Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың


 БАЛАЛАР ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ



Pdf көрінісі
бет6/66
Дата07.01.2022
өлшемі2,36 Mb.
#17339
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
1.2 БАЛАЛАР ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ  
 
Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  дамуын  зерттеу  күрделі  мәселе,  оның 
өзінің  ерекшеліктері  бар.  Бұл  ерекшеліктер  төмендегідей  принциптерге 
бағынады: 
Ізігілік  принципі.  Жеті  жасқа  дейін  баланың  психикасына  сыртқы 
жағымсыз  ықпалдар  әсер  етеді,  сондықтан  да  зерттеу  барысы  ізгілік 
принциптеріне  негізделуі  тиіс.  Психолог  немесе  зерттеуші  баланың  мінез-
құлқының ауытқуының шынайы себебін анықтайды.   
Тиімділік және ғылымилық принциптері. Аталған принциптер психикалық 
дамуды,  оның  механизмдерін,  заңдылықтарын  балалар  психологиясы 
тұрғысынан  қарастырады.  Тиімділік  пен  ғылымилық  принциптері  мектеп 
жасына дейінгі баланың толыққанды адам екенін, яғни әлемге өзінің көзқарасы 
барын,  ойлау  ерекшелігін  ескергені  дұрыс.  Баланың  ішкі  әлемінің  дамуын 
түсіну  үшін  зерттеуші  арнайы  психологиялық  білім,  ұғымдар,  психология 
ғылымының негізгі идеяларымен қарулануы тиіс. 
Детерминизм  принципі  психикалық  функциялар  мен  қасиеттердің 
қалыптасуы,  сонымен  қатар  олардың  ішкі  және  сыртқы  себептермен 
байланысының  ерекшеліктеріне  негізделеді.  Бұл  себептер  баланың  өмір  сүру 
ортасы,  тәрбиесі,  ересектермен,  өз  құрбы-құрдастарымен  қарым-қатынасы, 
әрекеті  мен  белсенділігінің  ерекшелігіне  байланысты  болады.  Зерттеуші  бала 
бойында пайда болған мінез-құлқындағы өзгерістің ненің салдарынан болғанын 
анықтап, түсіндіре алуы керек. 
Әрекеттегі  психика,  сананың  дамуы  принциптері.  Бұл  принциптер  бала 
әрекетінің  психикасының  көрінуі  мен  дамуының  шарты  болып  табылады. 
Сондықтан  да  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  психикалық  ерекшеліктерін 
зерттеу үшін қажетті әрекет түрлерін ұйымдастыру қажет. 
Сана  мен  әрекет  бірлігі  принципі.  С.Л.Рубинштейн ұсынған  бұл  принцип 
сана  мен  әрекеттің  өзара  ықпалын  білдіреді.  Бір  жағынан,  сана  әрекет 
барысында оған жетекшілік жасай отырып қалыптасса, екінші жағынан әрекет 
жаңа әрекет түрлерін меңгеру оның санасын өзгертеді. Сөйтіп, баланың мінез-
құлқын қылықтарына талдау жасау арқылы түсінуге болады. 
Жеке  жас  және  тұлғалық  ерекшеліктерді  ескеру  принципі.  Психиканың 
дамуының  жалпы  заңдары  әрбір  баланың  даму  ерекшелігінің  басқалармен  бір 
дәрежеде, деңгейде болғанымен, өзінің ерекшеліктері болатынын білдіреді. 
Кешенділік,  жүйелік  пен  мерзімдік  принциптері.  Бір  зерттеу  арқылы 
баланы әр қырынан танып-білу мүмкін емес. Сондықтан, баланы бір қырынан 
ғана емес, кешенді түрде әр мезгілде даму ерекшелігін жүйелі түрде қарастыру 
керек. 
Әдістің  ғылыми  фактілер  жинау  тәсілі  екені  белгілі.  Балалар 
психологиясын зерттеудің негізгі әдістеріне бақылау, эксперимент, әңгіме және 


 

балалар әрекетінің өнімін талдау жатады. Аталған әдістердің ішіндегі бастысы 
бақылау әдісі болып табылады.  
Бақылау  психологиялық  фактілерді  мақсатты  бағытталған  қабылдау  мен 
фиксацияны  білдіреді.  Кез-келген  бақылаудың  алдына  мақсат  қойылады. 
Бақылауды  бастамас  бұрын  оны  жүргізу  схемасы  жасалады,  жасалған  схема 
алынған  мәліметтерді  дұрыс  талқфлауға  көмектеседі.  Бақылау  барысында 
зерттеуші  баланың  табиғи  әрекетін  көре  алады.  Бұл  бала  тұлғасы  туралы 
шынайы  нәтиже  алуға  көмектеседі.  Бақылау  шынайылығы  үш  шартты  сақтау 
барысында анықталады. 
1. Бала өзінің зерттеу нысаны екенін білмеуі тиіс. 
2. Зерттеу жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. 
3. Зерттеушінің балаға деген ешқандай жағымды немесе жағымсыз қарым-
қатынасы болмауы керек.  
Бақылау  барысы  хаттамаға  сипатталып  жазылады.  Сипаттама  түрінде 
жазылған бақылау хаттамасы математикалық әдістер арқылы өңдеуге қиындық 
туғызады.  Сонымен  қатар,  бір  мезгілде  бір  ғана  баланы  бақылауға 
болатындықтан,  тез  арада  көп  материал  жинап  алу  мүмкін  емес.  Бақылау 
кезінде ересектерге бала әрекетіне кірісуге, психикалық құбылысты тудыруына 
болмайды.   
Бақылаудың бірнеше түрі бар:  
- толық бақылау; 
- жартылай бақылау; 
- тікелей; 
- жанама.  
Толық  бақылау  барысында  барлық  психикалық  көріністер  зерттеледі, 
жартылай бақылауда тек бір психикалық дамудың бір түрі ғана қарастырылады. 
Тікелей бақылау кезінде зерттеуші өзі қатысады, балалармен  қарым-қатынасқа 
түсе алады, ал жанама бақылау сырттай бақылау арқылы жүргізіледі. 
Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  психикалық  дамуын  зерттеудің  тағы  бір 
әдісі эксперимент болып табылады. Эксперименттің бірнеше түрі бар: 
- лабораториялық; 
- табиғи; 
- анықтаушы; 
- қалыптастырушы. 
Лабораториялық  эксперимент  кезінде  табиғи  ортаға  сәйкес  келетіндей 
жағдай  жасалады.  Табиғи  эксперимент  психикалық  көріністердің  процестің 
жүру  барысында  қаз  қалпында  көрінуімен  тиімді.  Анықтаушы  эксперимент 
оқыту мен тәрбиелеудің қарапайым жағдайындағы зерттелетін процестің даму 
деңгейін  анықтайды.  Қалыптастырушы  эксперимент  балалардың  бойында 
қандай  да  бір  психикалық  процесс,  сапа,  қасиеттерді  қалыптастыруға  жағдай 
жасайды.  
Эксперимент  жүргізу  барысында  баланың  психикасын  зерттеу  үшін 
арнайы жағдайлар жасалады. Бұл жағдайлар эксперимент жүргізу әдістемесіне 
сәйкес  зерттеу  мақсаты,  өткізілу  барысы,  мәліметтерді  өңдеу  өлшемдері  мен 
көрсеткіштерімен анықталады. Әдістемеде көрсетілген барлық нұсқаулар қатаң 


 

сақталады.  Сонымен  қатар,  балалардың  жас  ерекшеліктеріне  де  баса  назар 
аудару керек.  
Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  психикалық  дамуын  зерттеудің  бір 
әдісімен  ғана  анықтау  мүмкін  емес.  Сондықтан  зерттеу  барысында  бірнеше 
әдісті қолдану ғана тиімді нәтиже береді.  
Тәрбиешінің  кәсіби  педагогикалық  әрекетінің  функциясының  бірі  – 
гностикалық  функция.  Аталған  функция  тәрбиешіге  баланың  жеке,  тұлғалық 
және  жас  ерекшеліктерін  тану  арқылы  жеке  тұрғыдан  қарауды  қамтамасыз 
етеді. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мекемесінің тәрбиешісі баламен 
ұзақ уақыт (кейде бірнеше жылдар бойы) күнделікті қандай да бір әрекеттерді 
бірлесіп жасау арқылы, яғни оқыту және тәрбиелеу арқылы бала психикасының 
дамуы жайлы мәлімет жинақтайды. 
Тәрбиешінің  психологиялық  зерттеуі  практикалық  бағыттылығымен 
ерекшеленеді.  Олар  баланың  бойындағы  психикалық  даму  механизмінің 
көрінуін  нақты  бір  жағдайлар  барысында  бақылайды.  Демек,  тәрбиешінің 
баланы  зерттеуінің  мәні  олардың  мінез-құлықтарының  себептерін  түсіну, 
қабілеттерін  анықтау.  Сонымен  қатар,  осы  қабілеттерді  дамыту  үшін  жағдай 
жасау,  дұрыс  әдіс-тәсілдерді  таңдау  болып  табылады.  Тәрбиеші  баланың 
психикалық  дамуындағы  кемшіліктерді  дер  кезінде  тауып,  оларды  уақытында 
түзетіп  отыруы  тиіс.  Сөйтіп,  тәрбиешінің  зерттеушілік  іс-әрекеті  баланың 
дұрыс психикалық дамуына, оның тұлға ретінде қалыптасуына ықпалы зор. Бұл 
жағдайда  тәрбиеші  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  психикалық  даму 
ерекшеліктерін,  бала  дамуында  психиканың  қасиеттерінің  өзара  байланысын, 
баланың  әрбір  жас  ерекшелігіне  сәйкес  психикалық  даму  сабақтастығын  білу 
маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет