бауыржан аттың бабын жасай алатын бапкер, шапқанда жеткізбес шабандоз болғанын білуге болады.
Абайдың «Аттың сыны» өлеңімен Бауыржанның «Әскер аты» өлеңіндегі аттың кейпін салыстыру.
Қиыр Шығыста қызметте жүрген кезінде ат спорты жарысында он үш кедергіден мүдірмей өтіп, маршал Блюхердің қолынан алтын сағат алған сәтін әңгімелегн жерін Ә.Нұршайқовтың «Аңыз бен ақиқатынан» (166-бет) оқып, мазмұнын айту.
Достарыңызбен бөлісу: |