Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Павлодар педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет11/20
Дата26.04.2022
өлшемі1,65 Mb.
#32298
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
ю  əрпі  йүу,  йұу  дыбыстарынан  тұратыны  белгілі.  Осы  əріптермен  кездескен  сөздер  түрліше

буындалып  жүр.  Сондай-ақ    фонетикадағы  түрлі  дыбыстық  құбылыстар  (протеза,  эпентеза,  элизия,

редукция  т.б.)  айтуды  жеңілдетуден  туады  десек,  ондай  сөздерді  буындағанда  айтылуын  ескеруіміз

қажет. С.Мырзабеков «Қазақ тілінің дыбыс жүйесі» атты еңбегінде төрт буынды сөздер қатарында ы-



ра-қы-мет  (рақмет),  і-рə-сү-уə  (рəсуа),  і-ре-зең-ке  (резеңке),  і-ре-сі-мій  (ресми)  деген  сөздерді

келтіреді.  Яғни  мұнда  эпентеза,  протеза  құбылыстары  ұшырасады.  Сонымен  қатар,  аталған  еңбекте

ғалым қазақ тілі тұрғысынан редукцияны қысаң дауыстылардың əлсіреп, көмескі айтылуы деп түсіну

керектігін,  орфоэпиялық  сөздіктерде  ондай  жағдайда  дауыстылар  түсіріліп  (шартты  белгімен)

жазылатынын айтады: дəр'гер, қат'нас, тəж'рибе, аң'зақ, ад'раңдау, бад'рақ, ед'реңдеу, и'рім, қас'рет,

жұд'рық, көб'рек, жұм'лу, көк'рек, түк'рік, мəк'рүк, құд'рет т.б. Ал оқулықтың "Сөздің буын құрамы"

атты  тақырыбында  қа-бі-лет,  а-бы-рой  деген  сөздерді  айтылуы  бойынша  емес,  яғни  редукция

құбылысына  ұшыратпай  сол  қалпында  буындаған.  Сонда  сөздерде  фонетикалық  құбылыстарды



ескергенде  дауыстыны  түсіріп,  буындағанда  елемеу  қажет  пе?  Егер  де  дыбыстың  көмескіленуін

ескеріп,  осы  сөздерді  буындасақ,  онда  бұл  сөздер  екі  буыннан  тұрушы  еді  (қаб-лет,  аб-рой).  Солай

бола  қалған  жағдайдың  өзінде  сөз  ішіндегі  (түбір  деңгейінде)  дыбыс  тіркесімі  ұяң-үнді  үлгісінде

болар  еді.  Сондай-ақ  қатынас,  қасірет,  көкірек,  түкірік,  мəкүрік  деген  сөздерді  айтылуы  бойынша

буындасақ, қат-нас, қас-рет, көк-рек, түк-рік, мəк-рік болады. Дыбыс тіркесімі қатаң-үнді үлгісінде

екенін көреміз.

Орыс тілінде буынға бөлудің принципі біршама бөлек. Дыбыстар үнділігіне қарай дауыстылар (3),

сонорлар  (2),  үнсіздер  (1)  деп  ажыратылады  да,  буын  көбіне  үлкен  цифр  мен  кішкене  цифрдің

аралығынан ажырайды. Мысалы, костюм деген сөз 13-1132, касса деген сөз 131-13 болып ажырайды.

3. Сөйлеу кезіндегі ең кішкентай бөлшек – буын. Сөйлеп тұрған адам өз ойын жеке дыбыстармен

емес, белгілі буындар тізбегінен сөз құрап, ол сөздерді жымдастыра отырып, сөйлем құрап жеткізеді.

Яғни  сөйлеу  кезінде  бір  дыбыс  екінші  дыбыспен,  бір  буын  екінші  буынмен,  бір  сөз  екінші  сөзбен

жымдасып жатады. Сондықтан да бір буындағы дыбыстар келесі буынға қосып немесе сөз бен сөздің

арасындағы дауысты дыбыстар біріне-бірі ықпал етіп түсіп қалып жатады. Солай бола тұрса да, бұдан

айтып  тұрған  сөздің  мағынасына  нұқсан  келмейді.  Мыс.:  айта  алмады  –  айталмады,  сары  ала  –



сарала, шаш+ы=ша-шы .

Ашық буынды сөзге жалаң не тұйық буынды сөз жалғанса, алғашқы дауысты дыбыс түсіп қалып,

екі буын ұжымдасады да бір буын құрайды. Немесе дауыссыз дыбыспен аяқталған буынға жалаң не

тұйық  буын  жалғанса,  алғашқы  буынның  соңғы  дауыссыз  дыбысы  кейінгі  буынға  көшеді.  Мұндай

үрдісті қазақ тіл білімінің фонетика саласында буын алмасуы деп атайды.

Қазақ тілінде тек жалаң ашық буын тиянақты келеді, қандай буынның болса да ықпалына ықпай,

оқшау  тұрады.  Бұл  буын:  а)  сөздің  дəл  басында  тұрады  да,  одан  кейінгі  буынның  қайсысы  болса  да

онымен жартылай да, түгелдей де алмаса алмайды: ол басқа буындармен кірікпейді де, жылыспайды

да:  а-ла,  е-лік,  і-лім.  ə)  өз  алдына  жеке  сөз  ретінде  айтылып,  одан  кейінгі  буынның  (сөздің)

қандайынан  болса  да  пауза  арқылы  бөлінетіндіктен,  ешбір  өзгеріске  көнбей,  оқшауланып  тұрады.

Мыс.: Е, өзің барсайшы! А, айтайық дейсің бе?

Буын алмасуы сөздің өз ішінде емес, сөзге дауысты дыбыс не дауысты дыбыстан басталған сөздің

тіркесуі арасында болады.

а)    екі  дауысты  ашық  буынға  жалаң  ашық  буынның  не  тұйық  буынның  жалғануы  арқылы:  (В-

дауыссыз, А-дауысты дыбыс)

ВА + А = ВА: то–ры + а-ла = то-ра-ла

ВА + АВ = ВАВ: то-ры + ат = то-рат

ВА + АВВ = ВАВВ: е-кі + айт-ты = е-кайт-ты

ə) тұйық не бітеу буындарға жалаң ашық буынның жалғануы арқылы:

АВ + А = А + ВА: ат + ы = а-ты

АВВ + А = АВ + ВА: ант + ы = ан-ты

ВАВ + А = ВА + ВА: шаш + ы = ша-шы

ВАВВ + А = ВАВ + ВА: бұлт + ы = бұл-ты

б) тұйық не бітеу буындарға екі дыбысты тұйық буынның жалғануы арқылы:

АВ + АВ = А + ВАВ: ат + ақ = а-тақ

АВВ + АВ = АВ + ВАВ: арт + ып = ар-тып

ВАВ + АВ = ВА + ВАВ: жүр + іп = жү-ріп

ВАВВ + АВ = ВАВ + ВАВ: құрт + ып = құр-тып

в) бітеу буынға үш дыбысты тұйық буын жалғануы арқылы:

ВАВ + АВВ = ВА + ВАВВ: жоқ + алт = жо-ғалт

ВАВВ + АВВ = ВАВ + ВАВВ: құрта + алмады = құр-талм(-ады)

Буындар  арасында  дауыстының  түсіп  қалуын  (торы  ат  –  торат)  буын  ығысуы,  дауыссыздың

кейінгі буынға сырғуын (ат + ы = а-ты) буын жылысуы деп аталады.

Қорыта келгенде, буын алмасуын төмендегіше жинақтауға болады:

1. Белгілі бір буынға дауысты дыбыстан басталған буын жалғанғанда ғана буын ығысуы мен буын

жылысуы пайда болады.

2. Белгілі бір буынға дауыссыз дыбыстан басталған буын жалғанса, буын алмаса алмайды.

Дауыссызға тынған буынға дауыссыздан басталған буын жалғанса, буын жігі өзгере алмайды:

буын бір қалыпта сақталады.

 

7-дəріс. Екпін (акцентуация)



1. Екпін, оның түрлері. Сөз екпіні

2. Тіркес екпіні, оның сөйлем мағынасына əсері



1.  Тіл  білімі  ғылымында  екпін  түбегейлі  қарастырылған  мəселелердің  қатарына  жатады.

Зерттеушілердің айтуынша оның үш түрі бар: сөз екпіні, фразалық екпін жəне ой (логикалық) екпіні.

Лингвистикада  сөз  екпінінің  лебізді,  музыкалды,  квантитативті  түрлері  көрсетіліп,  оларға  жататын

тілдер  тобы  анықталған.  Ол  бойынша  түркі  тілдері  лебізді  екпін  тобына  кіреді.  Алайда  түpкi

тiлдеpiнiң  пpосодикасы  бүгiнгі  күнi  шешiлген  мəселе  қатарына  жатады  деу  қиын.  Ол  сонау  XIX

ғасыpдың  аяқ  кезiнде-ақ  ғалымдаpдың  назаpына  iлiгiп,  қазipге  дейiн  зеpттеу  нысаны  болып  келеді.

М.Жүсіпұлы  А.Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институтынан  шығатын  "Тілтаным"  журналында

жариялаған  "Сингармонизм  фонологиясы  (Үндестік  фонологиясы)"  мақаласында  қазақ  тіл  білімінде

қалыптасқан пікірлерді үш мектеп, үш бағыт айналасына жинақтайды:

1. Акцентті-фонемалық (дəстүрлі фонолог-лық) теория (Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев).

2.  Сингармониялық  (сингармонологиялық)  теория  (А.Байтұрсынұлы,  Х.Досмұхамедұлы,



Ə.Жүнісбеков, М.Жүсіпұлы, ...).

3. 


Сингармониялық 

фонология 

(сингармофонология) 

теориясы 

(А.Байтұрсынұлы,

Х.Досмұхамедұлы, М.Жүсіпұлы, ...).

Қазақ  тіл  білімін  ұлттық  таным-түйсік  тұрғысынан  қарастырған  А.Байтұрсынұлы  мен

Х.Досмұхамедұлы  просодиканың  негізгі,  доминантты  қызметін  сингармонизм  атқаратынын  түсініп,

оның  теориясының  фундаментін  қалайды.  Сол  себепті  де  екінші,  үшінші  бағыттың,  мектептің  көш

басында ғалымдардың есімдері аталған. Ал ол теорияның негізгі ұғымдары мен терминдерін жасап,

бір  жүйеге  келтіріп,  ғылыми  айналымға  енгізген  Ə.Жүнісбеков  болса,  оны  ары  қарай  кеңейтіп

тереңдеткен,  сингармониялық  пен  Москва  фонологиялық  мектептерінің  теорияларын  негізге  ала

отырып жаңа аталымдар жасаған – М.Жүсіпұлы. Ғалымдардың пікірлерінде – терминдерінің аталымы

мен зерттеу əдіс-тəсілдерінде, фонологиялық теориялардың жетістіктерін қолдануында – өзгешеліктер

де  кездеседі.  Олардың  пайымы  алғашқы  кезде  өзара  ұштасса  да,  нəтижесі,  шыққан  қорытындысы

бірімен-бірі  түйіспейді.  Анығырақ  айтсақ,  Ə.Жүнісбеков  түркі  (қазақ)  тілдерінде  просодиканың

қызметін  сингармонизм  ғана  атқарады  деп  түсінеді.  Ғалым  "қазақ  тiлiнде  сөз  екпiнi  жоқ"  деп  кесiп

айта  келiп:  "Стоpонники  словесного  удаpения,  сpавнивая  такие  изолиpованные  единицы  как  слова,

допускают  сеpъезную  ошибку.  Они  обычно  не  пpоставляют  коммуникативно  важные  гpафические

знаки  –  точку  и  восклицательный  знак:  на  письме  они  оказываются  омонимами,  заманчивыми  для

акцентологических  исследований.  Они  действительно  лексические  омонимы,  но  никак  не

синтаксические",– дейді.

Сингармониялық  фонология  (сингармофонология)  теориясын  қалаған  М.Жүсіпұлы  қазақ  (түркі)

тілінде сингармонизм негізгі, доминантты, ал екпін қосымша, жанама қызметті атқаратынын айтады.

Тіл  құралының  құрамындағы  бұл  екі  просодия  ешқашан  қызметі  жағынан  тең  болмайды.  Олардың

бірінің  қызметі  екіншісінен  қайткен  күнде  басым  болады.  Осыдан  болса  керек,  қазақ  тіл  білімінде

пікір алуан түрлілігі кездеседі. М.Жүсіпұлы тілде қалыптасқан, орныққан теорияларды талдай отыра

сөз екпінін түсіндіреді. Ол қазақ тіліндегі сөз екпіні өте əлсіз болатынын, орыс тілімен салыстырғанда

сингармофонемалар  қорын  қалыптастыруда  оның  мəні  жоғын  айтады.  Ғалым  орыс  тіліндегі  екпін

бірнеше  қызмет  атқаратынын  пайымдайды:  "фонетикалық:  екпін  қабылдайтын  дауысты  дыбыс,

жалпы  сол  буын  я  қуатты,  я  созылыңқы,  я  көтеріңкі  айтылады  (коро′ва,  лесно′й,  ...);  фонологиялық:

екпін  сөздердің  бір  буынына  емес,  əртүрлі  буындарына  түсіп  сөз  мағынасын  өзгертеді  (за′мок  –





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет